үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру. Ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Өз
денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, ал сана- сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!
Кенеттен , сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз. Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі. Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап ұстап көресіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға..., екінші қабырғаға...., үшінші қабырғаға...., төртінші қабырғаның соңына сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз да, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз.... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін.... . енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.
4.Релаксациялық жаттығу. «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау»