Разделы презентаций


Ақша - несие жүйесінің құрылымы. Қазақстан Респуликасындағы нарықтық типтегі

Содержание

ЖОСПАР:Ақша жүйесі түсінігі,типтері және элементтері.Ақша массасы және базасы.Несие мәні және қызметтері,формалары.Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы.Ақша-несие саясаты.Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ақша - несие жүйесінің құрылымы. Қазақстан Респуликасындағы нарықтық типтегі несие

жүйесінің құрылымы.

Ақша - несие жүйесінің құрылымы.   Қазақстан Респуликасындағы нарықтық типтегі несие жүйесінің құрылымы.

Слайд 2ЖОСПАР:
Ақша жүйесі түсінігі,типтері және элементтері.
Ақша массасы және базасы.
Несие мәні және

қызметтері,формалары.
Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы.
Ақша-несие саясаты.
Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын

орны.



ЖОСПАР:Ақша жүйесі түсінігі,типтері және элементтері.Ақша массасы және базасы.Несие мәні және қызметтері,формалары.Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы.Ақша-несие саясаты.Халықаралық ақша-несие

Слайд 3Ақша жүйесі түсінігі
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте

заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама

ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

.
Ақша жүйесі түсінігіАқша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі

Слайд 4Ақша жүйесінің типтері
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен

монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады

(алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал.
Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан)
Биметализм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Ақша жүйесінің типтері Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент

Слайд 5Ақша жүйесінің элементері
1.Ақша
2.Баға масштабы
3.Ақша түрлері
4.Эмиссиялық жүйе
5.Ақша жүйесінің

институттары.



Ақша жүйесінің элементері1.Ақша2.Баға масштабы 3.Ақша түрлері 4.Эмиссиялық жүйе 5.Ақша жүйесінің институттары.

Слайд 6Ақша массасы және ақша базасы
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға

және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу

және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Ақша массасы және ақша базасыАқша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет

Слайд 7Ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы

ақшаларды білдіреді.

ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша)

мыналардан тұрады:
ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Мұндағы,

Аудармалы депозиттер —
1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;
3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

Ам = МЗ (ақша массасы) / MB (ақша базасы)
Ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша

Слайд 8Несие мәні және қызметтері
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық

дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен

қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мәні және қызметтеріНесие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.   Оны

Слайд 9Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы

несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

қайта бөлу;
айналыс шығындарын үнемдеу;
айналыстағы

нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
капиталдың шоғырлануын жеделдету;
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:қайта

Слайд 10Несие формасы
Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің,

яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын

көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Несие формасыНесиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер

Слайд 11Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы
Несие жүйесі — жалпы банктердің

(ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің ізіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақстан Республикасынғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі — банктік жүйе, ал екіншісі — парабанктік жүйе(банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген.
Несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұынын сипаттамайтын.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қазақстан Республикасының несие жүйесі маңызды рөл атқарады.
Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы  Несие жүйесі — жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың

Слайд 12Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны

Халықаралық ақша-несие саясаты — бұл

қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық

және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат.
Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша — несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде қарастырылған.
Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасына жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді.
Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды
Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орныХалықаралық ақша-несие саясаты — бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша

Слайд 13Қорытынды
Бүгінгі күні ақша – несиелік реттеудің монетарлық концепциясы нарықтық экономикалы

елдерде кең тараған. Бұл оның шаруашылықтың осы жүйесіне парапар болғандығын

және экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті екенін айқындайды.
Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша – несиелік реттеу органы болып табылады. Реттеудің объектісі – айналымдағы ақша массасының көлемі және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша – несиелік ставкаға әсер ететін экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің жіне есепке алу ставкалаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша – несиелік реттеудің шаралары әлемдік практикаға мәлім және олар көп елдерде қолданылып отыр.
Ақшалай – несиелік айналым айналым сферасында әрекеттер жасай отырып, ұлттық банк әр түрлі құралдарды пайдаланады. Олардың көпшілігі жанама ықпал жасау сипатында болады. Осы істе мемлекет әрекетінің экономикадағы жалпы принциптерінің ұқсастығы бар.
ҚорытындыБүгінгі күні ақша – несиелік реттеудің монетарлық концепциясы нарықтық экономикалы елдерде кең тараған. Бұл оның шаруашылықтың осы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика