Разделы презентаций


Қасым Аманжолов

Содержание

ЖОСПАР:1.Қасым Аманжолов-қазақтың көрнекті ақыны;2.Қ.Аманжоловтың өмірбаяны;3.Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдері;4.Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуы;5.Қорытынды.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Қасым Аманжолов
Орындағандар:ТФП-121
Шарипова Мадина
Шакратов Руслан

Қасым АманжоловОрындағандар:ТФП-121Шарипова МадинаШакратов Руслан

Слайд 2ЖОСПАР:
1.Қасым Аманжолов-қазақтың көрнекті ақыны;
2.Қ.Аманжоловтың өмірбаяны;
3.Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдері;
4.Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына

қатысуы;
5.Қорытынды.

ЖОСПАР:1.Қасым Аманжолов-қазақтың көрнекті ақыны;2.Қ.Аманжоловтың өмірбаяны;3.Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдері;4.Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуы;5.Қорытынды.

Слайд 31. Қасым Аманжолов-қазақтың көрнекті ақыны
Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса

көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті

тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері болған. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

1. Қасым Аманжолов-қазақтың көрнекті ақыныҚасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі

Слайд 42.Өмірбаяны
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Қаракесек Арғын

руынан. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен

Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады.
2.ӨмірбаяныҚасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Қаракесек Арғын руынан. Майданнан өлеңмен жазған

Слайд 53.Тұңғыш өлеңдері
Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана

басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға

дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған.
Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.
1936-1941 жылдары Қ. Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.
1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

3.Тұңғыш өлеңдері Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып

Слайд 6Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен

1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады.. Өлеңдері. Соғыстың

алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері – өз елін, туған даласының табиғатын шексіз сүйген, "көк дауылдай кеуделі жігіт" болып өскен қайратты замандасы. Өмірге көзін ашпай жатып, "жетімдік тағдыр" желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезіммен жырлайды:
Өмірге ендім еңбектеп,  Шалқалап әкем шықты үйден.  Жетімдік тағдыр жетті ептеп,  Қабағын жаба түксиген.  Өмірден үміт жоқ өзге,  Даланың тердім тезегін.  Әкем боп таптың сол кезде,  Қайран да менің өз елім.

Қасымның өлеңдері

Слайд 7Отырғандар: Ғали Орманов,  Мәриям Хакімжанова, Қасым Аманжолов,  түрегеп тұрғандар:  Әбілдә Тәжібаев пен оның

әйелі Сара
Солдан оңға қарай: Әуезхан Көшімов, Сырбай Мәуленов, Қасым Аманжолов және Әбжан

Омарбаев
Отырғандар: Ғали Орманов,  Мәриям Хакімжанова, Қасым Аманжолов,  түрегеп тұрғандар:  Әбілдә Тәжібаев пен оның әйелі СараСолдан оңға қарай:

Слайд 8Қасым Орал қаласының  көркемөнерпаздары арасында
Қасымның ағасы Ахметжан Рақымжанов, қарындасы Таукаң Атшабарова, күйеу баласы

Қ. Нұрабаев

Қасым Орал қаласының  көркемөнерпаздары арасындаҚасымның ағасы Ахметжан Рақымжанов, қарындасы Таукаң Атшабарова, күйеу баласы Қ. Нұрабаев

Слайд 9Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия,

ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады.

Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты, солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділда Тәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар" деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.
Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді

Слайд 10Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады.

Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі,

сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы.

Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуыАқын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда

Слайд 11Қасым Аманжолов майданда

Қасым Аманжолов майданда

Слайд 12Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы

өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс",

"Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.
1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысына қатысуыСоғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған.

Слайд 13Қасым Аманжолов  жұбайы Сақылжамалмен
Қасым мен Жәрдем Тілеков

Қасым Аманжолов  жұбайы СақылжамалменҚасым мен Жәрдем Тілеков

Слайд 14Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу,

пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнай айыптау да

Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық. Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады. Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты. 40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды. Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал" атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді.
Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы

Слайд 15Қорытынды
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол

жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың

жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарына енгізілген.
Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді. 2001 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.

ҚорытындыӨмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика