Слайд 1Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Шолақаша орта мектебі” ММ
Тақырыбы: Төрт
түліктің пайдасы мен қасиеттері
Орындаған: Жәнібеков Дастан
8-сынып оқушысы
Жетекшісі: Хамзина Л.Т.
Слайд 3Мақсаты:
1.Төрт түліктің түрлерімен, шығу тарихымен танысып,зерттеу.
2.Төрт түліктің адамға деген пайдасын зерттей
отырып, ұғымды кеңейту.
3.Төрт түліктің маңыздылығын айту, адам өміріне қажеттілігін көрсету.
Слайд 6Түйенін пайдасы
Түйелер (лат. Camelus) —сірітабандылар Төрт түлік малдың ең қасиеттісі түйе болып табылады.
Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк
артса - көлік, жесе - ет, ал жүні - киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар киген, ол жеңіл, жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасы қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.
Слайд 7Түйенің адамға пайдасы
Түйе сүтінің құрамында қөректік заттар басқа мал сүтіндегіге
қарағанда әлдеқайда жоғары. мысалы, жылқы сүтінің қуаттылығы 528 килокалария болса,
сиырдікі 660 килокалорияға, ал түйенікі 911 килокалорияға тең.
бір литр шұбат адам ағзасының бірнеше маңызды витәминдер мен микрөелементтерге деген тәуліктік қәжеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. түйе сүтінен алынған шұбатта табиғи иммуномодуляторлар көп, яғни ол адам ағзасына оңай сіңеді, пайдалы әсер береді. оны тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің, өт жолдарының, бауырдың, тоқ ішектің созылмалы ауруларын, дябетті, псорязды емдеуде поливитамин ретінде пайдалануға болады. ұлттық ғылым әкәдемясінің әкәдемигі т.шармановтың мәлімдеуінше, түйе сүтінің созылмалы өкпе, бауыр ауруларын, хөлетсиститті, өт жолдарының қабынуын емдеуде клиникәліқ тиімділігі дәлелденген. жалпы, түйе сүтінің емдік қәсиеттері шәш-етектен, ол жәйлі көп айтуға болады. оның инфәркттің, инсулттың алдын-алуда маңызы зор, қант дябетіне, рәкқә да шипасы бар. өйткені құрамында ләктөферрин, иммунөглөбулин мол, олар әнтиөксидәнттіқ, иммуностимуляторлық қәсиетке ие. сондай-ақ түйе сүті вирустар мен бәктеряләрді жоя алады, қабыну прөтсестерін тоқтатады. біздің осы түйе сүтінен қант дябетін емдеуде қолданылатын биөйөгурт, тағы да басқа ауруларға шипалық пайдалы заттар шығару ойымызда
Слайд 9Жылқының пайдасы
Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат
өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі
болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейінБатыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен.
Слайд 10Жылқының адамға пайдасы
Қымыз. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында
дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды,
олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.
Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді. Қымыз бір тәулікте ашуы жетіп, сапыруға жарап қалады.
Слайд 12Сиырдың пайдасы
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер
Сиыр малың қазақтар көбінесе
тамаққа жараған сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.
Сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас - ауқаты жұтаң болып есептелген. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың тезегін отын ретінде, егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Слайд 14Қойдың пайдасы
Қой төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі «Мал өсірсең
қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі
өсімтал, тез ет алып қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды. Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі өте өсімтал мал.
Слайд 15Ешкінің адамға пайдасы
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін,
ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді.
Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.
Слайд 16Түйе пірі
Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани
шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін
түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Увайс Карани әулиелігін, ыстық ілтипатын ерекше рухани байланыс арқылы сезінген Мұхаммед( с. ғ. с.) пайғамбар оған деген құрметінің белгісі және оның рухани дәрежесінің айғағы ретінде сахабалары арқылы өз шапанын сыйлаған. Соның құрметіне байланысты ұлың, әулие болып саналған. Сондықтан ол кәсіпке адалдықты насихаттап, сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп - жебеу тілеген
Слайд 17Жылқы пірі
Халықтың жылқы мен достасуы осы екінші кезеңде басталады. Жылқы
алғаш күш көлігі болғаны мен келе келе қашса құтылатын, қуса
жететін, яғни адамға қажетті жәрдемші ретінде пайдаланады. Қазақы ұғымда жылқының пірін Қамбар ата деп атайды. Қамбар ата туралы халық арасында әр-түрлі дерек бар, аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед с.ә.у. пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Біреулер Қамбар батыр жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды, бірақ Қамбар батыр қалмақпен соғысты дейді олай болса Қамбар батыр 16-17-ғасырда өмір сүрген болып шығады.
Слайд 18Сиырдың пірі
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұлда өмірде болған адам.
Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, сопылық
ілімін жақсы ұстанғанының бірі, түркілер арасында пір болған, ұлықтардың пірі болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде. Бұл бабамызда сиыр малының білермені, маманы иесі мен киесі болуы керек.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар. Мысалы, Қамбар ата есімін Мұхаммед ( с. ғ. с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді кісімен байланыстырады. Кейбіреулері, «Қамбар батыр» жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды.
Слайд 19Қойдың пірі
Қой атасы - Шопан ата. Зерттеушілердің пікірінше 13 -
14 ғасырларда өмір сүрген. Ол халық жадында шопандық кәсіптің пірі
ретінде аңыздық тұлға болып сақталады. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз - әңгімелер көптен таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп - жебеу тіліп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған. Қазіргі кезде Шопан ата аз зерттелген.