Разделы презентаций


Алкоголизмнің, Нашақорлықтың, Уытқорлықтың Патофизиологиялық

Содержание

ЖОСПАРЫКіріспеНегізгі бөлім:Нашақорлықтың патологиялық аспектілері;Алкоголизмнің патологиялық аспектілері;Уытқырлықтың патологиялық аспектілері;ҚорытындыПайдаланған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Алкоголизмнің, Нашақорлықтың, Уытқорлықтың Патофизиологиялық аспектілері
Орындағандар: Асенов Зияутдин

Ерден Жазира
Қабылдаған: Тасқынова Г.
ЖМ-312
Алкоголизмнің,  Нашақорлықтың, Уытқорлықтың  Патофизиологиялық аспектілеріОрындағандар: Асенов Зияутдин

Слайд 2ЖОСПАРЫ
Кіріспе

Негізгі бөлім:
Нашақорлықтың патологиялық аспектілері;
Алкоголизмнің патологиялық аспектілері;
Уытқырлықтың патологиялық аспектілері;

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

ЖОСПАРЫКіріспеНегізгі бөлім:Нашақорлықтың патологиялық аспектілері;Алкоголизмнің патологиялық аспектілері;Уытқырлықтың патологиялық аспектілері;ҚорытындыПайдаланған әдебиеттер

Слайд 3КІРІСПЕ
Адамның көңіл-күйіне әсер ететін
заттарды жан-дүниеге белсенді
заттар дейді. Оларға: психотроптық
дәрілер,

есірткі, темекі, ішімдік және
уыттыларға әуестендіретін
заттар жатады

КІРІСПЕАдамның көңіл-күйіне әсер ететінзаттарды жан-дүниеге белсенді заттар дейді. Оларға: психотроптықдәрілер, есірткі, темекі, ішімдік және уыттыларға әуестендіретін заттар

Слайд 4Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік,

құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы

ауру. Наркологтарда «наркогендік» деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшінші-бесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған, жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне -жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры бұл «сыздау» — барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және азапты ауру.

Нашақорлықтың патологиялық аспектілері;

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде

Слайд 5Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да реакциясы бар. Ол жиі

қолданудың әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның табиғи гормондарын алмастырып, арнайы

эффектілерді реттейтіндіктен жағдай жасайды, ағза өзінің алмастырушысына «сеніп», сәйкес гормондарды бөлуді толығымен тоқтатуы мүмкін. Мысалы, апиындарды қолдануда адам толығымен жағымды эмоцияны сезіну қызметінен айырылады, оның ағзасы жөтелмен, аурумен күресе алмайды. Есірткінің қарастырылған әрекеттерінің әсерінен ағзада тәуелділік пайда болады.
Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да реакциясы бар. Ол жиі қолданудың әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның табиғи

Слайд 6Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні

қолдануды тиған кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда болады, ауыр физикалық

және психикалық бұзылулар пайда болады, ұстама аурудың, естің бұзылу психозы, галлюцинация, саңдырақтаудың пайда болуы мүмкін. Ағза жүйесінің барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде болады, қатты бұлшық ет аурулары, қалшылдау, селкілдеу және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар қантамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық білдіреді.

Есірткіге тек психологиялық, теориялық қана тәуелді болған адам өз-өзіне зақым келтірмесе, мұндай жағдайға төзуі мүмкін. Кокаин және апиынның әсерінен пайда болған физикалық тәуелділік келесідей сезіледі. Заталмасу бұзылып, ағза өзгереді және есірткісіз қызмет ете алмайды. Мұндай жағдайларда науқастарға аз мөлшерде есірткі белгіленеді. Мысалы, героинге тәуелділікке кейбір жағдайларда өмір бойғы жаңа әдістік емдеу белгіленеді (инсулинді алатын диабетпен ауратындарды салыстыруға болады).

Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні қолдануды тиған кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда

Слайд 7Есірткі туралы жалпы мағлұматтар
Грек тілінде “ ұйқы” мағынасын білдіреді.

Narke” сөзі ағылшын тілінде “Narkotik” деген сөзге айналған.
Құрамында мастандыратын, ашуландыратын,

тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.
Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады.
Есірткі — табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі — есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді

Есірткі туралы жалпы мағлұматтар Грек тілінде “ ұйқы” мағынасын білдіреді. “ Narke” сөзі ағылшын тілінде “Narkotik” деген

Слайд 8Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене

мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған

адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын, әлсіз болып қалады.
Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады.

Слайд 9Есірткінің түрлері
Апиын
Морфин
Героин
Марихуанна
Кокаин

Есірткінің түрлеріАпиынМорфинГероинМарихуаннаКокаин

Слайд 10Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе

сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның

ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана –

Слайд 11Марихуана
Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе

рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың

бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.

Марихуана шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды.
МарихуанаМарихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы

Слайд 12Героин
Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан

кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы

ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.

Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
ГероинГероин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008

Слайд 13Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі.

Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін

езеді.

Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.

Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады
КокаинКокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе

Слайд 14Алкоголизмнің патологиялық аспектілері
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның

денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік

мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің патологиялық аспектілері Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам

Слайд 15 Алкоголизмнің патологиялық аспектілері
Алкоголизм –

психоактивті заттарға тәуелділіктің түрі. Ол спиртті ішімдіктерге психологиялық және физиологиялық

құмарлықпен сипатталады.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

Алкоголизмнің патологиялық аспектілеріАлкоголизм – психоактивті заттарға тәуелділіктің түрі. Ол спиртті ішімдіктерге

Слайд 16Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады,

қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне

әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың жүйке клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады. Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады

Слайд 17Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін

жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт

бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды.
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде

Слайд 18Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті

зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық арасында ішімдіктің арқасында

бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.
Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық

Слайд 19Уытқырлықтың патологиялық аспектілері
Уытқорлық(токсиманиялар)- есірткілердің қатарына жатпайтын (солардың ішінде дәрә-дәрмектер, ішімдіктер,

никотин т.с.с.) уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын дерт түрі.

Медициналық жағынан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін түсінік. Олардың бір-біріне ауысуы мүмкін. Мысалыға: нашақор артынан уытты заттарға, уытқорлар артынан есіркілерге ауысуы мүмкін. Соған қарамай маскүнемдік медицинада бөлек ауру түрі ретінде қаралады.
Уытқырлықтың патологиялық аспектілеріУытқорлық(токсиманиялар)- есірткілердің қатарына жатпайтын (солардың ішінде дәрә-дәрмектер, ішімдіктер, никотин т.с.с.) уытты заттарды артық қабылдаудан дамитын

Слайд 20Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр

мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы,

еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Медициналық жағынан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін түсінік. Олардың бір-біріне ауысуы мүмкін. Мысалыға: нашақор артынан уытты заттарға, уытқорлар артынан есіркілерге ауысуы мүмкін.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және

Слайд 21Уытқорлықтың негізгі түрлері

Транквилизаторлар
Психостимуляторлар
Антидепресанттар
Ұйықтататын дәрілер
Никотин

Уытқорлықтың негізгі түрлері ТранквилизаторларПсихостимуляторларАнтидепресанттарҰйықтататын дәрілерНикотин

Слайд 22Ұйқы тудыратын заттарды шектен тыс тұтыну уытқұмарлық болып есептеледі.
Барбитуратты қышқыл

өнімдеріндегі ұйқы тудыратын заттарға: веронал, фенобарбитал, барбамил, нембутал жатады. Әсер

ету ұзақтығы бойынша барбитураттарды үш топқа бөледі: қысқа мерзімді әсерлі (тиопентал, гексонал), аралық мерзімді әсерлі (амитал-натрий, барбамил, нембутал), ұзақ мерзімді әсерлі (веронал). Тәуелділіктің қалыптасу мерзімін препараттың дозасы, қабылдау жиілігі және енгізу тәсілі анықтайды.

Барбитураттармен жедел немесе созылмалы уыттану (интоксикация) кезінде: тежелу, қозғалыс бағдарсыздығы (дискоординация), гипомнезия, тілдің күрмелуі, сынның бұзылысы, эмоционалдық тұрақсыздық, сексуалдық және агрессивтік әуестіктің жүгенсіздігі, тұлғалық біліністердің үшкірленуі байқалады. Барбитураттарды ұдайы тұтынудағы 2-3 жылдан соң тұрақтануы болады. Тұрақтану кезеңінің ұзақтығы науқастарда – бірнеше жыл, ал нашақорларда – 4-6 ай. Одан соң доза азайтылады және бұл кезеңде науқастарда мөлшерден артық тұтыну дамиды. Дәріні мөлшерден артық тұтынғанда бас айналу, жүрек айну, құсу, көздегі шаншу, сілекей ағу, суық тер пайда болады. Одан әрі кома дамиды. Өлім тыныс алудың тоқтауы және жүректік-қан тамырлық тапшылық нәтижесінде пайда болады.

Ұйқы дәрілерге уыттану:

Ұйқы тудыратын заттарды шектен тыс тұтыну уытқұмарлық болып есептеледі.Барбитуратты қышқыл өнімдеріндегі ұйқы тудыратын заттарға: веронал, фенобарбитал, барбамил,

Слайд 23Абстиненттік синдром препаратты алып тастағаннан кейінгі тәулік бойында туындайды. Алаңдау,

ызалану, жылаймандық, ұйқы бұзылуы, ұйқы қашу, дисфория, буындардағы ауыру, жүрек

айну, құсу, қол, тіл, қабақ дірілі пайда болады. Қаны қысымы тұрақсызданады, кейде құрысулар, сананың делириоздық бұзылысы, паранойдтық бағыттылау білінеді.
Барбитураттармен созылмалы уыттану тез (4-5 жылда) тұлғаның дөрекі өзгерісіне жетелейді: алдымен ызалану, дисфория, кейіннен ойлау үдеріс екпіні баяулайды, жад төмендейді, әлеуметтік дезадаптация дамиды.


Абстиненттік синдром препаратты алып тастағаннан кейінгі тәулік бойында туындайды. Алаңдау, ызалану, жылаймандық, ұйқы бұзылуы, ұйқы қашу, дисфория,

Слайд 24Антидепрессанттар депрессияның симптомдарын алып тастайды: апатия, психиканың бұзылыстары, көңіл күй

төмен болады, негізі соматикалық дерттер пайда болуы мүмкін. Антидепрессанттар ден

саушылығы түзу адамға әсер етпейді. Депрессияның болу формасына қарап әр түрлі препараттар қолданамыз. Мыс: астеникалық жағдайларда ынталандыратын қасиеті бар антидепрессанттар қолданамыз. Егер депрессия үрей шақырса онда психоседативті әсері бар антидепрессанттар қолданамыз.

Кері әсерлері: бұл препараттардың әсерлері холеноблокаторлармен әсерлері өте ұқсас психикалық күйзеліс қан қысымының өзгеруі, диспепсикалық бұзылыстар, гепатотоксикалық әсерлер және аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, нерв клеткасының мембранасынан натрий ионының өтуін бұзады. Бұл бір қалыпты жағдай жасап адамның бұршылуын тоқтатады және орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлардың процестеріне әсер етеді.

Антидепрессанттар депрессияның симптомдарын алып тастайды: апатия, психиканың бұзылыстары, көңіл күй төмен болады, негізі соматикалық дерттер пайда болуы

Слайд 25Психостимуляторлар орталық жүйке жүйесін ынталандырады, ой жұмысын жақсартып, ауыр жұмыс

істеу қабілетін де көтереді. Көңіл күйді жақсартады, тітіркендіргіш әсерлерді алмауға

ынталандырады, тамақ ішуді және ұйқтауды азайтады бірақ ой және ауыр жұмыс біздің ағзамыздағы резервтерді азайтады. Психостимуляторларды жиі ұзақ қолдансақ психикалық нерв жүйесі тозады. Бір рет қабылдағанның өзінде дем алған дұрыс дәрілік бейімдеушілік пайда болады (әсіресе фенаминнен) сондықтан бұл дәрілік заттарды

тек қана рецепт арқылы қолданып қабылдағанда сақ болуымыз керек. Фенамин сыртқы симпатомимикалық әсер көрсетіп: қан қысымын көтереді, тахикардия шақырады жүректің жиырылуы күшейеді, көздің қарасы кейеді, бронхтың бұлшық еттері босайды. Меридиламин сиднокардта бұл әсер аз мөлшерде. Сиднофен антидепрессивті әсер көрсетіп психостимуляторлық әсері аз. Кофеинде психостимуляторлық әсері жоғары бірақ аналептикалық әсер көрсетеді. Психостимуляторлар (сиднгокард, сиднофен, меридил).

Кері әсері: ұйқысыздық (сондықтан күндізгі уақытта таңертеңнен түске дейін қабылдайды) тітіркену, бас аурады, жүрек ауырады, қан қысымы жоғарлайды, ауыз қуысы құрғақ болады, психоз көбейеді.

Психостимуляторлар орталық жүйке жүйесін ынталандырады, ой жұмысын жақсартып, ауыр жұмыс істеу қабілетін де көтереді. Көңіл күйді жақсартады,

Слайд 26Хош иісті ( ароматикалық ) заттарға уытқұмарлық. Бұл көмірсутектері бар

әртүрлі еріткіштер, лактар, желімдер, егілетін иістерді, химиялық немесе жасанды заттарды,

тұрмыстық химиялық құралдарды және белгілі бір дәрілерді иіскеуге уыттанумен сипатталады.

Мұндай заттардың әсерінен адам мас болады, шалықтайды, сандырақтайды, психикалық ауруға ұшырайды. Организм оған тез үйренеді де, барған сайын көбірек доза қабылдауды талап етеді. Көп кешікпей өмірлік-маңызды мүшелердің қызметі бұзыла бастайды, адамның есте сақтау, ойлау қабілеті күрт төмендейді.

Хош иісті ( ароматикалық ) заттарға уытқұмарлық. Бұл көмірсутектері бар әртүрлі еріткіштер, лактар, желімдер, егілетін иістерді, химиялық

Слайд 27Никотинге туелділік.
Никотин — өсімдіктердің Solanaceae тобында кездесетін алкалоид. Көбiнес

темекіде, аз мөлшерде қызанақтарда, картопта, кәдiде болады. Сонымен бiрге никотин

алкалоидтары көкi жапырақтарында кездеседі. Никотин табакта 0, 3 - 5 % м-лшерінде болады. Никотин биосинтезі тамырда, жиналуы - жапырақтарда жүреді. Никотин - қатты әсер ететiн күші бар нейротоксин және кардиотоксин. Әсіресе жәндіктерге әсері қатты. Бұған дейін никотин инсектицид есебінде кең қолданылды, ал дәл қазiр никотинның туындыларын қолданылу белең алуда. Никотинге тәуелділік темекіге уыттанумен сипатталады.

Күштi улағыштығы болғанымен, никотиннің аз мөлшердегі дозасын қолдануда жүйке стимуляторы есебінде жұмыс iстейдi. Адамның көңіл күйіне оның әсерi әр түрлi болады. Ол бауырдан глюкозаны және бүйрек үстi ми затынан адреналинынді бөлу арқылы ағзаны қоздырады. Ал адамда босаңдықтың сезiнулерi мен тыныштық , сонымен бiрге аздап - эйфориялық күймен сипатталады. Кейбiр адамжарда тәбеттiң төмендеуі мен метаболизмның үлкею дене массасының төмендетуiне әкеліп соғады

Никотинге туелділік. Никотин — өсімдіктердің Solanaceae тобында кездесетін алкалоид. Көбiнес темекіде, аз мөлшерде қызанақтарда, картопта, кәдiде болады.

Слайд 28Никотин организмге түсе сала қан арқылы бүкіл денеге таралады. Орташа

есеппен 7 секунд никотиннің миға жету үшiн жеткiлiктi. Организмнан никотиннен

жартылай шығаруы мерзiмі екi сағаттың көлемін құрайды. Темекi түтiнiмен тартылатын никотиннің көп бөлiгi жанып кетедi. Организмнің никотинды қабылдауының сапасы түрлі факторлардың жиынына байлнасысты: табактың түріне, фильлтдың барлығына т.б. Сағыз және иіскеуге арналған табактардың ағзаға кіргізетін никотині әлдеқайда көп. Никотин P450 цитохромасы ферментi арқылы денеге таралады. Негiзгi метаболитi - котинин.

Ас қорытуға тигізер зияны:

Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.


Тыныс алуға тигізер зияны:
 
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына тигізер зияны:

Тамырды қатайтады (атересклероз).
Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.

Никотин организмге түсе сала қан арқылы бүкіл денеге таралады. Орташа есеппен 7 секунд никотиннің миға жету үшiн

Слайд 29Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға

жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке

жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.

Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.
Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады. Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды. Темекі шегу – адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.

Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам

Слайд 30
Қорытынды.

Қорыта келгенде, адам организмі саулығын төмендетеді соған қоса адам

өмірін қысқартады немесе толығымен жойып тастайды. Есірткі заттарының әсерінен тұлға

өзгеріске ұшырайды. Мінездің акцентуациялануынан, психопатиядан, мидың органикалық зақымдануынан тұлғаның қоғамға бейімделуі қиындай түседі. Ал бұл есірткі заттардың қолдануына септеседі (проблемалардың жоқтығы, қоршағандарға деген себепсіз қайырымдылық сезімдері). Нашақор өмір қиындығынан шығуды нашақорлық елітпеден іздейді. Есірткіге тәуелділерде медикаменттерге деген ізденімпаздық, психикалық жағдайларының өзгерістігі, басқа нашақорлармен топтасу пайда болады. Тәуелді тұлғаны сипаттайтын қасиеттердің бірі кез келген іске деген қызығушылықтың жоғалуы, әуес ісінен бас тартуы. Нашақор үшін қоғамдық құндылықтар жоқ, оның жалғыз құндылығы -есеңгіреу (мастану).
Қорытынды.Қорыта келгенде, адам организмі саулығын төмендетеді соған қоса адам өмірін қысқартады немесе толығымен жойып тастайды. Есірткі

Слайд 31ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алкоголизм, наркомании, токсикомании / Л.М. Барденштейн, Н.П. Герасимов, Ю.Б.

Можгинский, Н.И. Беглянкин. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 64 с.

Наглядная

фармакология: пер. с англ. / под ред. М.А. Демидовой. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1999. – 104 с.

Патофизиология/ П.Ф. Литвицкий- М.: ГЭОТАР-МЕД 2003, с.634-640
www.google.kz

www.refarat.kz

Әділман Нұрмұхамбетұлы Алматы
2007жыл
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРАлкоголизм, наркомании, токсикомании / Л.М. Барденштейн, Н.П. Герасимов, Ю.Б. Можгинский, Н.И. Беглянкин. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика