ФИЛОСОФИЯСЫ
Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры
Ақбаева Л.Н.Алматы 2015
«Өмір философиясы» ағымның тікелей идеялық бастауы болған – неміс философы
АРТУР ШОПЕНГАУЭР (1778-1860 жж.) иррационалистік және волюнтаристік
философияның негізін қалады.
Басты еңбегі – «Дүние ерік пен елес».
Оған сәйкес ЕРІК барлық ғаламның негізі деп қарастыраылды.
Кант идеяларына сүйенген Шопенгауэр Канттың «өзіндік заттарын» ой елегінен өткізіп, оны ерік, танымға түсініксіз мистикалық соқыр күш есебінде дәріптеді. Тірі және өлі табиғатта өз көрінісін тапқан ерік ұсақ еріктерге бөлінбейді, барлық ғаламмен теңдес, дара, әлемдік ерік болып көрінеді.
Әлем – Шопенгауэр ойынша, ерік, өмірге еріктілік. Әлем субъекті санасында түсінік
есебінде өмір сүреді, ол субъектімен қамтамасыз етіледі және оны субъектісіз ойлау
мүмкін емес. «Не өмір сүрсе де, бәрі тек қана субъект үшін өмір сүреді»
(Шопенгауэр А. «Дүние ерік пен елес». ).
Адамның ішкі өмірі танылмайды, оны тек тебірентуге болады. Кьеркегор өмір сүру,
үрей, шешім, шекті мен шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә мен күнә,
қайта туу т.с.с. адамның ішкі өмірін бейнелейтін категорияларды философияға енгізеді.
Адам өміріндегі негізгі сұрақтар: қалай өмір сүрген жөн, ненің болуы керек,
неге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретінде Кьеркегордің экзистенциалдық
диалектикасы адам өмірінің үш сатысын суреттейді.
Олар: ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ЭТИКАЛЫҚ және ДІНИ сатылар.
Адам өмірінің эстетикалық сатысында сезімдік өмір салты қалыптасады.
Эстетикалықты Кьеркегор сезімдік қабылдау мен ләззат алу түрінде көрсетеді.
Эстетикалық өмір салтында адам сезімдік сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылса,
этикалық сатыда адам ізгілік жолына түсіп, қоғам алдындағы парызды
орындауды міндет тұтады.
Парадокс» ұғымы – Кьеркегордің өмір сүру диалектикасының негізгі
категорияларының бірі. Ол адам өмірінің ішкі қайшылығынан шығатын зардап.
Ол «БИЛЕУГЕ ЕРІК» теориясын қалыптастырды. Ол теорияға сәйкес буржуазиялық
моральсыз қоғамда шектен тыс күшті адам немесе супер адам ғана жоғары дәріптеледі.
Ерік – өмірдің негізі, оның барлық көріністеріндегі иррационалдық бастау.
Ф.Ницше билеуші моральға қарама-қарсы құлдық моральды қойды.
Сонымен, «қоғамнан тыс тұрған адам» – «төменгілердің» үстемдігін,
мойынұсынғыштығын, инабаттылығын, ыждағаттылығын, сақтығын, сөзге сараң,
мүсәпір адамгершілігін т.б. өсиеттерді жеңуі керек болатын жоғарғы адамдардың
мүшесі.
Қоғамнан тыс адамға бәрінен бұрын керек болатын нәрсе – күш, билікке
ұмтылатын ерік. Ницшенің «әлсіздерге» соғыс жариялаған идеялары фашизм
идеологтарына тартымды көрініп, олардың назарын өзіне аударды, демек, «жоғарғы»
арийлік нәсіл үшін кімнің жойылып кетуі, қаналуы, құлдыққа салынуы керектігі шешілді.
Экзистенциализм философиясы – ХХ ғасырдағы батыстық өркениеттің терең
тоқырауының көрінісі. Бүгінгі әлемдегі адам өмірінің сандырақ, тантушылығын
экзистенциализм ғана ашты. Назар аударылғаны әлемді көркейтетін, тани алатын адам
емес, керісінше, азап шеккен, жалғыз, бақытсыз, сонымен бірге еркіндікке
ұмтылатын, өзінің барлық іс-әрекетіне жауап беретін жан болды.
Өзінің кең көлемдегі таралымын Германияда М. Хайдеггер, К. Ясперс және
Францияда Ж.-П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель еңбектерінде тапты.
Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және атеистік (Хайдеггер, Сартр)
болып екіге бөлінеді.
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің
жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны Хайдеггер ұсынды.
Хайдеггерге дейінгі онтологияда болмыс жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам
микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы –
болмыс-сана немесе Daseіn категориясы арқылы қарастырды.
Daseіn категориясының
мәні – қазіргі болмыс, осы арадағы болмыс. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі,
жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады.
Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі адам ғана.
Хайдеггер «фундаментальды онтология» ілімін дамытты. Оның мазмұны – адам
өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындап, өзінің алдында үнемі «ажал
тұрғанын» сезініп, өмірдің әрбір сәтінің маңыздылығын көре білу керек.
Хайдеггер «тіл – болмыстың үйі» деп, тілді болмыстандырады.
Ойшыл қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге
келді. Сананың қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді.
Адамның еркіндігі ең әуелі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.
Оның ойынша, «өзі үшін болмысқа» қарсы тұратын «өзіндік болмыс» болады. Бұлардың
арасында абсолюттік қарама-қарсылық бар, бірақ бір-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес.
Діни экзистенциализм осы объективтік ақиқатты – Құдай,
атеистік экзистенциализм – «өзіндік болмыс» деп атайды.
«Адамды қоршаған дүние мәнсіз, абсурд» деген қағида А.Камюдің
экзистенциализмінің негізі болды.
Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі «Сизиф туралы аңыз»
шығармасын жазуы және фашизмге қарсы қозғалысқа қатысуы. Бұл еңбектегі өзекті
философиялық идея – адам өмірінің мағынасыздығы.
Оны Грек аңызының кейіпкері – Сизифпен байланыстырды.
Адамның мағынасыз өмірге шыдай алмай абсурдпен күресі бүлік түрінде де көрінеді
(«Бүлікші адам»). Сондықтан мезгіл-мезгіл революциялар болып, адам «сизифтік»
жағдайынан шығады.
К.Ясперс бойынша философияның басты міндеті – болмыстың құпиясын мазмұнын
ашуымен байланысты. Ол «болмыстың шифры» деген ұғымды философияға енгізді.
Шифр «шекаралық жағдайға» немесе аса терең күйзелістер – өлімге келер жолда, ауру,
кешірілмес күнә т.б. кезеңдерде ашылады, сонда адам өзінің күнделікті іс-әрекетінен
«нақты болмыстан» арылып, оның «экзистенциасы нұрланады».
Оны қолдаған Ясперс экзистенцианы тек қана адамның өзіне деген қатынасы емес,
сонымен қоса трансценденцияға, яғни Құдайға да қатынасы деп есептейді.
Қоғам адамға жау, ол адамды жояды, оны өзіндік түрі жоқ бұрандаға, үлгі болатын
бөлшекке айналдырады. Адамды көпшілікке араластыру, бұқараландыру оның өз-өзін
жатсынуын білдіреді.
З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналылықтан» (сознательное) ғана
емес, «бейсаналылықтан» (бессознательное) және «саналылықтың алдындағыдан»
(предсознательное) тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі
туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналылықты факт, адам рухының саласы және
адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді.
Фрейдті пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы
құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар,
немесе, либидо.
З.Фрейд «Эдип комплексі» атты комплексті қалыптастырады, оның мағынасы ежелгі «Эдип патша» аңызына байланысты баланың абайсыздан, білместіктен әкесін өлтіріп, шешесіне үйленуі.
Бейсаналылықты Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналылықты бейсаналылықтың үстіне құрастырылатын, бейсаналылықтан туындайтын ерекше инстанция деп есептеді.
АРХЕТИПТЕР — ол коллективтік бейсаналық, жалпы адамзаттың
түпбейнелері (первообразы), бұрыңғы кезеңдерде өмір сүрген
адамзаттың білімі мен рухын бейнелейтін рәміздер. Олар адамның санасында
көрініс табады. Архетиптер түстер, мифтер, көркем шығармалардың рәміздерінде,
психикасы ауру адамдардың сандырағында, галлюцинацияларда көрініс табады.
Юнг бойынша мынадай архетиптер бар: жер- ана, данышпан ақсақал,
демон, батыр, анима мен анимус, көлеңке, маска архетипі т.б.
Басты архетип – «САМОСТЬ» (das Selbst) – адамның тұлғалық орталығы – Мен.
Юнг мінездер типологиясын қалыптастырып, оларды екіге бөледі:
интроверттер, ішкі дүниеге түңілген адамдар,
экстраверттер, сыртқы дүниеге бағытталған адамдар.
Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті:
бірінші позитивизм философияның міндеті объективті өмір сүруші материалдық
дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады.
Бұл кезеңнің өкілдері О. Конт, Г. Спенсер, Дж.-Ст. Милль.
2) эмпириокритицизм немесе махизм дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп,
философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын
сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды.
Негізгі өкілдері Э.Мах пен Р. Авенариус.
3) неопозитивизм ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын
анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты.
Өкілдері: Б. Рассел, Л. Витгенштейн, Р. Карнап, К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун т.б.
Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация,
фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.
О. Конт дүниетануды үш түрлі даму сатысына бөлді – теологиялық, метафизикалық,
позитивтік.
Теологиялық немесе діни ілімдік сатыда қоршаған орта құбылыстары
жаратылыстан тыс, фантастикалық жан иелерінің қызметімен түсіндіріледі,
діннің үстемдігі суреттеледі;
2) Метафизикалық сатыға бұған табиғаттың абстрактілі «мәндерімен» және
«себептермен» түсіндірілетін философияның үстемдігі тән;
3) Позитивтік ең жоғарғы саты, алдыңғы екі сатыдан дін ілімі мен метафизикадан бас
тартумен, позитивтік, яғни барлық құбылысты ғылыми түсіндіретін, оң
ғылымдардың үстемділігімен ерекшеленетін саты. Барлық оң білімдердің тәжірибеге
сүйенетін эмпирикалық ғылымдармен алынуы мүмкін.
Неопозитивизм немесе «үшінші позитивизм» философиялық ағымының қалыптасуына
Б. Рассел, Л. Витгенштейн, К. Поппер айтарлықтай әсерін тигізді.
Ағылшын философы, математик БЕРТРАН РАССЕЛ (1872-1970 жж.) Логикалық атомизмнің
негізін қалады. Оның басты еңбегі – «Ақиқаттың маңызын іздеу».
Философияның мәнін логикалық талдауда деп есептеді.
Рассел логика философияның мәні деп жариялады. Расселдің ойынша, философия
мәселелері өзін-өзі логика мәселелеріне алып келеді, өйткені әрбір философиялық мәселе,
егер оны қажетті талдау мен тазалауға салса, ешқандай философиялық болмай шығады
немесе сөз біз пайдаланатын ойда ғана философиялық, демек логикалық болады.
Неопозитивизм әсерінен символикалық математикалық логика пайда болды.
Неопозитивистер ғылыми сөйлемнің екі жолы бар дейді: 1) эмпирикалық – тексеру,
2) логикалық-математикалық тавтологияға (бос қайталау) айналдыру. Осыған орай
неопозитивистер ақиқатты тексерудің екі принципін ұсынды: 1) верификация (тексеру),
2) фальсификация (алмастыру).
К.Поппер әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын
фальсификация принципін алға қойды.
К.Поппер «Ғылыми-техникалық ойдың өрістерінің нәтижесінде зат пен сана сезімінен
басқа “үшінші әлем” пайда болады» – деп қорытынды жасаған.
К.Поппер әрбір ғылыми білімнің болжамдық сипатын белгілейтін фаллибилизм
принципі алға қойды.
Неопозитивизмнің өркен жаюы 1950-60 жылдарға келіп, постпозитивизм бағытында
ағылшын философы, әлеуметтанушы КАРЛ ПОППЕРДІҢ (1902-1994 жж.) еңбектерінде
өріс тапты. Поппер бұрмалау қағидасы фальсификацияны (латынша falsus – жалған,
fakio – жасау деген сөздер) позитивистік верификация қағидасына қарсы бағытта.
Оның ойынша, ғылыми теория барлық дерекпен бірдей келісе бермейді, сондықтан
өзімен бір пікірге келмейтін жекелеген деректерді жоюы керек. Теория деректері
неғұрлым көп жоққа шығарылса, соғұрлым ғылыми болады.
Бұл бағыттың негізін қалаушы америка философы, математик ЧАРЛЬЗ ПИРС
(1839-1914 жж.) «прагматикалық максима» ұғымы объектісі шығаруы мүмкін,
объектінің толық түсінігі болатын салдар туралы пайымдауын алға тартты.
Максима – адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын
жүріс-тұрыс ережесі.
XX ғ. 20-30 жылдарында прагматизмнің негізгі идеялары ДЖОН ДЬЮИДІҢ
(1859-1952 жж.) инструментализмінде өз көрінісін тапты. Пирстің күмәнді жеңу және
сенімге өту туралы идеясын Дьюи «келелі жағдай» (проблематическая ситуация) туралы
ілімінде дамытты. Бұл – адам басында болатын және ойлау арқылы жеңіп шығатын
анықталмаған, қиындатылған жағдай. Ойдың негізгі және жалғыз міндеті
анықталмаған (проблематический) жағдайды анықталғанға айналдыру.
Бұл мақсатқа жету үшін, осы жағдайда ең пайдалы болатын инструмент,
құралдың – түйсік, идея, теориялардың пайдаланылуы.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть