қалқанша безі мойынның ортасына таман,көмейдің астында орналасқан.Ол онша үлкен емес.Салмағы
15-30 г шамасындай.Қалқанша безінің негізі де әсіресе активті гормоны тироксин мен трийодтиринин.Ол гормондар тирозин амин қышқылынан түзіледі.Тиреоглбулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды.Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыға конденсациялану жолымен түзіледі,бұл кезде аланин бөлініп шығады.Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.