Разделы презентаций


Алкогольдің ұрыққа әсері

Содержание

Жоспар.I Кіріспе.II Негізгі бөлім.Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі.Фетальды алкогольді синдром.Клиникалық көрінісі,диагностика және емі.III Қорытынды.IV Пайдаланған әдебиеттер.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қабылдаған:Алиманова М.
Орындаған:Төлеген А.
Тобы:ЖМ-224
Алкогольдің ұрыққа әсері.

Қабылдаған:Алиманова М.Орындаған:Төлеген А.Тобы:ЖМ-224Алкогольдің ұрыққа әсері.

Слайд 2Жоспар.
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім.
Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі.
Фетальды алкогольді синдром.
Клиникалық

көрінісі,диагностика және емі.
III Қорытынды.
IV Пайдаланған әдебиеттер.

Жоспар.I Кіріспе.II Негізгі бөлім.Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі.Фетальды алкогольді синдром.Клиникалық көрінісі,диагностика және емі.III Қорытынды.IV Пайдаланған әдебиеттер.

Слайд 3Зерттеу мақсаты.
Студенттерге және болашақ ата-аналарға алкогольдің ұрыққа және оның болашағына

тигізетін әсерін түсіндіру.

Зерттеу мақсаты.Студенттерге және болашақ ата-аналарға алкогольдің ұрыққа және оның болашағына тигізетін әсерін түсіндіру.

Слайд 4Зерттеу сұрақтары:
Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі қандай?
Ұрықтың алкогольдік синдромы дегеніміз

не?
Алкогольге құмарлықтың зардабы қандай?

Зерттеу сұрақтары:Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі қандай?Ұрықтың алкогольдік синдромы дегеніміз не?Алкогольге құмарлықтың зардабы қандай?

Слайд 5Кіріспе.
Маскүнемдік— жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың

пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.Маскүнемдік

әйелдерде жиі 30-50 жас аралығында дамиды, еркектерге қарағанда 7-10 жылға кеш, бірақ прогрессия тез жүреді. Еркектерге қарағанда тәуелділік тез дамиды. Ер адамның маскүнемге айналуы 10-15 жылды қамтыса, әйелдер 3-5, кейде одан да аз уақытта маскүнем болып шыға келеді.  
Спиртті ішімдіктер әсіресе жүкті және бала емізіп жүрген әйелдер үшін ерекше зиян. Өйткені алкоголь әйелдің қаны арқылы жатырдағы балаға еркін өтеді, ал емшек сүтіне араласқан алкоголь нәрестеге зардап шеккізеді. Спитртті ішімдіктің , яғни алкогольдің ұрпақ үшін зиян екені ерте кездерде-ақ белгілі болған. Ертедеде Римде 30-ға дейінгі жастардың арақ- шарап ішуіне тыйым салатын заң шығарған.Бұрынғы уақытта маскүнем ата-анадан жарымжан бала туған балаларды Францияда «жексесенбі күні көңіл көтеріп арақ ішуден пайда болған балалар», «көңілді кеш жиыннның балалары» деп атаған.




Кіріспе.Маскүнемдік— жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын

Слайд 6Жатырдағы ұрыққа алкоголь әсер еткен жағдайда ең алдымен ұрық өсіп

–жетілмей қалады, әлсіз, нашар болып туады, маскүнемдердің балаларының арасында өлім

көп болады, баланың кейбір дене мүшелері іштей жетілмей, ұсқынсыз болып туады.Әйел бала емізіп жүргенде арақ –шарап ішсе, нәрестенің нерв жүйесі бұзылады, ақыл есі нашарлайды, сәбидің асқазаны, бауыры, бүйрегі, жүрек- қан тамыр жүйесі әр түрлі ауруларға шалдығады, ақыл-есінің дамуы тежеледі. Ата-ананың спиртті ішімдіктерге ұзақ салынуы олардан туған балаларға қалай әсер ететінін дәрігердің бақылауларынан айқын көруге болады.Донсье француз дәрігері 10 алкоголиктің отбасында туған 57 баланың денсаулығын тексеріп, зерттеген. Соның нәтижесінде Донсье 25 баланың нәрестелік шақтарында өлгенін,5 баланың қояншық яғни эпилепсия ауруына ұшырағанын, 5 сәбидің гидроцефалияға шалдыққанын,12 баланың шарасыз нақұрыс болғанын, ал 10 баланы әрең-әрең дені саулар қатарына жатқызуға болатынын анықтаған.

Жатырдағы ұрыққа алкоголь әсер еткен жағдайда ең алдымен ұрық өсіп –жетілмей қалады, әлсіз, нашар болып туады, маскүнемдердің

Слайд 7Баланың іштен ауру науқас болып тууы үшін ата –анасының маскүнем,

алкоголик болуы міндетті емес.Арақ- шарапты ата –анасы бір дүркін ішкен

кезде біткен бала да жарымес кем ақыл, нақұрыс,ауру, әлсіз болып туа береді. ішкілікті аз да болса ішетін әйелдердің өмірге әкелетін сәбилерінің 80-90 пайызы — әлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды, сөйлеу мүшелерінде кемістік байқалып, терісінде түрлі аурулар болады екен. 40-50 пайызының жыныстық мүшелерінде кемістік байқалып, аяқ-қолының саусақтары қисық болып жаратылады. Ал 20-30 пайызында балалар жүрек ауруына шалдығып, көру қабілеті төмен, 10 пайызының бүйрегі толық жасамайтын күйінде өмірге келеді. Ал сыра ішетін әйелдің ішіндегі баланың миына зақым келеді екен. Сыра демекші, қазір қыз-келіншектердің көбі сыра ішеді. «Өмірімде арақ ішіп көрген жоқпын» деп мақтанып, күніге, кем дегенде, 1-2 саптыаяқ сыра ішуді әдетке айналдырған әйелдер бар. Алайда жарты литр сыраның 50 грамм арақпен тең екенін біле бермейміз. ХІХ ғасырда ағылшындар қуаты жоғары ішімдіктермен күресу үшін оларды жеңілдеу деп саналатын сырамен ауыстыруды мақсат еткен. Алайда халықтың сырамен тез дос болып, жағдайдың бұрынғыдан да ушығып кеткендігі соншалық, қазір оны шығарған елдің өзі сырамен күресіп әуре болып отыр.


Баланың іштен ауру науқас болып тууы үшін ата –анасының маскүнем, алкоголик болуы міндетті емес.Арақ- шарапты ата –анасы

Слайд 8Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі,  асқазаны, өт

жолдары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адамның іші қампиып кетеді. Одан

соң жүрегі ауырады. Сыраның құрамындағы көмірқышқыл газы қан тамырларына күш түсіреді. Қан тамырларына күш түскесін, жүректің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді. Мұны дәрігерлер «жүректің сыра синдромы», кейде «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды. Сыраны көп ішетін әйелдердің әйел сиқы қалмайды, дене тұрқы ерлердікіндей болып өзгеріп, кейбір әйелдерде тіпті мұрт шығатын болады. Арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер жиі кездеседі, Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Б.Мұрзатілеуованың айтуынша, бұрын 3-4 жыл бойы алкогольді ішімдік ішкен адамдарға созылмалы маскүнемдік диагнозы қойылатын болса, қазір адамдар бір жылдың ішінде араққа тәуелді болып қалу жағдайлары жиі кездеседі екен.
Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі,  асқазаны, өт жолдары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адамның іші

Слайд 9 Швейцариялық балалар дәрігері мыныдай қызық жайды баяндап жазады. Оны

аптаның белгілі бір күндері- дүйсенбі мен бейсенбі күндері емшек емгеннен

кейін аяқ-қолы дірілдеп талып қала беретін нәрестені көруге шақырады. Бала дүйсенбі мен бейсенбіден басқа күндері талмайды екен. Анасының дені сау. Дәрігер сұрастырып тексере келе балалы әйелдің аптасына екі рет сәрсенбі мен жексенбі күндері жұмысқа бармай демалатынын анықтайды. Міне, осы жұмыстан қолы бос демалыс күндері ол арақ-шарапты бас көтермей еркін сілтейтін болған. Сөйтіп келесі күні алкоголь емшек сүті арқылы нәрестенің организіміне өтіп, оны талма ауруға ұшыратқан. Бала емізіп жүрген әйел осыдан кейін арақ –шарап ішуді қояды, сөйтіп баласының қалтырап- дірілдеп талып қалуы да басылады.
Швейцариялық балалар дәрігері мыныдай қызық жайды баяндап жазады. Оны аптаның белгілі бір күндері- дүйсенбі мен бейсенбі

Слайд 11Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі.
Алкоголь адам ағзасына плацента және гемато-энцефалдық

барьерден оңай өтіп,ұрықтың қан айналымына түседі де оның улануына және

жеткілікті тамақтанбауына алып келеді.Алкоголь мөлшері анасы мен ұрықта бірдей болып,ұрықтың тіні мен мүшелерде этил спирті жоғары концентрацияда болады.Құрамындағы спирт (этанол) және оның ыдыраған өнімдері (ацетальдигид) жолдастың қантамырларының тарылтады және кіндіктің спазмын шақырады.Осының салдарынан ұрықта оттегі жетіспеушілігі,глюкоза мен оттегінің церебральдық метаболизм бұзылысы,гипогликемия,витамин мен микроэлементтердің жетіспеушілігіне,тыныстың тежелуі мен мидың биоэлектрлік белсенділігінің төмендеуі дамиды. Және әртүрлі органдардың жұмысын бұзады, өйткені эмбрионның немесе ұрықтың бауыры әлі алкоголь әсеріне қарсы тұра алмайтын жағдайда болады.Себебі ересектерде этанолды бұзатын алкоголь-дегидрогеназа ферменті ұрықтың бауырында өндірілмейді.Ацетальдегид ұрық жасушаларындағы цинкті азайтып,олардың өсуі мен дамуын тежейді.Онымен бірге ұрық жасушаларының ДНҚ зақымдап,тұрлі ақауларға әкеледі. Маскүнемдіктен зардап шеккен әйелдерден туған нәресте басқа сәбилерге қарағанда басқаша дамиды және физиологиялық өзгешеліктері айқын байқалады. Оның бойы қысқа, салмағы аз, бас көлемі шағын болып келеді. Бұндай балаларда құрсақтағы кезеңнің өзінде  алкогольді тәуелділік дамып, ағзасының дамуында әртүрлі кемістіктер байқалады. Балаға дене бітімінің кеш қалыптасуы және ой санасының дамуы артта қалу қаупі төнеді.
Алкогольдің ұрыққа әсер ету механизмі.Алкоголь адам ағзасына плацента және гемато-энцефалдық барьерден оңай өтіп,ұрықтың қан айналымына түседі де

Слайд 13Фетальді алкогольдік синдром (ФАС).
Ұрықтың алкогольді синдромы- әйелдің жүктілік кезінде немесе

оған дейінгі уақытта алкогольді ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда

болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтығы.ФАС зардаптары сәби туылған кезден бастап,адам өмірінің соңына дейін сақталады.ФАС ішімдікке салынған және жиі ішіп тұратын әйелдерден туған балаларда көп кездеседі.Бұл синдромның дамуындағы басты себеп-жүктіліктің кез-келген триместрінде жүкті әйелдің алкоголь қабылдауы.ФАС дамуындағы негізгі факторларға алкоголь мен ацетальдегидтің ұрықты молекулалық деңгейде зақымдауы мен ұрық гипоксиясы мен витамин,микроэлементтердің дефициті жатады.Алкогольды бірінші триместрде қолдану-тума ақаулар мен ұрықтың құрсақішілік өліміне,екінші триместрде-ОЖЖ құрылымдық бұзылысы мен сүйек-бұлшықет ақауларына,үшінші триместрде қолдану-ОЖЖ функциональды бұзылысы мен ұрықтың өсуі мен дамуының тежелуіне соқтырады.
Фетальді алкогольдік синдром (ФАС).Ұрықтың алкогольді синдромы- әйелдің жүктілік кезінде немесе оған дейінгі уақытта алкогольді ішімдіктерді тұтыну салдарынан

Слайд 15Фетальді алкогольдік синдром белгілері:
Ұрықтың дамуы кешеуілдейді, Дене массасы аз болып

туылады, бойы аласа, бойы мен салмақ өсуі баяу жүреді;
Бет-әлпет ерекшеліктері:

кішкене бас, әсіресе бет тұсы, сығырайған көз,қитарлық, қабақтағы ерекше қатпар, мұрынның жоғарғы ерінге дейінгі вертикальды жүлгесі өте жіңішке,жұқалтаң жоғарғы ерін немесе қоян ерін,құлақтары үлкен.
Тума жүрек ақаулары:ашық артериялық өзек,ҚАПА,ЖАПА,Фалло тетрадасы жиі кездеседі.
Несеп-жыныс аурулары:блефарофимоз,гипоспадия,қынаптың қосарлануы.
Микроцефалия,эпилепсия;ақыл-ойындағы кемістіктер.
Туылған соң балаларда белая горячкаға ұқсас синдром байқалады. ерін.Балаға қозғыштық,гиперактивтілік,қимыл координациясының бұзылуы,ақыл-есінің кем болуы,ұстау және сору рефлекстерінің әлсіз болуы тән.Мишық зақымданса,тырысулық ұстамалар жиі қайталанып отырады.






Фетальді алкогольдік синдром белгілері:Ұрықтың дамуы кешеуілдейді, Дене массасы аз болып туылады, бойы аласа, бойы мен салмақ өсуі

Слайд 18Диагностика.
Анамнез жинау (анасының жүктілік кезінде алкогольді қолдануы);
Фетальды алкогольді синдромға тән

бет-әлпет ерекшелігі:көз саңылауының тар болуы + жұқа жоғарғы ерін +

мұрын-ерін ойығының тегістігі;
Бойы мен салмағының жеткіліксіздігі;
Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық,функциональдық патологияларының анықталуы;
Басқа синдромдармен қосарлануы.

Диагностика.Анамнез жинау (анасының жүктілік кезінде алкогольді қолдануы);Фетальды алкогольді синдромға тән бет-әлпет ерекшелігі:көз саңылауының тар болуы + жұқа

Слайд 20Емі мен асқынуы:
ФАС емдеуде нақты жүйе қабылданбаған.Науқас балаға симптоматикалық терапия

мен педагогикалық-социальды қолдаумен бірге комплекстік ем көрсетіледі.Қосарланған ауруларына байланысты (жүрек

ақаулары,анальдық тесіктің болмауы)оперативты ем қолданылуы мүмкін.Фетальды алкогольді синдроммен туылған балада физикалық,психикалық бұзылыстар болғандықтан қоғамдық ортада проблемалар туындауы мүмкін.ФАС жеңіл түрі болса да физикалық ауытқулар болмаса да психикалық ауытқулар басым болады.Бала қозғыш,эмоциональды,ойлау және есте сақтау қабілеті төмен болады.
Емі мен асқынуы:ФАС емдеуде нақты жүйе қабылданбаған.Науқас балаға симптоматикалық терапия мен педагогикалық-социальды қолдаумен бірге комплекстік ем көрсетіледі.Қосарланған

Слайд 21Ішімдікке құмар аналардан туылған нәрестелер мысалы:

Ішімдікке құмар аналардан туылған нәрестелер мысалы:

Слайд 30Қорытынды.
Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін  188 елдің қатарында 34-ші

орында тұрған көрінеді. Статистикаға қарағанда, Орталық Азиядағы ең «маскүнем» ел

— Қазақстан. Елімізде жан басына шаққанда әр адам жылына 12 литр алкоголь өнімін пайдаланады. Ал әлемдік көрсеткіштер бойынша жылына 6 литрден астам спирт пайдалан­ған ел деградацияға ұшырайды екен.Елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Қазір Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандардың саны 500 мыңнан асады. Соңғы бес жылда елімізде мас күйінде жасаған қылмыстар саны екі есеге артып кеткен — 13 мыңнан астам қылмыс жасалыпты. Спиртті ішімдік ішкендердің қолынан үш мыңнан астам адам қаза болған. Ішіп алып, көлікке отырған жүргізушілердің кесірінен 500-ге жуық қаза такып, 2500 адам жарақат алған. Тағы жүздеген ана ішкіліктің салдарынан аналық құқынан айырылып, жүздеген баланы жетімдер үйіне тапсырды.  Елімізде 30 мыңға жуық ішімдікке салынған әйелдер бар екен.Алкогольдің әйел организміне қалай әсер ететінін білу маңызды, өйткені адамзат тегін жалғастырушы ретінде әйелдің бойында келешек ұрпақ денсаулығының негізі қаланады. Әйел денсаулығына кері әсер еткен алкоголь оның жыныс ағзаларының қалыпты қызметін бұзады. Белгілі орыс зертеушісі С.З. Пащенков созылмалы маскүнемдіктен емделген 3300 әйел пациентті 5 жыл бойына бақылаған. Олардың 85,3 процентінде созылмалы кеселдер болған, оның ішінде 40,6 проценті жыныс аумағындағы дертерден жапа шеккен.Толықтай алғанда, спиртті ішімдіктерді шектен тыс тұтынатын әйелдерде ішпейтін әйелдермен салыстырғанда әр түрлі гинекологиялық кеселдер 2,5 есе жиі байқалды. Спирттік ішімдікті жүктіліктің өн бойына тұтыну аса қауіпті, себебі алкоголь ұрықты қоректендіретін қан тамыр бойымен бала жолдасы арқылы анасынан жатырдағы ұрыққа жеңіл өтеді. Сөйтіп алкогольдің у ретіндегі зардап дәмін болашақ бала жатырда жатып-ақ тарта бастайды, алкогольмен жарық дүниеге келмей жатып танысады.  
 
Қорытынды.Қазақстан әлем бойынша ішімдікті көп ішетін  188 елдің қатарында 34-ші орында тұрған көрінеді. Статистикаға қарағанда, Орталық Азиядағы

Слайд 32Пайдаланған әдебиеттер.
Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. Учебное пособие для студентов педагогических

вузов. - М.: Высшая школа, 2009, 384 с.
Заблудовский А.П., Майзелис

М.Я., Шихов С.Н. // Последствия алкогольной интоксикации для потомства. - М.: Наука, 1989. - C. 90.
Пальчик А.Б., Федорова Л.А., Легонькова С.В. «Фетальный алкогольный синдром»: методические рекомендации.- СПб, 2006 - 24 с.
Пайдаланған әдебиеттер.Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. Учебное пособие для студентов педагогических вузов. - М.: Высшая школа, 2009, 384

Слайд 34Дүниежүзілік ішімдікке қарсы күн?

Дүниежүзілік ішімдікке қарсы күн?

Слайд 35Болашақ жарыңыздың жасырын түрде ішімдікке өте жиі әуес болып,ішіп жүргенін

байқадыңыз.Сіздің әрекетіңіз?

Болашақ жарыңыздың жасырын түрде ішімдікке өте жиі әуес болып,ішіп жүргенін байқадыңыз.Сіздің әрекетіңіз?

Слайд 36Билік сіздің қолыңызда болса,спирттік ішімдікпен қалай күресер едіңіз?

Билік сіздің қолыңызда болса,спирттік ішімдікпен қалай күресер едіңіз?

Слайд 37Сіз дәрігерсіз,сіздің қабылдауыңызға 22 апталық жүкті әйел келеді.Сұрастыра отыра сіз

оның тұрақты ішімдікке құмарлығын анықтайсыз.Сіздің әрекетіңіз?

Сіз дәрігерсіз,сіздің қабылдауыңызға 22 апталық жүкті әйел келеді.Сұрастыра отыра сіз оның тұрақты ішімдікке құмарлығын анықтайсыз.Сіздің әрекетіңіз?

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика