болады, әртүрлі сұрақтар қою арқылы танымдық қызығушылығы белсенді болады. Төрт
жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып,
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып, жауап беруге үйрету.
Жобаның тұсаукесері: