Слайд 1Тегтер бұлты (ағылш. tag cloud, wordle) - веб-сайттарда ярлык, санат
немесе қандай да бір мәтіндік мәліметтердің визуалды кейіпте бейнеленуі. Интернет
алқабында анықталған сөздірдің, терминдердің, атаулардың ескерілу, ізделу және веб-сайтқа айдайтын сілтену жиілігі сол сайттардың арнайы бөлігінде гиперсілтеме түрінде көрсетіледі. Көп жағдайда сайттағы навигация құралы (гиперсілтемелер арқылы) болып та қолданылады. Тег (сөз, термин немесе атау) неғұрлым жиі қолданылса, соғұрлым оның қаріп өлшемі ірі болады.
Слайд 3Атрибут (лат. attributio) - бір нәрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті,
заттың бөлінбес бөлшегі.[1]
1) тағайындалатын немесе алынып тасталатын айрықша файл сипаттамасы
(file attribute). Стандартты атрибуттар: тек қана оқылатын, жасырын, жүйелік және архивтік файлдар;
2) НТМL түріндегі гипермәтіндік құжаттың белгілеріндегі (tag) қосымша ақпарат, ол белгілер арқылы жасалған құрауышты анықтайды;
3) символдарды шығару тәсілін анықтайтын мәліметтер (character attribute);
4) кез келген объектіні сипаттайтын оның негізгі параметрлері: файл аты, типі, көлемі, жазылған мерзімі; сызықтың қалыңдығы, түсі; мәліметтер базасының өріс ұзындығы, және т.б.
Слайд 4
Тізімдердің (lіsts) НТМL тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың
тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады.
Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.
Слайд 5Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге
болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы
белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тегі қолданылады.