Слайд 1Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
“Темір жалпы орта мектеп” мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жаңабай Ақтолқын Сатыбалдықызы
Слайд 2Көнерген сөздер
5-сынып
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер
көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздердің мағанасы бірте – бірте
солғындап жоғала бастайды. Олар тек тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығармаларда ғана сол кезеңнің бейнесін көрсету мақсатында қолданылады.
Слайд 3 Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Тарихи
сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген
тарихи атаулар.Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға, сұлтан т.б. Қазір пайдаланылмайтын қару – жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза т.б. Кеңес дәуірі тұсында қолданыдлған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, т.б. сөздер жатады.
Слайд 42. Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана,
әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып
отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы т.б. Әдет ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта тағы басқа үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс-аяқ атаулары: лашық, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже т.б. сөздер жатады.
Слайд 5Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы кеңес
дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (иман, мешіт, ораза,
айт, пітір, құран т.б.) бұрынғы жыл атаулары (барыс, жылқы, қоян, ұлу т.б.) ай атаулары (наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.
Слайд 7 2. Мағынаны тану
Садақ, жебе, қорамсақ, отарба, лашық,
уәзір деген сөздер қазіргі қолданыста бар ма?
Слайд 11Оқулықпен жұмыс
150 – жаттығу. Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды
бір бөлек, мүлде қолданылмайтын сөздерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Слайд 12Оқулықпен жұмыс
151 – жаттығу. Мына мақалдардағы көнерген сөздерді
теріп жазып мағынасын ашыңдар.
Слайд 14БІЛІМДІ БЕКІТУ
1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
2.Қандай
көнерген сөздерді білесіңдер ?
Слайд 15БАҒАЛАУ
Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады
Слайд 16Үйге тапсырма
152 және 154 -жаттығулар.
Мәтінді көшіріп жазып,ішінен көнерген сөздерді тауып келуге беремін.