Разделы презентаций


Абдибеков Т

Содержание

ЖоспарыСалауатты өмір салтыСалауатты өмір сүрудің мақсатыЕлбасының жолдауыСӨС негізіне жатады:Валеология түсінігіВалеология негізіҚорытындыПайдаланған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру

кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Денсаулықпен байланысты өмір сапасы. Денсаулықтың валеологиялық аспектілері.



Орындаған: Ешматов А.Т.
310-топ

ЖМФ
Тексерген: Блялова А.Қ


Қарағанды 2012

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті  Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасыСӨЖТақырыбы: Денсаулықпен байланысты өмір сапасы. Денсаулықтың

Слайд 2Жоспары
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір сүрудің мақсаты
Елбасының жолдауы
СӨС негізіне жатады:
Валеология түсінігі
Валеология

негізі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


ЖоспарыСалауатты өмір салтыСалауатты өмір сүрудің мақсатыЕлбасының жолдауыСӨС негізіне жатады:Валеология түсінігіВалеология негізіҚорытындыПайдаланған әдебиеттер

Слайд 3Салауатты өмір салты
Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде.

Салауатты өмір салтыАуырып ем ізденгенше,Ауырмаудың жолын ізде.

Слайд 4 Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер

жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге

қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.

Слайд 5Салауатты өмір сүрудің мақсаты
Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып

отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы

адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

Салауатты өмір сүрудің мақсаты	Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік

Слайд 6Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі

ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды

шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект

Слайд 7Елбасының жолдауы
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың

бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың

өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Елбасының жолдауыЕл Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән

Слайд 8Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50

% өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді,

17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына

Слайд 9СӨС негізіне жатады:
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм,

халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан

соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
СӨС негізіне жатады:Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру

Слайд 10Валеология түсінігі
Валеология – адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын

тілінен аударғанда '' денсаушылық '' немесе '' сау болу ''

деп аударылады. Яғни, валеология пәнінде оқылатын сала адам денсаулығы болып табылады. Валелогия интерактивті ғылым, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология ғылымдарының негізінде пайда болған. Бұл ғылымның негізін қалаушы И.И.Брехманның басты қосқан үлесі, ол ''денсаулық'' түсінігіне деген жаңа көзқарасын білдіре білгендігі.

Валеология түсінігіВалеология – адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын тілінен аударғанда '' денсаушылық '' немесе ''

Слайд 11Валеология негізі
Валеология ғылымы бос қиялдан пайда болған жоқ. Валеологияның тамыры

мыңдаған жылдарға созылып жатыр. Оның элементтерін империялық ежелгі халықтарда, антикалық

рәсімдерден, ортағасырлық схоластикадан, біздің планетамыздағы философиялық, діни және ғылыми мектептерінде кездестіре аламыз.
Валеологияны және оның ғылыми концепциясын жасауға көптеген клиникалық медицина, физиологиялық, гигиена, генетика және т.с.с. өзге де салалардан көптеген ғалымдар ат салыса қатысты.
Валеология негізіВалеология ғылымы бос қиялдан пайда болған жоқ. Валеологияның тамыры мыңдаған жылдарға созылып жатыр. Оның элементтерін империялық

Слайд 12Адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі аурулармен күресумен

өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу арқылы ғылыми және

халық медицинасын дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина денсаулық дегенді тәндік саулық ретінде қабылдап, көбіне көңілді ауру себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.
Егер де медицина адам ағзасын аурудан сауықтыру үшін емдейтін болса, валеология денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйретеді, яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызады.
Адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі аурулармен күресумен өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу

Слайд 13Валелогия – салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім санитарлық ағарту

мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке

тәжірибе мен Қазақстан Рсепубликасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.
Дүниежүзіілк денсаулық сақтау ұйымының '' Денсаулық баршаға '' бағдарламасы бойынша денсаулықты нығайту мәселелеріне байланысты сұрақтардың шешімін үйден, мектептен, өндірістер мен мекемелерден, яғни, адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.
Валелогия – салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге

Слайд 14Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу арқылы

денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет білім беру

жүйесінің педагог мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман баланың, жасөспірімнің бойында қажетті мотивацияны ұялатады, ол күнделікті қажеттіліктерден тұрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер молынан туындайды.
Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс

Слайд 15'' Денсаулық өлшемі'' деген методологиялық ұғымында профессор А.Г.Шедрина (Новосибирск қаласынан)

денсаулыққа келесідей анықтама береді: “ денсаулық – бұл біртұтас, көпқырлы

динамикалық күй, позитивті және негативті жақтарды қосатын, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында генетикалық потенциалды жүзеге асыру кезәнде дамитын және әрбір адамға өзінің биологиялық және әлеуметтік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күй”.
'' Денсаулық өлшемі'' деген методологиялық ұғымында профессор А.Г.Шедрина (Новосибирск қаласынан) денсаулыққа келесідей анықтама береді: “ денсаулық –

Слайд 16Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов (Санк – Петербург

қаласынан) мына нәрсеге ерекше көңіл бөледі: '' адам денсаулығы ол

тіршілік ету күйінің үздіксіз жалғасуы, бұл кезде ағза өзін - өзі реттеп отырады, гомеостазға қолдау көрсетеді, соматикалық және психикалық статусты өз - өзінен жетілдіреді, мүшелер мен жүйелері оңтайлы қарым – қатынаста болады, қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді, әр түрлі биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау кезінде фенотиптік талаптарға сәйкес резервті компенсаторлы механизмдер пайдаланылады. Жоғарыда аталған белгілердің кез – келгенінің болмауы жартылай немесе түгелдей денсаулықтың бұзылғандығының белгісі. Толық денсаулықты жоғалту өлімге тең''.
Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов (Санк – Петербург қаласынан) мына нәрсеге ерекше көңіл бөледі: ''

Слайд 17Қорытынды
Сөз соңында айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі

ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған

үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

ҚорытындыСөз соңында айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға

Слайд 18Пайдаланған әдебиеттер
Ю.П.Лисицын. Общественное здоровье и здравоохранение
www.google.kz
www.yandex.ru
http://www.aorda.kz/?p=4105

Пайдаланған әдебиеттерЮ.П.Лисицын. Общественное здоровье и здравоохранение www.google.kz www.yandex.ruhttp://www.aorda.kz/?p=4105

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика