Слайд 1Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту
Слайд 2
Қазақ тілінің фонетикасын оқытудың мақсаты:
Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының
негізінде оқушыларға тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің
дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.
Оқытудың міндеттері:
фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;
қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;
тіл дыбыстарын игерту;
дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;
дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлермен таныстыру;
орфография принциптерімен таныстыру;
қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру.
Оқушылар білуі тиіс:
Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажырата білу керек;
Дауысты , дауыссыз дыбыстардың жіктелісін білуі тиіс;
Буын, екпін түрлерін білуі керек;
Дыбыстардың өзгерістерін білуі қажет;
Графика, орфографияның негізгі мәселелерін білуі керек.
Оқушылар істей білуі тиіс:
Дыбыстарға анализ жасау кезінде оқушы фонетикалық терминдердің мазмұнын міндетті түрде ойлап, түсініп қолдана алуы қажет;
Фонетикалық, графикалық, орфографиялық материалдарды жүйелі түрде талдап, қорытындылай білу;
Фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық талдау жасай білу.
Слайд 3ФОНЕТИКА (дыбыс – грек сөзі)
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл
білімінің саласы.
ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП
Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты
айтады және естиді.
Әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді.
Алфавит – грек сөзі
Әліпби – араб сөзі
Қазақ тіліндегі дыбыстар: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ы,і,э - 37
Қазақ әліпбиіндегі әріптер: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ё,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ь,ы,і,ъ,э,ю,я – 42
Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә, ө, і, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ, (ы) – 10 (9)
Слайд 4Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды
дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
Слайд 5Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай
өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді.
1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х,
п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Сөйлегенде ауа кедергімен шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Слайд 6
Буын - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы:
қа-ла-мыз-дa, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.
Слайд 7Буынға тән негізгі белгілер:
Буын болу үшін оның құрамында дауысты
дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық
болмауы тиіс.Сонда сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болады.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес.
Қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.
Қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), кереует (кровать), үстел (стол), тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, стратегия т.б.
Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.
Слайд 81) Ашық буын. Бір дауысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан
басталып, дауыстыға келіп біткен буынды ашық буын дейміз. Мысалы: а
–(нық), ә –(кел), ө –(рік), ы –(дыс), ү –(шеу), и –(мек) дегендердің бас буындары да, ат –қа, ат –ты үй –ді деген сөздердің екінші буындары да –ашық буындар. А –ға, а –на, і –ні, ә –ке деген сөздердің басқы буындары да, соңғылары да ашық буын. Сөйтіп: а) дауысты дыбыстың жалғыз өзі тұрып –ақ ашық буын бола алады; ә) қатарынан келген екі дыбыстың алдыңғысыдауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын бола алады.
2) Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға келіп біткен буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: ат, ән, ор, өт, ұн, ай, үн деген сөздер де, ант, өрт, ұлт деген сөздер де –тұйық буындар. Бұл буындардың алғашқы дыбысы дауысты, одан соңғы бір не екі дыбысы дауыссыз болып тұр. Сөйтіп: а) екі дыбысты, ә) үш дыбысты тұйық буын болады. Тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің, көбінесе, басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ой –мақ, ал, ал –мақ, өрт, өрт –ке.
3) Бітеу буын. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын дейміз. Мысалы: мал, сом, төс, құс, қыс, бұл, тіс, қант, қарт секілді сөздер бітеу буын болады. Өйткені бұл буындардың басқы дыбысы да, соңғы дыбысы да –дауыссыз. Бітеу буын қазақ сөздерінде: а) үш дыбысты да, ә) төрт дыбысты да болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады.
Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, ортсында да, соңында да кездесе береді. Мысалы: бір, тарт, бір –лік- тің, тарт –(па), (ақ) –тарт т.б.
Слайд 9Тасымал
Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я
бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздің соңғы буындары
дефис (-) арқылы төмендегі тәртіп бойынша тасымалданады.
1. Екі я одан көп буынды сөздер буын жігімен тасымалданады. Мысалы: Рес-пуб-ли-ка-мыз-да, құр-мет-ті, әке-лік т. б.
2. Бір ғана дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңына қалдыруға да, жаңа жолға тасымалдауға да болмайды. Мысалы: өзі-міз-ге (ө-зімізге емес), ара (а-ра емес), аю (а-ю емес) т. б
3. Екі дауысты дыбыстың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, (жау-ап емес), қа-йың (қай-ың емес), са-уын (сау-ын емес), ке-йін (кей-ін емес) т. б.
Слайд 10ЕКПІН
Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде
екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы
буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпін түспейтін буындар
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.
3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.
4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.
Слайд 11Қазақ тілі сабағында тапқырлық ойындарды қолдану арқылы фонетиканы меңгерту.
Қазақ тілін
дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
1.
Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;
2. Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
4. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
5. Дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
7. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.
Слайд 12«АДАСҚАҚ» ойыны
Жіңішке дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жуан дауыстылар: ә,
е, ө, ү, і, и.
Еріндік дауыстылар: а, ә, о, ө,
е.
Езулік дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Ашық дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Қысаң дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
Қатаң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
Ұяң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
Слайд 13«АДАСҚАҚ» ойыны
(жауабы)
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке дауыстылар: ә,
е, ө, ү, і, и.
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө,
е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
Слайд 14Балалар, сендердің алдарыңда 20 сұрақ тұр. Бұл сұрақтарға иә
не жоқ деп жауап бересіңдер. Дұрыс емес жауапты сызып тастаңдар.
1.
Өкпеден шыққан ауаның кедергімен шығуынан дауыссыз жасала ма?
Иә Жоқ
2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай төртке бөліне ме?
Иә Жоқ
3. Үшке бөліне ме?
Иә Жоқ
4. б, в, г, ғ дыбыстары үнді дауыссыз дыбысқа жата ма?
Иә Жоқ
5. Ұяң дауыссыз дыбыстарға жата ма?
Иә Жоқ
6. "Темірқазық" сөзінде 3 қатаң, 2 үнді, 2 ұяң дыбыс бар ма?
Иә Жоқ
7. Үнді дауыссыздар деп - үн мен
салдырдың қатысынан жасалған бірақ үн басым дыбыстарды айтамыз ба?
Иә Жоқ
8. "Кітапқұмар Қаһарман" сөз тіркесінде тоғыз дауыссыз дыбыс бар ма?
Иә Жоқ
9. р, л, м, н дыбыстары ұяң дауыссыздарға жата ма?
Иә Жоқ
10. т, с, қ дыбыстары қатаң дауыссыз дыбыстарға жата ма?
Иә Жоқ
11. Буынның төрт түрі бар ма?
Иә Жоқ
12. Аға сөзі ашық буын ба?
Иә Жоқ
13. Қарт сөзі тұйық буын ба?
14.Кітапхана сөзінде 5 буын бар ма?
Иә Жоқ
15. Буын саны дауыссыз дыбысқа байланысты ма?
Иә Жоқ
Слайд 15«Қай буынды жоғалттым ?» ойыны.
5 сыныпта буындарды өтіп, сөздерді дұрыс
бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тсілін пайдалануға болады. Мысалы: қалам,
мектеп, досым сөздеріндегі қа... , ... теп, дос... жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң, әрі көп тапқан оқушылар ұтады. Бұл ойынды интерактивті тақтада өткізген әсерлі, әрі тиімді болып табылады.
Екінші буыным қайда?
Адасқан әріптерді орнына қой, буын түрлерін ажырат.
А) н м ә д и е т е = мәдениет
Ә) т л е д и р е д а= теледидар
Б) ж р а п ы қ а = жапырақ
В) б а о т а н қ = ботақан
Грамматикалық ойын «Сөз ойла,тез ойла»
Аға,бала,қала - ........ буын
Ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант - ....... буын
Тал,төрт,бар,жаз,қант,кент - ....... буын
Слайд 16Сөздерді буынға бөл.
Буын түрлерін айт.
жүгері
cызғыш
кітап
есік
жылқы
әтеш
Слайд 17Сөздерді буынға бөл.
балық
жапалақ
балықшы
сағат
піл
телефон
Слайд 18Сөздерді буынға бөл.
Буын санын анықта
сәбіз
құлып
шырағдан
арыстан
гүл
машина
Слайд 19а
б
қ
л
а
аа
а
л
л
л
а
о
қ
а
д
Сөзді тап. Буын түрін анықта
Слайд 20а
қ
а
б
а
а
а
а
б
б
ж
т
а
б
л
а
Сөз құрастыр. Буын түрін анықта
Слайд 21Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз-оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын,
ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын
жұмыстар жүйесі.
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
ІІ деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөл.
Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.
Слайд 22«Сатылай кешенді» технологиясы. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауға
және сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Пәнаралық байланыс жасап,сабақты жаңа қырынан
ашып, оқушыны жалықтырмай жаңа білім игерілуіне мүмкіндік туғызады.
Сөз
1. Айтылу,жасалу жолдарына :
жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер
2.Буын:а) ашық (а.б)
ә) тұйық (т.б.)
б) бітеу (б.б.)
3. а.б. (ә-же, а-та)
4. т.б. (ұл, ат)
5. б.б.( күн, жер)
Слайд 23
Әр оқушымен сатылай жұмыстар жүргізіледі.
1.Шартты
белгілерімен таныстыру.
Шартты белгілер:
O –
жалпы дыбыс
- дауысты дыбыс
- дауыссыз дыбыс
Ø –жоқ деген
белгі
2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
Берілгені: Халықтармен сөзінде қанша дыбыс, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?
Халықтармен = қанша дыбыс бар?= нешеуі ++ нешеуі
=?
Берілгені: Халықтармен =О=
Шешуі: Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.
+
=
?
Оның төртеуі,олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады.
Жетеуі, олар х , л , қ , т , р , м , н дауыссыз дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
Шешуі:
Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х ,л , қ , т , р , м , н)
Слайд 24Буынның түрлерімен таныстыру.
Буынның түрлері:
Ашық буын
Тұйық буын Бітеу буын
а-та аң тас
ә-ке ай көл
бо-та ұлт дәп-тер ә-же өрт қарт
-
Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып,дауысты дыбыспен аяталады.
Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз үнді немесе қатаң дыбыспен аяталады.
Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып,дауыссызбен аяқталады.
Формуласы:
А: дауысты = дауыссыз + дауысты
Т: дауысты + дауыссыз
Б: дауыссыз + дауысты+ дауыссыз
Слайд 25Ал,сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп
алдыруға болады.
С-саналы,
К –келешегіміз
А-азамат, Е - ертеніміз
Т-тәртіпті, Ш -шыныққан
Ы-ырысты, Е –елдің
Л-лайықты, Н -намысты
А-арманшыл, Д -достықты
Й-инабатты «й». І-ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере алатын азамат,тұлға тәрбиелеуге ,сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға болады.
Слайд 26Фонетикалық жаттығулар
Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды
айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір оқушылардың тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі, кейбір дыбысты қалдырып кетуі, немесе «с» мен «ш» , «р» мен «л», «ж» мен «з» дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді.
Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.
Оқу материалдарында, шәкірттердің жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырылады. Бұған қоса тілімізге басқа тілден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Слайд 27Фонетикалық талдау
Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына
ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да
талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.
Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.
Тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы- сатылай комплексті талдау. Талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен әдеби тіл нормасын үйретіп, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, тілден алған білімдерн басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал етіп, білім беру үстінде пән мен пәнді байласныстыра меңгеріп, өз беттерінше іздеп біліп, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Өтілген тілдік материалды оқушылардың түсінігіне балап, одан сапалы және терењ білім алу үшін және өтілген материалды тиянақты меңгеріп, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін де сатылай комплексті талдаудың маңызы зор. Сатылы комплексті талдауды жүргізуде басшылыққа тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастыратын сызба басшылыққа алынып, тілдің әрбір саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүйемен беріледі. Сызба осы жүйені негізге ала отырып, сатылай жасалған оқулықта берілген материалдар оңайдан қиынға, жеңілден ауырға деген оқыту принципіне негізделсе, сызба да осы принципті басшылыққа алады
Слайд 28Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер
Слайд 30Тіл білімі салаларын сатылай, комплексті талдаудың жүйесі
Фонетикалық талдау: объектісі -
сөз, дыбыс
1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз
2. буын, оның т.үрі
а)
ашық буын (а.б)
ә) тұйық буын (т.б.)
б) бітеу буын (б.б)
3. тасымал
4. екпін
5.буын
6. дыбыс үндестігі
а) ілгерінді ықпал
ә) кейінді ықпал
Слайд 32Фонетика бойынша міндетті деңгейде игерілуі тиіс білім-біліктер мынадай:
- фонетиканың тіл
дыбыстарын зерттейтін сала екенін білу;
- фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата алу
және орынды қолдана білу;
- дыбыс пен әріптің бірлігі мен айырмашылық арақатынасын білу;
- сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін ажырату;
- сингармониз (ілгерінді, кейінді ықпалдар) туралы білімдерін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;
- қазақ әліпбиінің құрамын, ретін білу;
- сөздерді орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай айта және жаза білу;
- тіл дыбыстарының сөз мағынасы мен қарым-қатынасын білу;
- буын түрлерін ажырата алу;
-екпіннің қазақ тіліндегі ерекшелігін тану;
-лексикографиялық сөздіктердің түрлерін білу және олармен жұмыс істей алу.