Разделы презентаций


"?ыз ?мірді? г?лі" ?неге са?аты

Қазақ халқының тәрбиесі Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе» деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына да баса назар аударып, дене

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚЫЗ- ӨМІРДІҢ ГҮЛІ
(өнеге сағаты)

ҚЫЗ-  ӨМІРДІҢ ГҮЛІ(өнеге сағаты)

Слайд 2Қазақ халқының тәрбиесі
Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты

орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе»

деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына да баса назар аударып, дене мүшелерінің сымбатты болуын қадағалаған. Аналар қыздары жеті жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған. Он екіге толғанда жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бойжетеді.  Шолпы, шаш бау, маржан моншақ бағалы заттар қыз көркіне көрік қосумен қатар, қыз баланың жан сезімін сұлулыққа бөлейді. Қимыл қозғалысын, қылығын әсемдікке дағдыландырады. Мысалы; Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтары салдырлап жағымсыз дыбыс шығарып, оқыс қылығын дереу қойған. Епті қимыл, әдемі жүрісте шолпы, моншақ сыңғырлап, қыз әсемдігін ерекшелендіре түседі. Шолпы, білезік, сақина сияқты сәндік бұйымдары көбіне ақ күмістен жасалынған. Халық ұғымында ақ күміс адалдықтың, бақыт байлықтың символы ретінде бағаланған.

Қазақ халқының тәрбиесі	Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды

Слайд 4"Қызға қырық үйден тыйым"


Слайд 51. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыжындап сөйлеуге
4. Орынсыз

ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, суман қылыққа
8.

Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10. Шалқайып жатуға
11. Тамақты обырлана асауға
12. Ұрлық- қорлыққа
13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14. Бұраңдап қылымсуға
15. Қызыл іңірде жатуға
16. Түске дейін ұйықтауға
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға
18. Салт- дәстүрден аттауға
19. Елді ғайбаттауға
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға


1. Жарыса сөйлеуге2. Жалғыз қыдыруға3. Жыртақтап күліп, сыжындап сөйлеуге4. Орынсыз ұрынуға5. Басқаларға қол тигізуге6. Өтірік, өсекке7. Суық

Слайд 621. Ішімдік пен шегімдікке
22. Ұрыс- керіске
23. Беттен алып, төске шабуға
24.

Қараулыққа, ысырапқа
25. Рахымсыздық пен қатігездікке
26. Түнде суға жалғыз баруға
27. Жат

жыныстылармен араласып жатуға
28. Куйеуге қашып тиюге
29. Әдепсіз сөзге
30. Тарс- тұрс етуге
31. Адам мен жануарларды тебуге
32. Кісіні қорлап жәбірлеуге
33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға
34. Айғай сүреңге
35. Шектен тыс сыланып жасануға
36. Қызғаншақтық пен күншілдікке
37. Менмендік пен өзімшілдікке
38. Алдап- арбауға
39. Көрсеқызарлыққа
40. Нәпсі құмарлыққа


21. Ішімдік пен шегімдікке22. Ұрыс- керіске23. Беттен алып, төске шабуға24. Қараулыққа, ысырапқа25. Рахымсыздық пен қатігездікке26. Түнде суға

Слайд 7Халық арасында қызды
ажарына қарай
жетіге бөлген


Әдемі қыз
Баппен сөйлеп, биязы

күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұрады


Көрікті қыз
Істі үйіріп,сөйлесе

бұйырып, Баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын қыз


Шырайлы қыз
Көз жанары өткір, бет-әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр


Ару қыз
Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, Сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы


Ажарлы қыз
Дене бітімі жинақы, тығыршық, Сөзі салмақты, ісі тиянақты


Әсем қыз
Жүзі жылы,өзі ұяң,жаны нәзік


Сұлу қыз
Сөзі өткір,өзі пысық,
Өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-
күймейтін,келбетті

Халық арасында қызды ажарына қарай жетіге бөлгенӘдемі қызБаппен сөйлеп, биязы күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұрады

Слайд 81. Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
2. Қырсыққан қыз

бай таппас,
Қырсыз жігіт мал таппас.
3. Қызға бергенді
Қыдыр өтер.
4. Қыздың

құны
қырық жеті.
5.  Қыз ұзатқанның
қызылы қалмас.
6. Шыққан қыз
шиден әрі.
7. Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
8. Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,
Алты жастан жинасаң асады.
9. Жасауы көп келіннің
күйеуі жуас.
10. Ауру - астан,
Дау – қарындастан.

1. Ақылды қыз білімге жүгірер,Ақылсыз қыз сөзге ілігер.2. Қырсыққан қыз бай таппас,Қырсыз жігіт мал таппас.3. Қызға бергенді

Слайд 9ҚЫЗ ЖІБЕКТІҢ ДИДАРЫ

ҚЫЗ ЖІБЕКТІҢ ДИДАРЫ

Слайд 10Қыз Жібектің дидары -
Қоғалы көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң -
Нұр қызының

шырағы,
Дүри гауһар сырғасын,
Көтере алмай тұр құлағы,
Бой нұсқасын қарасаң
Бектер мінген пырағы.
Қыз

Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,


Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай,
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай.
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей.
Нұр тұқымын еккендей,
Екі ауыз сөз сөйлескен
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл Жібектің
Өлігіне адам қайырылып
Бетінен келіп өпкендей.

Қыз Жібектің дидары -Қоғалы көлдің құрағы,Көз сипатын қарасаң -Нұр қызының шырағы,Дүри гауһар сырғасын,Көтере алмай тұр құлағы,Бой нұсқасын

Слайд 12 Қыздарға арналған кеңестер:
1.

Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы

болады. 
2. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық – шашық жерді көбейтпей жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды. 
3. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағыңды жоясың. 
4. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.
5. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ. Жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.
6. «Сөз атасы – сәлем» демекші, сәлеміңізді барынша ізетпен көрсетіп, ұяңдық сақтағаныңыз дұрыс.
Қыздарға арналған кеңестер:1. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның

Слайд 13ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорытындылай келе қыздарымызға айтарым: Кез келген көргеніне еліктемей қазақ

қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді

жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болыңдар.
Ата- анаға сөз келтірмей, ананың мақтанышы, тәртібіңмен, өнеріңмен ұлтынның намысын қорғайтын қыздар болыңдар.

ҚОРЫТЫНДЫ	Сонымен, қорытындылай келе қыздарымызға айтарым: Кез келген көргеніне еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп, үлкеннен өнеге

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика