Слайд 1Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.
Слайд 2Суицидке Сіз баруыңыз мүмкін еді
Адамдардың барлығына да әйтеуір бір кезде
суицид туралы ой келеді. Өзін-өзі бұзу адамдардың қол жететін көптеген
өмірлік таңдаулардың бірі болып табылады. Джост Мерло, «Суицид пен жаппай суицид» кітабының авторы: «Ададмардың 80% суицид туралы ойлармен ойнағанын мойындайды»- деп мәлімдейді.
Кеңестік кезеңде суицид – психикалық аурудың анық нышаны деген пікір кең таралған болатын. Яғни әрбір суицидтен өлгеннен кейін «есі дұрыс емес» деген атақ алатын, ал құтқарып үлгергендерді психиатрға өмір бойы есепке алынуға тіркейтін (барлық салдарларымен бірге). Белгілі психиатр А.Г.Амбрумова суицидтердің көпшілігі – дені сау адамдар екенін дәлелдей білді.
Слайд 3Суицид статистикасы
19 ғасырдың басынан бастап әлемнің барлық елдеріндегі өз-өзіне қол
жұмсаушылық статистикасының тұрақты да біркелкі өсуі байқалған.
Ресми статистика бойынша
жыл сайын өз-өзіне қол жұмсап 1 000 000 адам қайтыс болады екен.
Болжамдар бойынша 2020 жылға қарай жыл сайын өз-өзіне қол жұмсайтын 1 500 000 адам қаза болады.
Слайд 4Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға өлім
туралы ойлану тән емес, алайда бұл тақырып олардың назарынан тыс
қалмайды (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
5 жасқа дейінгі балалардың суицидтік мінез-құлығы өте сирек кездесетін жайт.
Төмен сыныптардағы оқушылар арасында, негізінен 9 жастан кейін, суицидтік белсенділік орын алған. Ең төменгі жас шамасына жалпы балалар суицидінің тек 2,5% ғана келеді. Балалардың суицидтік мінез-құлқының ауыр психикалық ауруға немесе реактивтік торығуға сирек байланысты болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ситуацияға қарай жауап әрекеті, көбінесе наразылық әрекеті орын алған. Жағдайлардың 80%-нда олардың себебі болып отбасы ішіндегі шиеленістер табылады.
Слайд 5Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері
10-12 жаста өлім уақытша құбылыс
ретінде бағаланады. Өмір мен өлім ұғымдары ажыратылады, алайда, өлімге деген
эмоциялық көзқарасы өз тұлғасынан абстракцияланады. Өз өліміне басқалардың жауапты әрекетін көруге ұмтылыс немесе «екінші рет туылуға» деген үміт балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтерге тән. Өлім туралы ойлар балалық шақ бойы бірнеше кезеңнен өтеді: бала санасында өлім туралы түсініктің мүлдем болмауынан ол туралы өмірден кетудің атрибуттары қосылған (траур, жерлеу және т.б. түсініктер) формалдық білім алуға дейін. Өлім туралы білімді бала не өзінің жеке тұлғасы, не жақындары арасындағы ешкімнің тұлғасымен арақатынасқа қоймайды; өлімнің кері айналмастығы туралы түсінік қалыптаспаған, ол әлі адамның ұзақ уақыт болмауы немесе басқа түрде тірлік ету ретінде түсініледі. Бала екі жақты болмыс мүмкіндігін мойындайды: айналасындағылар үшін өлді деп есептеліп және өле отырып, сонымен қатар өзінің олардың қапалануына куә болып, өзінің жерленуі мен өзін ренжіткендердің өкінуін бақылау. Қорқыныштың болмауы балалар психологиясының ерекше қасиеті болып табылады. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан және хабардар болмауынан, олар таңдау әдісін қолдана алмайды.
Есепсіздік, өзін-өзі өлтіру тәсілдері туралы білімінің болмауы, ықпал ету нысанынан қарамастан, өлімнің өте жоғары тәуекелін қалыптастырады.
Слайд 6Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері
Жасөспірімдердің жас шамасының түрлі кезеңдерінде
- ерте (12–14 жас), орта (15–16 жас) және жоғары (17–18
жас) – девианттық мінез-құлықтың қалыптасуы мен көрініс алуының физиологияллық, психологиялық, тұлғалық және жеке қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.
Слайд 7Балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің ерекшеліктері
Жас жасөспірім кезінде
өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, алдын ала жоспарланбайды. Жазалау қаупі төніп
тұрған кезде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қолға түскен алғашқы нәрселердің көмегімен жүзеге асырылады. Осы топтағы жасөспірімдерде өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің ауыр медициналық салдары болмайды. Бұл – өлімге бас тігудің шынайы талпынысы емес, тек жанжалдан қашу, қиын жағдайдан басын алып қашу ниеті.
Орташа жастағы топта өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері қоршаған адамдарды жазалау, өкпелетушіден кек алу мақсатымен жасалған демонстартивті сипатқа ие. Көбіне өз-өзіне қол жұмсау талпыныстары жанжал ушығып тұрған кезде, аффект жағдайында жасалады. Мұндай әрекеттердің медициналық салдары да ауыр болады. Осы топтағы жасөспірімдерге қызығушылықтарының жұтандығы, ой-өрісінің шектеулігі, өтірік алдау, үміттерінің қирауы, сәтсіздіктерге түсініксіз әрекет етумен ұштасатын ашуланшақтық, қызбалық, эмоциалық тұрақсыздық тән. Мұндай жасөсаірімдер стресске тұрақсыз болып, өз-өзіне ие болу машығынан хабардар болады.
Слайд 8Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға
мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі бұзылу, психикасын жаралайтын
өткір жағдайлардың әсері салдарынан әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады.
Өз-өзіне қол жұмсау арқылы тұлға өз жағдайларын өзгертуге талпынады: адам шыдағысыз қайғыдан құтылу, жарақаттайтын жағдайдан қашып кету, аяушылық сезімін туғызту, көмек алу, өз проблемаларына назар аударту. Өз-өзіне қол жұмсау оны ренжіткен адамдардың «өкінуі үшін» кек алу сезімінен туындауы не мақсатына кез келген жолмен жету үшін қырсықтық танытуы мүмкін. Осындай қамығу жағыдайға өз әсерін тигізеді.
Слайд 9Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қауіп факторлары:
Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық
жағдайының нашарлығы;
ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
жетімдік;
Толық емес отбасы;
Дұрыс
емес тәрбие — авторитарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
Психикалық жарақаттар— мектептегі және басқа;
Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
Психобелсенді заттарды пайдалану;
Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты ауыр қамығу;
Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ойы кемістігі, эпилепсия, шизофрения және т.б.).
Слайд 10Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Ересектер тарапынан шынайы
тілектестіктің болмауы
Жалпы өмір ағымының шапшаң өзгеруі
Әлеуметтік-экономикалық
тұрақсыздық
Ата-аналардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы
Жасөспірімге қатыгез қарым-қатынас, психологиялық, физикалық және сексуалды зорлық
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық және маскүнемдік
Ертеңгі күнге деген сенімсіздік
Адамгершілік, этикалық құндылықтардың болмауы
Өмірдің мәнін жоғалту
Өз-өзін төмен бағалау, өз-өзін анықтаудағы қиындықтар
Эмоционалды және интеллектуалды өмірінің жұтандығы
Жауапсыз махаббат
Слайд 11Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер:
Эмоционалды
Дәрменсіздік, күдер
үзу, елеусіздік сезімі. Қайғыру. Торығу (көңіл-күйінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы). Жеңілу,
сәтсіздікке ұшырау, өзін кінәлі сезіну. Шамадан тыс қорқыныш пен уайымдау. Өзінің сыртқы түріне қалай болса, солай қарау. Жалғыздық, ешкімге керек болмау сезімдері. Күнделікті ортада уақыт өткізгенде, бұрын қуаныш сыйлайтын жұмысты орындау барысында ішінің пысуы. Өлім туралы ойлану. Болашаққа жоспарының болмауы. Түкке тұрғысыз нәрселерге ашулану.
Ауызша
Өз-өзін кінәлау. Өзінің дәрменсіздігі, өмірмен қош айтысқысы келетіндігін айту. Қоштасу. Нақты өз-өзіне қол жұмсау жоспары туралы хабарлама.
Слайд 12Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қауіпі туралы хабар беретін белгілер:
Мінез-құлқы бойынша
Мінез-құлқының
кенеттен өзгеруі. Сабаққа бармау. Жақындарынан алыстау. Ағат әрекеттерді жасау. Өз-өзіне
қол жұмсау үшін құралдарды, осы туралы кітаптарды сатып алу. Сыртқы бейнесіне салғырт қарау. Шектеулі сана.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері оның девиантты мінез-құлқысымен байланысты. Осындай әлеуметтік ауытқы болып келесілер табылуы мүмкін:
— пайда табу бағытындағы ауытқулар— ұрлық жасау, ұжымдық ұрлық, машинелерді айдап кету және т.б.;
— агрессивті бағыттағы ауытқулар— сотқар әрекеттер, төбелес, вандализм, өз-өзін жарақаттау;
— әлеуметтік-пассивті ауытқу— сабақтан қашу, үйден кету, қаңғыру, маскүнемдік.
Слайд 13Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның
өлімі ауыр жан жарақаты болып қалған
6 адам бар.
“Суицидтік адам
өзінің психологиялық қаңқасын тірі қалған жақындарының сандығында қалдырады”.
Эдвин Шнейдман