Слайд 2Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте
қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта
Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық
мәдениетіміз.
Слайд 3КИІМ ТҮРЛЕРІ
БАС КИІМ
АЯҚ КИІМ
СЫРТ КИІМ
ТОЙ КИІМ
Слайд 4БАС КИІМДЕР
Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалы
аң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық
және қыстық түрлері болады.
Слайд 5Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ.
Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де,
сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
Слайд 6
Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік,
сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік,
т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .[2]
Слайд 8Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі,
тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге,
моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Слайд 10АЯҚ КИІМ
Киіз етік
Қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып
шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет
етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді.
Слайд 11Байпақ
Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім.
Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі
жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.
Слайд 13Мәсі
Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді.
Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі.
Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонытын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті көсі порындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.
Слайд 16Шапан
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың
адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып
тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді.
Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.