Разделы презентаций


Ғабит Мүсірепов

Содержание

ӨмірбаяныМүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

Слайд 2Өмірбаяны
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985)

– қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазақ

КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы
ӨмірбаяныМүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет

Слайд 3Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (),

КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты 

Ғабит

Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (), КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР

Слайд 4
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі,

ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы

болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.

Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет

Слайд 5Шығармашылығы
Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің

тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған

толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды.
ШығармашылығыАлғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында

Слайд 6
“Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық,

юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды[1]..

М.

әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
“Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын

Слайд 7
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық

бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып,

әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел –

Слайд 8Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры”

деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж.

қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды.
Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп,

Слайд 9
Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941

– 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына

ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.
Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес

Слайд 10
Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен

үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық сонылығымен

ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. 
Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның “Уақыт іздері” (1977) атты

Слайд 11Қоғам және мемлекет қайраткері
Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932

жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың

басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі.
Қоғам және мемлекет қайраткеріМүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен

Слайд 12Марапттары
"Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР

Мемлекеттік сыйлығын алды.
"Жат қолында" романы 1984 жылы ұсынылды.
Қазақстан Мемл. сыйл.

(1970),
Қазақстан Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977) алды.
3 мәрте Ленин(1962, 1972, 1974),
2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1957),
“Халықтар достығы” (1982) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға,
Астана қаласындағы көшелердің біріне Мүсірепов есімі берілді.
Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002).
2002 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
Марапттары

Слайд 13
Ғабит Мүсірепов мұражайы

Ғабит Мүсірепов мұражайы

Слайд 15Ғабит Мүсірепов ескерткіші

Ғабит Мүсірепов ескерткіші

Слайд 16Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика