Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Иммуннология және аллергология кафедрасы
СРС
Тақырыбы:Иммундық жүйе құрылысы
Орындаған: Жумабекова
Б 3005 ЖМФ
Қабылдаған :
2015 ж
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазіргі иммунология және
оның мақсаттары
2 Даму тарихы
3 Иммундық жүйе жайлы түсінік
4 Антигендер жайлы ұғым
Қорытынды
Слайд 3Қазіргі уақытта иммунология негіздерін білу барлық саладағы дәрігерлер дайындаудағы керекті құрам
бөлігі болып табылады. Казіргі кезде иммунология клиникалық медицинадағы көптеген сұрақтарды
шешуге мүмкіндік беретін ғылымдар қатарына шықты.
Слайд 4Иммунологияның жетістіктері – жаңа, тиімділігі жоғары диагностикалық және емдік препараттардың
алынуымен, жұқпалы аурулардың төмендеуімен, көптеген ауруларды (қатерлі ісіктер, аутоиммунды, аллергиялық
және созылмалы жұқпалы аурулар) емдеу кезінде иммунокоррекциялық терапияны қолдануымен, біріншілік және екіншілік иммун жетіспеушілік жағдайлардың патогенезі мен емін зерттеумен байланысты.
Слайд 5Иммунологияның мақсаттары:
Аутоиммунды аураларды емдеудегі қолданылатын иммуносупрессивті препараттарды шығару мен
оларды жоғары сатыға көтеру
Селективті иммуномодуляторларды шағару және иммунды жүйені
қалпына келтіру мәселелерді шешуге арналған зерттеулерді жүргізу
Балалар иммунологиясының күрделі мәселелерін шешу
Иммунологиялық зерттеу әдистерді, диагностикалық жүйелерді жетілдіру жұмыстарды жалғастыру.
Слайд 6Иммунологияның даму тарихы:
Иммунология 19 ғасырда дами бастады. Оның атасы
– вируленттігі әлсіреген микробтан вакцина жасау принциптерін ашқан — Луи
Пастер. Л.Пастер – құтыруға, түйнемеге, тауық тырысқаққа қарсы вакцинаны шығарушы болады. Иммунизациядан кейін пайда болатын заттар антиденелер деп аталған. Сол жылдарда П.Эрлихтің гуморалды иммунитет теориясы шығады. Микробқа қарсы пайда болған заттарды антидене деп атады.
Сонымен қатар, иммунитеттің фагоцитарлық теориясын феноменіне сүйене отырып И.Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясын шығарады. Гуморалды иммунитетті зерттеуде Беринг мен Китазато үлкен үлес қосқан. 1890ж. Беринг пен Китазато құл мен сіреспеге қарсы, токсиндерді бейтараптайтын, анатоксин алды.
Слайд 7Иммунитет – дегеніміз организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдау- шылардан қорғану
әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.
Иммунды жауап дегеніміз -
антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялар- мен жүзеге асады. Иммундық реакциялардың нәтижесінде иммунды гомеостазды реттейтін биологиялық белсенді заттар босатылады.
Слайд 8Біріншілік иммунды жауап
Антигенмен бірінші рет түйіскеннен кейін 5-.7 кунде
қалыптасады. Біріншілік гуморалды иммунды жауаптың негізінде ең бірінші IgM-классты АД
түзілуі жатады. Клеткалық иммунды жауап жетілген эффекторлы Т-лимфциттердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар-Т- және В- есте сақтау клеткалар түзіледі.
Слайд 9Екіншілік иммунды жауап
Антигенмен екінші рет түйіскеннен кейін жоғары денгейде
тез қалыптасады, біріншілік иммунды жауппен салыстырғанда организмнің эффективті корғанысын қамтамасыз
етеді. IgG-антиденелер жоғары денгейде түзіледі. Екіншілік иммунды жауаптың нәтижелігі есте сақтау клеткалармен байланысты.
Слайд 10 Иммунды жүйенің негізгі қызметтері:
Жұқпаларға қарсы
қорғанысты қамтамасыз ету.
Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.
Трансплантациялық иммунитетке қатысу.
Аллергиялық реакцияларға
қатысу.
Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.
Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.
Қабыну процессіне қатысу.
Қан ұю механизмдеріне қатысу.
Слайд 11Иммунды жүйе құрылысы
Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және
молекулалық деңгейлер ажыратылады.
Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер
жатады.
Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады.
Сүйек кемігінде көп қабілетті бағана клеткалардан лимфоциттер түзіледі және орталық мүшелерде пісіп жетіледі: В-лимфоциттер — сүйек кемігінде , Т-лимфоциттер — тимуста.
Слайд 12Тимус – лимфоэпителиалды мүше, өмірдің 3 жылында жетіледі, ал 20
жастан бастап тимустың инволюциясы басталады.
Тимус ұсақ бөліктерге бөлінетін екі бөлімнен
тұрады. Әрбір бөлшекте субкапсулярлы, қыртысты және милы қабаттар ажыратылады
Тимуста Т-лимфоциттердің жутілуі, тимусты факторлардын түзілуі жүреді.
Тимустың негізгі қызметі – иммуногенезді реттеу
Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді.
Слайд 13Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады.
Жұтқыншақтың
сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те
атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады.
Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.
Слайд 14Иммунды жүйе клеткалық деңгейіне мыналар жатады: Т, В, НК-клеткалар, лимфоциттермен бірлесіп істейтін
дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.
Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер,
лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.
Слайд 15Адамда екі түрлі иммунитеті болады:
1 іштен туа біткен иммунитет
2 жүре
пайда болған иммунитет
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге
қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.
Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:
макрофагтар,
моноциттер
нейтрофилдер.
Слайд 16Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан
рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.
Іштен туа біткен иммунитеттің
реакцияларын қалыптастырады:
сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.
комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.
Слайд 17
Антигендер дегеніміз – иммунды жауапты шақыруға қаблеті бар генетикалық бөгде
зат.
Антигендер 4 негізгі қасиетпен сипатталады:
Бөгделік –
генетикалық өзгешілікті көрсететін ұғым. Бул ұғым антигеннің организмнен айырмашылығын көрсетеді
Антигендік – заттың иммун жауапты қоздыру мөлшерін-қаблетін көрсететін ұғым.
Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті. Бул ұғым бөгделікпен, жеткілікті молекулярлы массасымен, химиялық құрылысының ерекшеліктерімен анықталады
Ерекшелік— арнайылық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.
Слайд 18Антигендер жіктелуі
Әртүрлі бүлдіргіш факторлар мен инфекциялық агенттердің әсерінен организмнің
өз клеткалары антигенге айналуы мүмкін (эндогенды).
Микро- және макроорганизмнің ортақ антигендік
детерминанттары бар антигендер айқас әсері бар антигендер деп аталады.
Антигендер иммунды жауапты Т-хелпердің көмегімен ғана шақыратын тимус тәуелді деп аталады.
Антигендер иммунды жауапты Т-лимфоциттердің қатысуынсыз шақыратын, тимус тәуелсіз деп аталады. Бұл антигендерге бактериалды ЛПС, пневмококктың полисахаридтері. Vi-антиген, жатады. Барлық табиғи антигендер арасында 10% құрады.
Түрлік антигендер — организмнің бір ғана түріне сәйкес.
Гетероантигендер — әртүрге жататын организмдегі ортақ антигендер
Слайд 19 Қорытынды:
Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды
әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам
ауруларға тез ұшырайды.
Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.
Слайд 20Қолданған әдебиеттер:
1 Байдүйсенова Ә.У
2 Википедия
3 http://kazmedic.kz/archives/1177 KazMedic.kz сайтына сілтеме