Разделы презентаций


Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттары

Содержание

Қаржы жүйесі «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйым- дастыратын органдардың жиынтығын қам- тиды.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттары
Гимадиева Жанара
МЭ 31-К

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттарыГимадиева ЖанараМЭ 31-К

Слайд 2Қаржы жүйесі
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және

нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын

қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйым- дастыратын органдардың жиынтығын қам- тиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекеме- лерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Қаржы жүйесі	«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай

Слайд 3Қаржы жүйесі
Сонымен бірге жалпы инстуционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл

қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет

бір-бірімен өзара байланысатын қаржылық қатынастардың жиынтығы.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі – тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынас- тардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі	Сонымен бірге жалпы инстуционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан –

Слайд 4Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталуы
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анық-

тамасында қаржының мәндік сипаттама- сын, оның қоғамдық-экономикалық үдеріс- тегі орнын

негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
қаржылық қатынастардың жиынтығы;
ақшалай қорлардың жиынтығы;
басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталуы 	Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анық- тамасында қаржының мәндік сипаттама- сын, оның

Слайд 5Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер

және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы

қаржылық қатынастарды құрайды.
Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъект- ілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктеме- сінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық,

Слайд 6Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің

орталықтандырылған ақша- лай қорларын қалыптастырып, пайда- ланумен байланысты болатын эконо-

микалық ақшалай қатынастар;
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:	мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша- лай қорларын қалыптастырып, пайда- ланумен

Слайд 7Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы:
Қосалқы жүйелері:
Базалық қосалқы жүйелер:

Салықтық; Бюджеттік; Сыртқы экономикалық қаты- настардың.
Қамтамасыз етуші қосалқы жүйелер: Қаржы

жоспарларының, статистиканың, есептің; Нормативтік-заңнамалық қамта- масыз ету; Қаржылық бақылаудың; Қаржы- ны автоматтандырылған басқарудың; Кадрлық қамтамасыз етудің.

Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы: 	Қосалқы жүйелері:Базалық қосалқы жүйелер: Салықтық; Бюджеттік; Сыртқы экономикалық қаты- настардың.Қамтамасыз етуші

Слайд 8Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
А)Жалпымемлекеттік қаржы:
- Мемлекеттік бюджет;

- Мемлекеттік кредит;
- Мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс

қорлар.
Б)Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы:
- Материалдық өндіріс сферасының қаржысы;
- Қызметтер көрсету сферасының қаржысы;
В)Үй шаруашылықтарының (халықтың) қаржысы

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіА)Жалпымемлекеттік қаржы:  - Мемлекеттік бюджет;   - Мемлекеттік кредит;  - Мемлекеттік

Слайд 9 Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір

бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық

субъектілерінің қарамағына қаржы- лық ресурстарды қалыптастырумен және мемле- кеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар. Ол қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономи- калық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржылан- дырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет

Слайд 10
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың

мұқтаждарын қаржыландыруға арнал- ған елдің орталықтандаралған қорын жасаумен және пайдаланумен

байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшалай қатынастармен көрінетін экономикалық категория, қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары.
Мемлекеттік бюджет орталық (Республикалық) және жергілікті бюджеттер (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерінді) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арнал- ған елдің орталықтандаралған қорын

Слайд 11 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар– қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді

пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттілік- терді қаржыландыру үшін тартылатын қаржылық ресурстарды

қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері:
-арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
-бюджеттен берілетін субсидиялар;
-қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
-ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар–  қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттілік- терді қаржыландыру үшін

Слайд 12 Мемлекеттік кредит– мемлекеттік билік органда- рының қарамағына уақытша бос ақшалай

қаражат- тарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның

ішінде шетелдермен және оларды мемлекеттің шығыс- тарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиын- тығы.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.



Мемлекеттік кредит– мемлекеттік билік органда- рының қарамағына уақытша бос ақшалай қаражат- тарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және

Слайд 13 Сақтандыру– шаруашылық жүргізуші субъекті- лерге келтірілген мүмкін болған сақтық жағдайларының

салдарына байланысты отбасыла- рының табыстарындағы ысыраптарды өтеуге арналған ақшалай жарналар

есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушы- лары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынас- тардың жиынтығы.
Сақтандыру буындары: әлеуметтік (барлық әдістер), жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуе-келдерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.
Сақтандыру– шаруашылық жүргізуші субъекті- лерге келтірілген мүмкін болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыла- рының табыстарындағы ысыраптарды өтеуге

Слайд 14 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
-материалдық

өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
-қызметтер сферасы

салаларының ұйымдары мен мекеме- лерінің қаржысы.
Бірінші қосапқы буында - материалдық өндіріс сферасы қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған акшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:	-материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші

Слайд 15 Бұл қосалқы буынның қаржысы ондірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің

өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға қаржылық тұтқалардың белсенді

ықпалын қамтамасыз етеді. Бұған төменгі буындар мен олардың жоғарғы органдарын қамтитын мына құрамдастардың: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы шаруашылык шүргізуші субъектілерінің, құрылыстың, байланыстың (өндіріске қызмет көрсету бөлігінің), өндірістік кооперацияның, су шаруашылығының, геологиялық барлау ұйымдарының, материалдық-өндіріс сферасының басқа қосалқы салаларының (айнапыс сферасында өндіріс үдерісінің жалғасымен байланысты мемлекеттік сатып апулар, дайындау, сауда) қаржылары жатады.

Бұл қосалқы буынның қаржысы ондірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға

Слайд 16 Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен

рөлі оның ұлттык табысты бөлу жэне пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.

Бұл қосалқы буында каржылык қатынастар оның бастапқы күрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. Өндірістік емес сфера салаларының қаржылары мынадай құрамдастарды кіріктіреді: тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың, халыққа қызмет көрсету, көлік, тұтыну кооперациясы, бірқатар сапалардың (байланыс және өндірістік емес қызмет бөлігіндегі басқалары) денсаулық сақтау және физкультура, білім беру, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, банк-кредит және сақтық ұйымдарының, коммерциялық және делдал ұйымдарының (соның ішінде тауар және қор биржаларының, брокерлік кеңселердің, қорлардың және т.б.), басқару органдарының, қорғаныс, құқық сақтауды қорғау органдарының қаржылары.

Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен рөлі оның ұлттык табысты бөлу жэне пайдалану

Слайд 17 Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады.

Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және

меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай каражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік

Слайд 18 Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл

сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын

сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор жәнет.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байла- нысты болатын ақшалай қатынастарды қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынас- тарға ұқсас болып келеді.
Азаматтардың дара және шағын кәсіпкерлікпен айналы- сумен байланысты бұл буында кең қаржылық қатынастар пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының буынында пайда болатын қатынастарға ұксас болады.


Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай

Слайд 19Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты –

фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі

қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс: біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары	Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты. 	Қаржы жүйесінің функциялық

Слайд 20 Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы

органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына

және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды. Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір

Слайд 21  Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға

болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті

қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
 Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы

Слайд 22  Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп

отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын

басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыс- тығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
 Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады.

Слайд 23 Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр

буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты

сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады. Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдинг- тер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, коопера- тивтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика