Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
CӨЖ
Тақырыбы:1905-1907 ж.ж. орыс революциясының Қазақстанға әсері.
Тобы:ЖМ-404
Орындаған:
Ергеш.Қ.
Қабылдаған:Әділбекова.З
Слайд 2
Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде
Слайд 3Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
1905
жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті.
Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Слайд 6Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына
түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін
қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап қазақ әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.
Слайд 8Жұмысшы қозғалысының күшеюі
1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар
алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп
көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.
1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруді талап етті.
Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі баскөтеруі басталды. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» құрылды. Бұл бірлескен одақтың басшылары Б. Топорнин, JI. Байшағыров, С. Невзоров сияқты жұмысшылар болды. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір көбейтілді, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, азық-түлік өнімдерінің бағасы аз да болса арзандатылды. Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киімкешек, аяқ киім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.
Слайд 101906 жылғы маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс жүзінде түгелдей дерлік
көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуілшілердің талабы
жартылай да болса қанағаттандырылды. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907 жылдың жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарының жұмысшылары шеруге шықты.
Қазақстандағы жұмысшылардың мұндай баскөтерулері мен ереуілдері, әсіресе теміржолшылардың арасында кеңінен қанат жайды. Революция жылдарында өлкедегі темір жолдарда пойыздардың жүріп-тұруы талай рет тоқтап қалды. Темір жол жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнін ешкімнің, ешқандай әкімшіліктің келісімінсіз-ақ өз беттерімен орнатып алды. Олар алғашқылардың бірі болып жұмысшы кәсіподақтарын құрды. Жұмысшылардың бекеттерге, жол бөлімшелеріне, кейде тіпті бүкіл темір жолға басшылық жасауды өз қолдарына алған кездері де болды. Олар патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы тұру үшін жауынгерлік жұмысшы жасақтарын құрды.
Слайд 12Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ халқының азаттық күресіне ХІХ-ХХ ғасырларда
қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.
1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті. Ондағы мақсат кадеттер үлгісімен қазақтың саяси партиясын құру еді. Ол партия қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті болатын. 1906 жылы Семей қаласында қазақтардың съезі шақырылды. Онда қабылданған негізгі бағдарламада дін бостандығы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қамтылды. Съезге қатысушылар сонымен қатар қазақ балалары үшін мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақстанға Ресейдің ішкі жағынан шаруаларды қоныс аудару үрдісін шектеу талаптарын да көтерді.
Слайд 13Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін
қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге
болады.
1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. [1]
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
Слайд 14Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс
революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға,
өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер:
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы
білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев,
Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет.