Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
Астана
– Егемен Қазақстанның астанасы
Орындаған: 119 ЖМФ
Абенова Ж.
Тексерген: Абдрахманова К.Ж.
Қарағанды 2010
ж.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
Астана – Егемен Қазақстанның астанасы және халқы.
Орындаған:102Стом Базарбай М.О.
Тексерген: Мукатаева Г.А.
Қарағанды 2012 ж.
Слайд 2 Кіріспе
Негізгі бөлім
Астана – Қазақстан республикасының астанасы
Тарихы
Өзін – өзі басқаруы
Экономикасы
Мәдениет және қоғам
Әлеуметтік
саласы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Слайд 3...Қалалар! Амстердам... Буэнос-Айрес... Бразилиа… Париж... Астана!.. ...Шаһарлар-бізді қоршаған табиғи ортадағы
адамдар қолымен жасалған күрделі жасанды орта! Оның әр ғимаратына сәулетшілердің,
инженер-құрылысшылардың дарыны, еңбектері, ой-армандары өрілген. “Қалалар-біздің планетамыздың әлемі, қалалар — өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да”, – деп толғанады заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов.
Кіріспе
Слайд 4Қала салу мұрасы – адамзат баласының ғажайып көркемдік дамуының ерекше
құндылығына жатады. Оның адамдардың қоғамдық-саяси, тұрмыстық өмірінде алар орны баға
жеткізгісіз. Сондықтан да, Пушкин кезінде Петербургті “Еуропаға ашылған терезе” десе, Гоголь жалпы сәулет өнерін әлемдік өшпес жылнамаға теңеген. Ал, ертедегі грек тарихшылары Сырдария бойына салынған қалалардың көптігін таңдана жазса, орыс ғалымы С.П.Толстов сырдариялық сақтардың афригидтік дәуірге дейін-ақ ғимараттарды күмбездеп жабуды шеберлікпен игергендерін ғажап көреді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” трактатындағы архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері бүкіл Таяу және Орта Шығыстағы құрылыс өнерінің негізін қаласа, екінші бір ұлы бабамыз Әбу-л-Уафа әл-Бозжани “Геометриялық денелерді салу жайыттары туралы” трактатында архитектура формаларын салу әдістерін, Гияс - ад –Дин әл-Каши бабамыз “Арифметика кілті” трактатында архитектуралық формаларды салудағы тепе-теңдіктің практикалық әдістерін айқындаған.
Слайд 51920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей
Федерациясындағы) болды.
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
Слайд 61925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.
Слайд 7Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң
жүзінде 1927 жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге
асырылды.
Слайд 8Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің
мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.
Слайд 9Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс
қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына
ие болды.
Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак (Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады.
Слайд 10Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған
бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға
Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
Тарихы
Слайд 11Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде»
атты кітабында Президент Нұрсұлтан Назарбаев былайша суреттейді:
1994 жылғы 6 шілдеде
Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты… Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін…
1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
Слайд 121998 ж. шілде 10 Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық
тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша Астана қаласына
«Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Слайд 13Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия
сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы
мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.
Өзін-өзі басқаруы
Слайд 14Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге
асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта
4 тұрақты комиссия құрылған:
әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.
Слайд 15Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына
салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін
Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
Экономикасы
Слайд 161998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді.
Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың
арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Слайд 17Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» ынтымақтастық
және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық
сауда орталығы, т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
Слайд 18Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана —
жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға
дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
Слайд 20Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр,
23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік
филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Мәдениет және қоғам
Слайд 21Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен
кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ)
күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
Слайд 22Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар
кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77
газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.
Слайд 24Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп
жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін
жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.
Әлеуметтік саласы
Слайд 25Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы
34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.
Слайд 26Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы
678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5
млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.
Слайд 27Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22
колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары
мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.
Слайд 282005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер
және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару
органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.
Слайд 29Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1
821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын
ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.
Слайд 30Көзі қарақты, зердесі ояу кез келген жан Астананы аралай жүріп,
оның ғимараттарындағы архитектуралық өрілудің еуразиялық дәстүрлер негізіндегі шығыстық тағаннан тамыр
тартқан египеттік қарапайымдылықты да, грекиялық сұлулық пен таңдай қақтырар көне александриялық және византиялық жайылма күмбездік шешімдерді де, римдік аркаларды да, бағзы готикалық құрылыс сораптарын аңғартар готика-арабтық нақыштарды да байқар еді. Астананың архитектурасындағы бұл қайталанбас өзіндік кескіндер оның ХХІ ғасыр қаласы және әлем қаласы деген аттарына әбден сай.
Қорытынды
Слайд 32Еліміз үшін аса маңызды стратегиялық мәнге ие транс-еуразиялық магистральдарға жақын
орналасқан Астана қазір осы көліктік тораптар арқылы барлық бағыттарға шығып,
экономикалық алыс-беріс байланыстары үрдістерін одан әрі қыздыра түсуде. Президентіміздің тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында-ақ, мақсат еткен “алдымен – экономика”. Мұраттарының табыспен арна тарта беруіне Астананың еліміздің жүрегінде, қолайлы экологиялық жағдай аясына берік орнығып, Қазақстан экономикасы мен өндіргіш күштерінің ырғақты дамуында шын мәніндегі көшбасшыға айналуы серпін жасауда.
Слайд 34Қазақстан тарихы. Очерк.
Қазақстан тарихы. 5-томдық.
Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы.
www.google.kz
www.yandex.kz
Қолданылған әдебиеттер