Слайд 1"Адам бойындағы асыл қасиет"
Слайд 2
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны
әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,
әрине сымбатты, парасатты
көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды
айтып берейін деген екен.
Слайд 3 Әлемге әйгілі ғалым Платон «Біз ұлт тәрбиелей отырып,
жер иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек ұл - елдің
қорғаны, қыз - болашақ ана.Адамның мәдениетті болмағы әдептен.Әдеп нормаларын білуге және сақтауға кез- келген адам талпынуы керек.
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы , бір сырлы болып өз өмірінің суретшісі болуы керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, шыншыл, еңбексүйгіш, адамдық асыл қасиеттерге бай болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Қазақта мынадай сөз тіркестері жиі кездеседі:Рухани адам. Адам рухы, рухани байлық, рухы жоғары. Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып, « рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады.
Слайд 4
Адамгершілік бастау
неде?
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала
кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр баланың отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Слайд 5Адамдық асыл
қасиеттерге
Әдептілік
Имандылық
Қайырымдылық
Достық
Ізеттілік
Әділдік,
Өзара көмек
Слайд 6«Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей,
балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл адамзаттың арасына.
Егерде жол үстінде тікен
жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.
Слайд 7Маржан сөздер сыр шертеді:
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы
ата-ана, жақсы құрбы - ұстаздан болады.
Жақсылық істеуден жалықпа
Істеген жақсылығына өкінбе!
Сыйға
сый, сыраға бал.
Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Бітер істің басына
Жақсы келер қасыңа
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз- жанның тынысы.
Ар қайда болса ұят сонда.
Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
Аға әдепті болса, іні әдепті.
Әпке әдепті болса, сіңлі әдепті.
Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі.
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.
Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді.
Слайд 8Мақал сөздер:
Ақыл-байлық-азбас байлық
Ақылың болса арыңды сақта
Ар ұят керек әр уақытта.
Ақыл
тозбайтын тон. Білім таусылмайтын кен.
Адамгершіліксіз адам айқайлай келеді.
Жан жағын жайпай
келеді.
Адамгершілікті адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді.
Баймын деп мақтанба, жарлық бар.
Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.
Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
Әдеп сақта әманда, әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық
қайтарады сағанда.
Ынтымаққа қосылда, ықылас қой досыңа.
Ар мақсатың нақ болсын
Ақылыңнан тосылма.
Слайд 9Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Слайд 10Әдептілік тәрбие бастауы.
Сәлемдесу- әдептілік бастау.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Барша
жанды құрметтеп, бас иеміз біз.
Сыйласаң – сыйлы боласың.
Слайд 12Адамгершіліктің қарапайым қағидалары
Слайд 13Амандасу
Үлкенді құрметтеу
Тілін сыйлау
Отанын қорғау
Дінін сатпау
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары
Слайд 14Бірінші өткел.
«Надандықты жеңу үшін».
«Жалғасын тап»
ойыны.
Слайд 15Сіз деген - әдеп, ...
2.Өзіңді өзің сыйламасаң, ...
3.Адамгершілік
болмай, ...
4. Қына тасқа бітеді, ...
Слайд 165. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...
6.Асыңа тойғызбасаң да, ...
7.Жүзігің алтын
болғанша,
...
Слайд 17Екінші өткел. «Еріншектікті жеңу үшін».
«Не істер едің?»
Жағдаяттар.
Слайд 181. Ерлан байқамай
Анарды итеріп қалды.
Анар қатты
ашуланды да,
жағымсыз сөздер
айтып тастады.
қалай ойлайсың,
кімдікі дұрыс?
Слайд 192. Сабаққа кешігіп
қалдың, орның
бос емес.
Артқы партада
бос
орын тұр.
Орныңа отыруың
керек пе?
Слайд 203. Сен велосипедпен жарысқа
қатынасып жатырсың. Жарысып
келе жатырғанда жолдың шетінде
жолдан өтпек боп тұрған
қарияны көрдің. Жол беріп
өткізіп жіберсең,
жолдастарыңнан
қалып қоясың.
Не істер едің?
Слайд 214. Сен сыныптасыңмен бірге
автобусқа мініп, алдыңғы
орындыққа отырдың. Себебі
артқы орындықта орын
жоқ. Келесі аялдамада
бір үлкен кісі мінді.
4.
Сен сыныптасыңмен бірге
автобусқа мініп, алдыңғы
орындыққа отырдың. Себебі
артқы орындықта орын жоқ.
Келесі аялдамада бір үлкен
кісі мінді. Сен үлкен
кісіге орын бересің бе, әлде
жолдасыңнын тұрып орын
бергенін күтесің бе?
Слайд 225. Саған анаң өзі жұмыстан
келгенше үйді жинастырып
қоюды тапсырды.
Сен
достарыңмен ойнап жүріп
бұл өтінішті ұмытып кеттің.
Анаң жұмыстан
келіп,
өзі үйді жинап қойыпты.
Сен келгенде анаң
ренжулі еді. Сенің әрекетің?
Слайд 241. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың
бас бармағының үстінде жатса, параққа
«2» деп жазыңыз, егер сол
қолыңыз үстіде жатса - «1».
Слайд 252. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол
көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық
қалса - «2».
Слайд 263. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз
саусақтары оң қолыңыздың
үстінде жатса, «1» санын жазыңыз,
егер оң
қолыңыз үстіде жатса - «2».
Слайд 274. Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1»,
егер оң қолыңыз
болса, онда «2». Қорытындысын сандардың
орналасу тәртібі
бойынша анықтаңыз:
Слайд 28«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты,
консерватизм, біреулермен
шиеленісуден,
ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212»
- өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен
пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді.
Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды,
әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі
қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды,
адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық,
адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
Слайд 29«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде
жігерлік пен батылдық
жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді.
Өте
ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым.
Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім.
Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым.
Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
Слайд 30«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ
рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін
мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Слайд 31Адамгершілік қасиет- жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Адамдық
борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы
атар таң үшін.