Слайд 1Тақырыбы:
Арифметикалық есептер.
Слайд 2Мақсаты:
1. Есептің мазмұнын түсініп, өзіндік талдау жасау арқылы, шығаруға үйрету.
2.
Математика пәнінің өмірге қажеттілігін түсіндіру арқылы, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3. Төзімділікке,
шыдамдылыққа, сабырлылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, стикерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
* сәлемдесу
* кезекшімен сұхбат
* оқу құралдарын түгендеу
* сабақ барысымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру:
* есептерін дәптерлерінен тексеру
Слайд 4Оқушыларды сабаққа тарту:
- күнделікті өмірде қандай
сұраққа ешқашан жауап бере алмайсың?
- егер сағат
түнгі 12-де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе?
- барлығы уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл мен сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе?
- екі адам кетіп бара жатып, 2 шеге тауып алды. Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алды.
- аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
Слайд 5Жаңа сабақ
Арифметика - математиканың алғашқы қадамы, кәусар
бұлағы.
Есепті арифметика амалдарымен шығару - адамның ой-өрісін,
ойлау, талдау
қабілетін дамытады.
Есептің көбін бірнеше тәсілмен шығаруға болады, тек алгебралық жолмен (теңдеу құрып шығармау керек) емес. Онда ол Арифметика емес!
Слайд 6Мысалы:
Қарбыз 4,8 кг, қауын 3 есе жеңіл. 2 қауын мен
1 қарбыз қанша тартады?
Слайд 7Шешуі:
1) Қауынның салмағы қандай?
2) Екі қауынның салмағы қандай?
3) 2қауын мен
1 қарбыздың салмағы қандай?
4,8:3=1,6 кг
2*1,6=3,2кг
3,2+4,8=8 кг
Слайд 8
Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық.
Екеуінде неше асық бар?
1-есеп
Слайд 9Шешуі:
1) Ағасының неше асығы бар?
2)Екеуінде неше асық бар?
14+5=19
14+19=33
Слайд 102-есеп:
Қалам 8 теңге тұрады, кітап одан 4 есе қымбат. 3
қалам мен 1 кітап қанша тұрады?
Слайд 11
Шешуі:
1) Кітап қанша
тұрады?
2) Үш қалам қанша тұрады?
3) Барлығы қанша
тұрады?
8*4=32 тг
8*3=24 тг
32+24=56тг
Слайд 123-есеп
6 үштеңгелік, қалғандары бестеңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың
нешеуі бестеңгелік?
Слайд 13
Шешуі:
Үштеңгелік неше теңге
бар?
Бестеңгеліктен неше
теңге қалды?
3)Бестеңгелік нешеу?
3*6=18 тг
38-18=20тг
20:5=4
бестг
Слайд 14
4- есеп
Белгілі бір жұмысты орындағаны үшін 5 адам 3600
теңгеден жалақы алды. Осы жұмысты 3 адам орындап шықса неше
теңгеден алар еді?
Слайд 15
Шешуі:
1) Жұмыс неше теңгеге
орындалады?
2)Үш адам істесе, неше
теңгеден
алар еді?
3600*5=18000тг
18000:3=6000 тг
Слайд 16
5-есеп
12 кг ирис пен 10 кг карамель конфеттері араластырылды. Бір
кг ирис 215 теңге тұрады. Ал араласқан конфеттің 1 кг
200 тг, 1 кг карамель қанша тұрады?
Слайд 17ШешуІ:
Барлығы неше кг конфет алынды? 12+10=22 кг
Конфеттің барлығы қанша
тұрады? 200*22=4400 тг
Ириске қанша төлеу керек? 215*12=2580 тг
Карамельге қанша төлеу
керек? 4400-2580=1820
Бір кг карамель қанша тұрады? 1820:10=182тг
Слайд 186-есеп
2,4 кг май 600 теңге тұрады. 1000 теңгеге
қанша май келеді?
Слайд 19Шешуі:
1кг май қанша тұрады? 600:2,4=250 тг
1000 теңгеге
қанша май келеді? 1000:250=4 кг
Слайд 207-есеп
3 кг алма мен 2 кг өрік 96
теңге тұрады. Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан.
Алма мен өріктің бағалары қандай?
Слайд 21ШешуІ:
3 кг алмаға қанша артық төленді? 2*3=6
Тек өрікке:
96-6=90тг
Қанша өрік алуға болады? 3+2=5
1 кг өрік: 90:5
=18 тг
1 кг алма: 18+2=20 тг
Слайд 228-есеп
Арыстанның 13 асығы, Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей
болу үшін Алмат неше асығын беру керек?
Слайд 23Шешуі:
Екеуінде бірдей болу үшін, сол 6 асықты екіге бөлу керек.
3 асық берсе, екеуінде 16 асықтан болады.
Слайд 249-есеп
Айгүлдің Құралайдан 10 дәптері артық. Айгүл Құралайға 4 дәптер
берсе, кімнің дәптері және қаншаға көп болар еді?
Слайд 25Шешуі:
Айгүлден 4 дәптер алсақ, оның әлі 6 дәптері артық болар
еді?
Енді сол 4 дәптерді Құралайға берсе,дәптері көбейіп, Айгүлдің дәптерінен
2 дәптері ғана кем болады.
Слайд 2610-есеп
Ақша не 10 кг күрішке, не 30 кг картопқа жетеді.
Күріштен 7 кг алса, қалған ақшаға қанша картоп түседі?
Слайд 27Шешуі:
Неше кг күріш алынбай қалды? 10-7=3 кг
Әр кг күрішке неше
кг картоп алуға болады? 30:10=3 кг
3 кг күріштің орнына
неше кг картоп алуға болады? 3*3=9 кг
Слайд 28
5. Қорытындылау:
Арифметика деген не?
Арифметикалық есептерді
қалай шығарамыз?
6. Кері
байланыс:
«Екі жұлдыз, бір тілек»
7. Үйге: есеп шығару