Разделы презентаций


Ш?кен Айманов презентация

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Шәкен Айманов

Шәкен Айманов

Слайд 2Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964).

Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл

ауданында туған. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі

Слайд 3Режиссерлік еңбектері:
1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
1954 «Махаббат туралы аңыз»

(К. Гаккелмен бірге)
1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
1957 «Біздің

сүйікті дәрігер»
1961 «Бір ауданда»
1961 «Әуен шақырады»
1962 «Жол торабы»
1964 «Алдар көсе»
1966 «Атамекен»
1968 «Тақиялы періште»
1970 «Атаманның ақыры
Режиссерлік еңбектері:1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)1956 «Біз осында тұрамыз» (М.

Слайд 4Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:
1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы

(театрдағы еңбегі үшін)
1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында

тұрамыз»фильмі үшін)
1958 — Ташкент. Африка және Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін)
1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік К.Байсейітова атындағы сыйлық (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне)
1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін)
1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (марқұм болған соң, «Атаманның ақыры» фильмі үшін)
Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
Екі «Құрмет Белгісі» ордені
Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші

Слайд 5Шәкен Айманов түсірген кинолар

Шәкен Айманов түсірген кинолар

Слайд 8Фильмография:
1938 «Амангелді» — эпизод
1940 «Райхан» — Сәрсен
1943 «Ақ раушан» —

майдангер
1945 «Абай әндері» — Шәріп
1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
1953

«Жамбыл» — Жамбыл
1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай
Фильмография:1938 «Амангелді» — эпизод1940 «Райхан» — Сәрсен1943 «Ақ раушан» — майдангер1945 «Абай әндері» — Шәріп1948 «Алтын мүйіз»

Слайд 9Қазіргі түсіріліп жатқан кинолар

Қазіргі түсіріліп жатқан кинолар

Слайд 15Назарларыңызға рақмет!!!

Назарларыңызға рақмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика