Ә, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім,
Сайрашы сынайын мен өзім
естіп.
Бұл кезде жұрт сөзіне сенім бар ма,
Сыпыртып айтқанының бәрі – өсек.
Аямай біліміңді паш айлашы,
Тыңдайын мейірім қанып болса несіп.
Сандуғаш сол арада әнге басты,
Жаңғыртып кетті даусы күллі ағаштың.
Білімін құдай ерген аясын ба,
Мың түрлі құйқылжытып лебіз шашты.
Даусын кейде көтеріп, кейде созып,
Тыңдатуға ләззатты үнін шашаты.
Құс біткен сайрап жатқан ормандағы
Бәрі де құлақ салып құп тыңдасты.
Аң біткен маңындағы тұра қалып,
Елтісіп тұрды әніне құлақ салып.
Аузынан сорғалатып сілекейін,
Есек те тыңдап тұрды ғажаптанып
Сол кездесоғып тұрған жел де тынып,
Ешбір жан бүлк етпеді тамаша ғып,
Бұлбұлдың қызған сайын басып жатыр,
Сырнайдың даусындай үні шығып.
Бір ашып батыр бұлбұл әнге салды,
Елтітіпмаңындағы күллі жанды,
Бір кісі қойда жүрген баласымен,
Мас болып, олар-дағы ұйықтап қалды.
Наданға еткен қызмет кетер текке,
Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе,
Соқтырып әрлі-берлі сандуғашым,
Тоқтады ұнады ғой деп есекке.
Көтеріп ақымақ есек жерден басын:
-Жарайды, ұнайды,-деді,- сандуғашым,
Жалықпай тыңдауға да болады екен,
Азырақ кемдігі бар, неғыласың!
Жоқ па еді әтешпенен таныстығың?
Кем қылып сайрамаушы ед, ол да сенен.
Болмайды жамандауға сені-дағы,
Даусың болса-дағы мысқал төмен.
Айтамын достығымды құлақ салсаң,
Кешікпей бұған шығып әтеш барсаң,
Бұдан да артығырақ соғар едің,
Егер де сол құстан бір ғибрат алсаң.
Осылай есек тұрды жынын құсып,
Білімді жетік мақтауы сол, надан күшік,
Бұл итті құдай енді кез қылма деп,
Сандуғаш көтеріліп кетті ұшып.