арттыру.Балаларды аспазшы кейпіне еніп, ұннан жасалған өнімнен тәтті бәлішті,дайындауға
үйрету.Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып,топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру.Тәрбиелік мәні:Балалардыңбойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың ақыл- ойын,тілдік қорын,нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Сабақтың барысы:
Балалар әуенмен топқа кіріп жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық. Балалар:
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қәнекей бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Тәрбиеші:Айналамызға қарайықшы топтың іші әдемі безендірілген.Сіздерде әдемі болып күндегіден ерекше киініп алғансыңдар!
Үстеріңе қандай киім кидіңіздер
Балалар:Аспазшы киімі.
Тәрбиеші:Бүгінгі біздің іс әрекетіміз ерекше болғалы тұр.Қанекей сабағымызды бастамас бұрын біз көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімізге шаттық шеңбер арқылы жылы лебізімізді білдірейік.
Балалар:Шаттық шеңбері»
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын кең аспан