Слайд 1Абай Құнанбаев.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Слайд 3
Саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, ителгіге дуадақ
тепкізу, қақпан-тұзақ құру, лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке
алдыруы - ең сүйікті кәсіптерінің бірі болып саналады. Бұл бір жағынан ата дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады.
Саятшылық сыншылдыққа үйретеді. Саяшылық – серілік кәсіп, әрі спорт өнері.
Слайд 4Саятшылық өнері
Саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, ителгіге
дуадақ тепкізу, қақпан-тұзақ құру, лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды
бүркітке алдыруы - ең сүйікті кәсіптерінің бірі болып саналады. Бұл бір жағынан ата дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады.
Саятшылық сыншылдыққа үйретеді. Саяшылық – серілік кәсіп, әрі спорт өнері.
Слайд 5Бүркітті баптау, аңға салу
Бүркіт тауларда мекендейді. Құсбегілер оларды “ой құсы”,
“қыр құсы”, “таулы жердің құсы” деп атайды. Бүркіт аңға үш
түрлі түседі. Бірі – шаншыла, екіншісі – сыпыра, үшіншісі – іліп түседі.
Бүркітті баптап қолға үйретудің бір шарты олардың қажетті мүліктерінің болуы.
Олар: “томаға”, “тұғыр”, “балақ-бау”, “биялай”, “балдақ” т,б.
Слайд 6Қансонар
Қансонар – жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ, бұл
кезде аңның ізі айқын көрінеді.
Қансонар – аң аулауға ең
қолайлы мерзім. Қар жұқа. Сол үшін аңшылар қансонарды күтіп, пайдаланып қалуға тырысады.
Слайд 7Тұрғышылар – бүркітті биік, көрнекті жерде ұстап тұрушылар.
Қағушылар – аң
жүретін жерді тінте, сүзіп қараушылар.
Ізшілер – аңның ізіне түсіп,
бойын көрушілер.
Тосқауылшылар – қашқан аңды ін, қорымнан, таулы-тасты жерлерден жолын тосушылар.
Бақыршы – қоста қалып, ас әзірлеушілер, аң союшылар.
Слайд 8Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат
пен тату жолдас - бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы
адамға.
Слайд 9Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен
ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқан қағып шықса
аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң, құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
Ол да талас қылады шыбын жанға.
Слайд 10
Қырық пышақпен қыржындап тұрған түлкі
О дағы осал жау емес,
қыран паңға.
Сегіз найза қолында көз аудармай,
Батыр да аял
қылмайды ертең таңға.
Слайд 11Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Слайд 12Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып,
қызыл қанға.
Слайд 13Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,
Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға...
Слайд 14
Құсы да, иесі де қоразданар,
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.
Слайд 16"Үйірімен үш тоғыз" деп жымыңдап,
Жасы үлкені жанына байланғанда.
Слайд 17Өлеңнің өзіне тән басты ерекшеліктері:
Өлең басынан аяғына дейін, тіпті, әр
жолы жанды суреттердің, яғни динамикалық суреттердің көз алдыңда кино лентасындай
жүріп жататын қасиеті. Ақынның ақындық мәдениеті аса жетілген суреткер екендігі.
Слайд 18Табиғат адамдардың іс-әрекеті, аңшылықтың өзіне ғана тән құмарлы қызғылықты сәттерімен
тұтаса келіп, жанды көрініс, ғажайып полотнодай әсер беруі.
Слайд 19Ақынның қазақ сахарасы, қансонар қызығы, саятшылықтың өзіне тән ерекшелігін қазақи
шындықпен беру. Ақынның жазу, суреттеу мәдениеті, сөз қолданысы, поэтикалық тілінің
бай оралымдары, классик, реалист дәрежесінде көрінуі, әлем әдебиетімен иықтасса да буы бұрқырап тұрған ұлттық нәрі, қазақтың ұлттық мінез-құлқының іс-әрекеттері, аң аулау машықтары, психологиясының шынайы түрде дөп басып жырлану қасиеті.
Слайд 20Пейзаждың, табиғат көрінісінің, яғни аппақ қар басқан сахара, қансонар күнгі
қазақ даласы, тау, түлкі, бүркіт сипаттарының шығыс поэзиясындағыдай бұлыңғыр, тұманды
кейіпте көрінбей, дәл де шыншыл қалыпта берілуі.
Слайд 21Ақын қансонар табиғатын, аңшылықтың қыр-сырын, адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл-күйлерін жырлағанда, өз
сезімі, толғанысы, өз жүрек лүпілін бай беруі, өлеңде ол сезімнің
үдеп, дамып, аңшылықтың құмарлы іс-әрекеттерімен астасып, тартысып, ұлғая түсуі. Тұжырымдай айтқанда, өз сезімін аңшылыр көңіл-күйі, іс-әрекеттерімен тұтастырып жіберуі. Осының бәрін сонар күнгі табиғат аясымен де ұштастыруы.
Слайд 22Өлең композициясының ширақтығы, беріктігі:
Бүркітшінің қансонарда аңға шығуы.
Жақсы ат, ықшам киім,
тату жолдастың аңшылық үшін керектігі.
Бүркітші мен қағушының суреттелінуі.
Қыранның ізді шолуы,
қашқан түлкі сипаты.
Шыбын жан үшін соғыс, оның ғажап көрінісі.
Қыранның жеңісі, аңшының, оның айналасындағылардың көңіл –күйі.
Ақын сезімі, аңшылықты дәріптеуі, жігіттерге айтар назы.
Слайд 23Ақын сөздігінің байлығы, айқындылығы:
Табиғаттың, түлкі мен бүркіт айқасының “қаса сұлу
шомылғандай” динамикалық суретте сипатталынуы. “Қар –аппақ, бүркіт – қара, түлкі
– қызыл” сияқты шендестірулер, метафора, эпитеттер байлығы.
Аңшылықтың өзіне ғана байланысты “меншікті сөздердің” дәл пайдаланылуы. “Сонар”, “қағушы”, “қайтқан із” т.б.
Слайд 24Өлеңнің маңызы.
“Шапсаң жүйрік, мінсең жайсаң”, “желсең мықты” ер жігіттің
сенімді серігі – ат сыны, бағасының берілуі. Ақынның тіршілікті, дүниені
жан-жақты білуі, танымы.