Слайд 1 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетеі
ИӨЖ
Шымкент-2020 жыл
Қабылдаған:Садырханова Г.
Ж
Орындаған:Халдар А. Н
Тобы: ЖТД-601
Бронх өткізгіштігінің бұзылысы синдромының дифференциялық
диагнозы
Слайд 2Зерттеу мақсаты
Әр түрлі әдебиеттер және ғаламтор мағлұматтарын пайдалана отырып әріптестеріме
тақырыпты ашып беру
Слайд 3Зерттеу сұрағым
Обструктивті синдром
Қауып қатер факторлары
Обструктивті синдроммен өтетін аурулар
Клиникалық көрінісі
Обструкциялық синдромның
емі
Слайд 4Кіріспе
Бронх өткізгіштігінің бұзылысымен көрінетін,жедел және созылмалы ағыммен өтетін патофизиологиялық
түсінік.
Бронхоспазм нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда болатын организмнің патологиялық жағдайын
айтады.
Слайд 5Обструктивті синдроммен өтетін аурулар
Бронхтық астма
Обструктивті бронхит
Бронхиолит
Созылмалы бронхит
Созылмалы пневмония
Муковицидоз
Трахея және бронхтағы
ісіктер
Жүрек қан тамыр аурулары
Туа біткен бронх ақаулары
Слайд 7Этиологиясы
Вирусты инфекция(парагрипп,хламидия,пневмония микоплазмасы,аденовирус)
Зиянды әдеттер(ішімдік ,темекі шегу)
Перинатальды патология
Аллергендер-бронхтардың ггиперсезімталдығы
Иммунитеттегі Т-жүйесінің белсенділігінің
төмендеуі
Слайд 8Клиникалық көрінісі
Дене қызуының көтерілуі
Ентігу және қалтырау
Цианоз
Терінің бозаруы
Дем шығарудың ұзаруы
Экспираторлы
сырылдардың пайда болуы
Тынысқа қосымша бұлшық еттердің қатысуы
Қораптық дыбыс анықталады
Рентгенологияд екі
жақты өкпе сүретінің күшеюі және өкпе түбірінің кеңеюі
Слайд 9Обструкциялық синдромның емі
--Антибактериальдық ем
Бронх кеңейтуші препараттар(пенициллиндер,екінші-төртінші
топтағы цефалоспориндердің
генерациясы)
--Муколитикалық заттар(карбоцистеин,амброксал,бромгексин)
--Бронхоспазмолитикалық препараттар(бетта 2-агонистерді аэрозоль түрінде тағайындайды)
Слайд 10Ересектердің бронх демікпесі
Шағымдар және анамнез
Ентігу көріністері, ысқырықты сырылдар, жөтел немесе
кеуденің бітеліп қалуы, әсіресе аллергендермен немесе бейспецификалық ирританттармен (түтін, газ,
ауа температурасымен ылғалдылығының өзгеруі, мұрынды жаратын иістер, физикалық белсенділік және т.б.) жанасудан соң. Жөтел 3 аптадан асатын «созылған» суық тию ауруларына мән берген қажет.
Ауырлаған отбасы аллергиялық анамнездің болуы.
Науқаста атопия көріністерінің болуы: аллергиялық ринит, атопиялық дерматит, есекжем.
шығармайды.
Слайд 11Физикалды зерттеулер
Клиникалық симптомдардың ұстама тәрізді көрінісі көп мағлұматты: дем шығарғандағы
ысқырықты сырылдар, экспираторлы ентікпе, тыныс алу кезінде қосымша бұлшықеттердің қатысуы,
тахикардия. Симптомдардың болмауы диагнозды жоққа шығармайды.
Слайд 12Зертханалық зерттеулер
--Жалпы қақырық талдауында эозинофильдердің болуы.
-- Қан сарысуында IgE жалпы деңгейінің
жоғарылауы.
--Бұл зерттеулер нәтижелерінің теріс болуы бронх демікпе диагнозын жоққа шығармайды
Слайд 13Аспаптық зерттеулер
Спирометрия – тыныс жолдарының бітелу дәрежесін бағалауға арналған (ФДШК1 және
ФӨӨС өлшеу) басқаларынан артығырақ біріншілікті тестілеу болып табылады. БД көпшілік
мақұлдаған критерийлері бойынша ҮДШК1 ≥ 12% немесе ≥ 200мл, 200-400 мкг сальбутамол ингаляциясынан соң. ҮДШК1 80% артық өсу болмауы мүмкін. Бұл жағдайда ДШЕЖЖ-ң мониторингі көрсетілген.
Пикфлоуметрия – ДШЕЖЖ анықтау әдісі. Бронхолитикті 60л\мин ингаляциядан соң ДШЕЖЖ-ң өсуі немесе 1 тәулік ішінде ДШЕЖЖ 20% өзгеруі БД бар екенін көрсетеді.
Аллергиялық мәртебені (статустың) бағалау – БД себепті-маңызды және тәуекел факторларын анықтайды. Негізгі диагностикалық әдіс аллергендермен тері сынамасы. Қан сарысуында арнайы IgE анықтау әдісі қолданылуы да мүмкін. Тесттердің оң көрсеткіші БД симптомдарымен және анамнез мәліметтерімен міндетті салыстырылуы тиіс.
Слайд 14Емдеу тактикасы
Дәрі – дәрмексіз ем
Емнің ажырамас бөлігі – науқасты және
отбасын үйрету. Үйрету мақсаты: науқасқа қажетті ақпарат беру және үйрету,
жағдайды қалай бақылау, ингаляциялық заттарды дұрыс қолдану, базисті препараттар мен шұғыл көмек препараттарының айырмашылығын білу, қай кезде медициналық көмекке жүгіну керек, өз жағдайын қалай мониторінгілеу.
Гипоаллергенді диета.
Біріншілікті аллергенмен бейспецификалық қоздырғыштармен (кәсіби зияндылық, поллютанттар, жағымсыз иістер және т.б.) қатынасты болдырмау. Темекі шегуден бас тарту ( белсенді, белсенді емес).
Бронх тармағының санациясы және дренажды функциясының жақсаруы үшін массаж, тыныс гимнастикасы, ЕДШ.
Слайд 15Дәрі–дәрмекпен емдеу
1-саты (алма-кезекті): қысқа әсерлі -адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол) қажеттілікке қарай. Балама
дәрілер қысқа әсерлі антихолинергиялық препараттар болып табылады (ипратропий бромиді) пероральді
-агонистер. Симптомдардың нашарлау немесе жиілеу көріністерінде 2-ші қадамдағыдай терапияны үнемі қабылдау.
2-саты – жеңіл персистерленуші демікпеге сәйкес. Қалыпта ұстап тұратын дәрілердің біреуін үнемі қабылдау қажет, көбінесе аз мөлшерде ИГКС (бекламетазон 100-250мкг\тәулігіне, будесонид 200-400 мкг\тәулігіне; флутиказон пропианат 100-250мкг\тәулігіне; циклесонид 80-160 мкг/тәулігіне), сондай-ақ қажеттілікке қарай -адреномиметиктердің қысқа әсерлі ингаляциялары. ИГКС жанама әсерлері кезінде (дауыс қарлығуы және БД аллергиялық ринитпен қосарласқанда) балама болып антилейкотриенді (монтелукаст) препарат болып табылады
Слайд 163-саты – (орташа ауырлықты персистерленуші БД). Шұғыл көмек препаттары және қосымша
бір немесе екі бақылаушы: 1) төмен мөлшерде ИГКС, ингаляциялық ұзақ
әсерлі -агонистері мен бекітуші дәрілер түрінде (флютиказон\сальметерол немесе будесонид\формотерол); немесе 2) орташа мөлшерде ИГКС (беклометазон 250-500 мкг\тәулігіне, будесонид 400-800 мкг/тәулігіне, флутиказон 250-500 мкг/тәулігіне, циклезонид 160-320 мкг/тәулігіне); немесе 3) ИГКС аз мөлшерде қосымша антилейкотриенді препараттар немесе 4) ИГКС төмен мөлшерде қосымша ұзақ босап шығатын теофиллин.
ИГКС аддитивтілік әсері және әсері ұзартылған -агонистінің әдеттегідей БД ИГКС мөлшерін орташа және жоғарғы мөлшерлерге көтермей–ақ бақылауға болады. Егер 3-4 ай емдеу нәтижесінде БД бақылауға қол жетпесе, ИГКС мөлшерлерін көтеру талапты.
Ұзақ әсерлі ингаляциялық -агонистерімен монотерапия жүргізуге болмайды (формотерол, сальметерол, индакотерол), олар тек ИГКС-пен бірге қолданылады.
Слайд 174-саты (ауыр персистерленуші демікпе) шұғыл көмек препараттары қосымша қадағалаушы екі немесе
одан да көп дәрілік заттар. Бұл қадамда таңдау алдыңғы 2-ші
немесе 3-ші қадамдағы тағайындауларға байланысты таңдалады. Орташа және жоғарғы мөлшерде ИГКС (бекламетазон 500-1000мкг\тәулігіне, будесонид 800-1600 мкг\тәулігіне, флутиказон пропианаты 500-1000мкг\тәулігіне, циклосонид 320-1280 мкг\тәулігіне) ингаляциялық ұзақ әсерлі - агонистер – агонистерімен (флютиказон\сальметерол немесе будесонид\формотерол) құрамдастырып қолданған ұтымды. Тағы бір, үшінші, дәрілік затпен құрамдастыру мүмкін (антилейкотриенді немесе ұзақ босап шығатын теофиллин). Құрамдастырылған терапияға (ИГКС + ұзақ әсерлі агонисттері) антилейкотриенді дәрілік заттарды қосу емнің нәтижелігін артады.
Слайд 185-саты (4 кезеңдегі терапия көрінісінде ауыр бақыланбайтын БД, күнделікті симптомдардың сақталуы
және жиі асқынуы). Ауыз арқылы ГКС қоса басқа дәрілік заттар
беру қажет, алайда бұл шара емнің әсерін жоғарылатып қана қоймай, басқа да жанама әсерлерге алып келеді. Науқас жанама әсерлер туралы мағлұмат алуы керек.
Бақыланбайтын ауыр аллергиялық демікпе кезінде басқа дәрілерді құрамдастыруға (соның ішінде ИГКС немесе пероральді ГКС қоса), E иммуноглобулиндерге антиденелер (anti IgE – омализумаб) қолданған орынды. Бұл дәрілік топтар тек маманның (пульмонолог, аллерголог). тағайындауымен қолданылуы керек.
Слайд 19Қорытынды
Нақты бронхобструкция синдромына ұсақ бронхтардың өткізгіштігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай
бронхтардың шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен, дағдыды шырыш қабатының ісінуімен
бірге жүретін бронхспазмнан, көбінесе бронхтарды сырттан қысып тарылатын диффузды перибронхиалды фиброздан пайда болады. Созылмалы обструктивті аурулардың негізгі клиникалық белгілері болып келесі симптомдар есептелінеді: 1)Қою және тұтқыр қақырығы бар жөтел 2)қатты ентігу 3)өкпелік жүрек синдромының пайда болуы 4)ақырында тыныс алу мен жүрек жетіспеушілігінің дамуы