Разделы презентаций


Абай 175 жас

Содержание

Абай (ибраһим) құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Абай 175 жас

Абай 175 жас

Слайд 2Абай (ибраһим) құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы,

саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды

көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай шығыс пен батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай (ибраһим) құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы

Слайд 4Абай

Абай

Слайд 5 Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері сапалық, этикалық, эстетикалық,

психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан

тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері сапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше,

Слайд 6Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтың«Абай жолы» атты кітабы ұлы ақынға арналған.1993

жылы «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтың«Абай жолы» атты  кітабы ұлы ақынға арналған.1993 жылы  «Абай жолы» эпопеясы дүние

Слайд 7Абайдың шығармалары
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Мен

жазбаймын өлеңді ермек үшін
Кұлақтан кіріп, бойды алар
Өзгеге, көңілім, тоярсың
Қараша, желтоқсан

мен сол бір-екі ай
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
Білімдіден шыққан сөз
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім

Ғылым таппай мақтанба
Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы
Пайда ойлама, ар ойла
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Әсемпаз болма әрнеге
Жазғытұры
Жаз
Күз
Қыс
Желсіз түнде жарық ай

Абайдың  шығармаларыҚансонарда бүркітші шығады аңғаӨлең - сөздің патшасы, сөз сарасыМен жазбаймын өлеңді ермек үшінКұлақтан кіріп, бойды

Слайд 8Ақынның өз балалары:

Ақынның өз балалары:

Слайд 91891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы

бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық

дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті

Слайд 10Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған

топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды

ақын баласы Мағауия да қайтыс болды.
Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы

Слайд 11Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін

қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай

мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді.
Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады.

Слайд 121 - ТАПСЫРМА
Абайдың өлеңін айту

1 - ТАПСЫРМААбайдың өлеңін айту

Слайд 132 - тапсырма Абайдың қара сөздері

2 - тапсырма Абайдың қара сөздері

Слайд 14«Бірінші қара сөзі» Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік

пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық -

әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
«Бірінші қара сөзі»  Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік:

Слайд 15« Он бірінші қара сөзі» Осы елдің үнем қылып жүргені немене?

Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп

жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...Н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр
« Он бірінші қара сөзі»  Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық,

Слайд 16«Тоғызыншы қара сөзі» Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем

бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек

еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» Демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.
«Тоғызыншы қара сөзі»   Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе?

Слайд 17 «Отыз бірінші

қара сөзі» Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар : әуелі

- көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
«Отыз бірінші қара сөзі»  Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт

Слайд 18 «Қырық бесінші қара сөзі» Құдай табарака уатағаланың барлығының

үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып

сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
«Қырық бесінші қара сөзі»  Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың

Слайд 19 «Жиырма бірінші қара сөзі»

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман

болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы, ләкин өзі адам емес.
«Жиырма бірінші қара сөзі»   Аз ба, көп пе, адам

Слайд 20 3 - тапсырма

Абайдың мысал өлеңдері

3 - тапсырма       Абайдың мысал өлеңдері

Слайд 21 Шегіртке мен құмырсқа (И. А.

Крыловтан) Шырылдауық шегіртке 

жұмсақ илеу үйлі ме? Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып, ән салып, көгалды қуып гөлайттап, өлеңнен қолым тиді ме? Қызықпен жүріп жазды алған. Қайтсін, қолы тимепті, жаздыгүнгі жапырақтың өлеңші, әнші есіл ер! Бірінде тамақ, бірінде үй, ала жаздай ән салсаң, жапырақ кетті, жаз кетті, селкілде де, билей бер күз болған соң кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, қар көрінді, қыс болды.
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан) Шырылдауық шегіртке 

Слайд 22Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)
Жұрт біледі, күледі,


Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ.
Ірімшікті құдайым
Кез қылды бір күн қарғаға.
Алып ұшып барды да,
Қонды бір биік ағашқа.
Үлкен олжа емес пе
Ірімшік деген қарны ашқа?
Бір жеп алып, шүкірлік
Қылайын деп аллаға,
Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)Жұрт біледі, күледі,

Слайд 23 5 - тапсырма

Абайдың әндері

5 - тапсырма       Абайдың әндері

Слайд 24Назарларыңызға рахмет !

Назарларыңызға рахмет !

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика