Слайд 1Адам және жер шары
Дайындаған:Сатыпалдиева Аяулым Жарылқасынқызы
9 “В” сынып оқушысы.
Слайд 2Мақсаты:
Табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жер-Ананың қадір қасиетін бағалау.
Міндеттері:
-Жер-Ананы
қадірлеуге тәрбиелеу;
-Отанға,табиғатқа деген махаббаттарын ояту;
-Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықтарын кеңейту.
Слайд 3Адам – табиғаттың бір бөлігі. Адам табиғатты, оның төрт құдіретін сүйе
білу керек және
қоршаған ортаға, өз-өзіне, жақын адамдарына қамқорлық жасау керек.
Біздің
жеріміз – мейлінше жомарт.Оның шалқыған кең даласы, орман-тоғайлары тау-қыраттары табиғи өсімдіктерге бай. Өсімдік ауаны тазартады. Ол оттегін бөліп, көмір қышқыл газын жұтады.
Құстардың сайрауы, бұлақтың сылдыры адам денсаулығына оң әсеретеді.
Қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаны ластанудың басты көзіне айналып отыр.
Табиғи ортаға айналаны ластайтын сұйық, қатты және газ тәрізді заттар көптеп түсіп жатыр. Өндіріс қалдықтары, машиналардан шыққан газдар су қоймаларын, тағамдарды, топырақ пен атмосфераны ластайды. Осының бәрі тірі организмге, әсіресе адам денсаулығына теріс әсер етеді. Бұдан адам қорғаыш қасиеттерінен айырылады.
Экология дегеніміз – организмдердің және өмір сүру ортасымен өзара бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Ол «эйкос»-үй, баспана, Отан, «логос»-ғылым деген екі сөзден тұрады. Табиғат – туған үйіміз, Жер-Ана-туған жеріміз, оны сақтап, қорғай білу міндетіміз. Табиғат, Туған жер, Атамекен бір-бірінен ажырамайтын ұғым.
Слайд 4Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі.
Табиғат – тіршілік нәрі.
Жер – табиғаттың төрт құдіретінің бірі.
Табиғаттың
төрт құдіреті дегеніміз – жер, су, ауа, күн. Бұлар табиғаттың
сыйы, бүкіл тіршілікке өте қажет.
Слайд 5Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер сүтінде аштың сен тіршілік
есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да
Жер-жаһанды аялап тұр алақанында
Жер-Ана мен
өз анам егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, Жер-Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Слайд 6Жер туралы мақал-мәтелдер:
«Жері байдың-елі бай».
«Күте білсең, жер жомарт».
«Жерді теппе, топырақты
шашпа».
«Туған жердің ауасы шипа».
«Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді».
Әуелі
тәңірі жерге береді,
Жерге берсе елге береді,
Елге берсе ерге береді.
"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау".
Бидай қырда, күріш Сырда,
Жемістердің ғажабы Жетісуда.
Бұрын қонған қоныс алады,
Кейін қонған өріс алады.
Слайд 7Әлем қалаларының ең көрнекті орындары
Ұлы Қытай қорғаны.
Колизей.
Слайд 8Бостандық мүсіні
Джордж Вашингтон көпірі.
Слайд 9Сиднейдегі опера театры.
Париж, Лувр пирамидасы.
Слайд 10Вестминстер сарайы.
Дуомо ди Милано
Слайд 11Тәж-Махал.
Петронас мұнаралары, Куала Лумпур.
Слайд 12Cristo Redentor — Рио-де-Жанейродағы Корковаду тауының шыңында орналасқан Иса пайғамбардың әйгілі
мүсіні.
Мысыр пирамидалары мен Гиза қорымы.
Слайд 14Burj Al Arab қонақ үйі.
Атомиум. Брюссель.
Слайд 15Адам үшін тыныс алуға таза ауа, ішуге мөлдір су, тіпті
өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет. Табиғат -әрқашан да адамнан
күшті және солай бола бермек те,өйткені адам — оның бір ғана сәті, шынашақтай бөлшегі. Табиғат –мәңгілік және шексіз.
Еңбек адамды парасатқа жеткізеді. Жер қорек пен баспана береді. Ғылым алға жетеледі. Бірақ табиғатпен ойнауға болмайды. Жер –ананы, табиғатты өз
анасындай құрметтей білген адам өз өмірінің мәнін түсіне алады.
Слайд 16Табиғаттың басты байлығы – жер екен. Жер-Ана – біздің қазынамыз,
байлығымыз. «Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез қартая бастады
» деген сөзді Э.Циолковский айтқан. Жер асты байлығын игеру қажеттілік болғанымен, қоршаған ортаға үлкен әсер ететінін де білуіміз керек. Мысалы, біздің жерімізде де Каспий су айдынындағы мол байлық теңіз жағалауындағы елдердің жағдайын шейленістіруге емес, қайта оларды біріктіруге қызмет етуі тиіс. Сонда ғана қоршаған орта таза, балық қоры мол болып, теңіз түбіндегі, жер астындағы мұнай халық қадесіне жұмсалады.
Жер шары – кең әлем. Жер-Ана – бай қазына. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.