Разделы презентаций


2LT,BTN 10 RKFCC VFQKS0J;F

ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1


Слайд 2ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Слайд 3

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы  Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді алған.
Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге танылады.
Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады. Ел ақындарымен кездесіп, кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген. Олар - «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт».
Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары 1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы мәлімет бар.

Слайд 5Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен

айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне

бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.          Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар

Слайд 6

Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.          Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген.          2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті.


Слайд 8“ЖЫЛДЫҢ ТӨРТ МЕЗГІЛІ ” “ҰРЛЫҚ ТҮБІ ҚОРЛЫҚ” “АҢҚАУ МЕН ҚУ” “ҮШ ЖІГІТ”

“ЖЫЛДЫҢ ТӨРТ МЕЗГІЛІ ” “ҰРЛЫҚ ТҮБІ ҚОРЛЫҚ” “АҢҚАУ МЕН ҚУ” “ҮШ ЖІГІТ”

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика