Таным мәселесі философиялық мәселелердің арасындағы өте маңыздысы.
Танымды жан-жақты түрде философияның саласы гносеология (грекше gnosis білім;
logоs ілім деген сөздер) немесе таным теориясы зерттейді. Философия тарихында
бұл терминмен қатар «эпистемология» (грекше еріsтеme білім деген сөз)
термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми танымды қарастырады.
Табиғи және әлеуметгік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы
философиялық ілім, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм
(грекше skeptikos анықтап қарау, тексеру деген сөз) деп атауға болады. Ал XIX ғасырдан
бері ол агностицизм (грекше agnostos танымға қол жетпес деген сөз) деп аталатын болды.
Агностиктер білімнің салыстырмалылығын, оның қайшылықтылығын анықтаумен
шектеледі де, олардан объективтік дүниенің заңдарына қарай аттап баспайды,
дүниенің танымдылығын жоққа шығарады.
Танымның мәнін, заңдылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін, яғни оны іске
асыратын кім екенін анықтау қажет. Танымның субъектісі – адам екені өзінен-өзі
түсінікті, ал объектісі – зат, табиғат болып табылады.
Сөйтіп таным объектісінің көпшілік бөлігі табиғаттың адамзат өзгерткен
құбылыстары болып табылады. Танымның бүл объектілері айтарлықтай дәрежеде
адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді
Адамдардың табиғи және әлеуметтік объектілерді мақсатқа сай өзгертуге
бағытталған іс-әрекеті практика (грекше praktikos – әрекетшіл, белсенді деген
сөз) деп аталады.
Демек, практика – танымның барлық сатыларында білімнің қалыптасуы
мен дамуының негізі, қайнар көзі, таным үдерісі нәтижесінің ақиқаттығының
критерийі және заттың адамға керекті нәрсемен байланысының анықтаушысы.
Теория мен практиканың бірлігі – ғылыми таным теориясының ең басты
принципі. Теориясыз практика – көзсіз, ал практикасыз теория – дерексіз,
мәнсіз. Теория – практикаға жол көрсетуші, ал практика теорияға – нәр беруші.
Таным процесі екі жолмен жүзеге асады – сезім мүшелері арқылы және ақыл-ой немесе
абстракциялық ойлау арқылы. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын таным – сезімдік
таным немесе СЕНСУАЛИЗМ деп аталса, ақыл-ой немесе абстракциялық ойлау арқылы
жүзеге асатын таным – рационалдық таным немесе РАЦИОНАЛИЗМ деп аталады.
СЕНСУАЛИЗМ (латынша sеnsus – сезім, түйсік деген сөз) бағытының негізін
салушы ағылшын философы – Дж.Локк. Ол жариялаған «Әуел баста сезімдерде
болмаған нәрсе ақыл-парасатта да болмайды» деген сенсуалистік тезисте таным
үдерісінде түйсіктер мен қабылдаулар шешуші рөл атқаратыны көрсетілді.
ЭМПИРИЗМ (грекше еmреіrіа – тәжірибе деген сөз) деп аталатын метафизикалық ағым
білім өзінің шығу көзі жағынан түйсіктер мен қабылдаулардың шеңберінен шықпайды.
Эмпиризм ойлаудың үлесіне тәжірибе берген мәліметтерді қосу, реттеу міндетін ғана
қалдырады. XVII-XVIII ғасырлардағы материалистік философиядағы эмпиризм
(Ф.Бэкон, Т.Гоббс) табиғатты тәжірибе жүзінде танып білуді талап етті.
РАЦИОНАЛИЗМ (латынша rаtіо – ақыл-ой, пайымдау деген сөз) деп аталатын басқа
бағыттың өкілдері ақыл-ойлаудың таным үдірісіндегі рөлін асыра бағалап,
абсолюттендіреді. Классикалық рационализмнің негізін салушы – Р. Декарт болды.
Эмпириктердің сезімдік меңзеушілігіне рационалистер (Р. Декарт, Б. Спиноза т.б.)
«сезімнен тыс» пайымдауды қарсы қойды, яғни сезімдік мәліметтерге тәуелсіз «таза
ойлау» тәжірибеге сүйенбей-ақ, логикалық дедукция жолымен жаңа білім қорытып
шығаруға қабілетті деді. Олар «интеллектуалды интуиция» деген ұғымды ұсынды.
Ол ұғымның көмегімен ақыл-ой сезімдік мәліметтерсіз-ақ заттар мен құбылыстардың м
әнін «тікелей» танып біле алады. Бұл жағдайда сезімдік тәжірибенің рөлі төмендейді.
Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына
түйсік, қабылдау және елестету үдерістері жатады.
Көру, есіту, иіс, дәм, тері түйсіктері – бұлар түйсіктің ең негізгі бес түрі.
Абстракциялық ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттері мен
қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау
формасында бейнелендіру үдерісі.
Жалпылау логикалық әдісі бойынша ой жекеден жалпыға, жалпылығы кемдеу
ұғымнан жалпылығы кеңдеу ұғымға көшу түрінде іске асады. Жалпылау әдісінің
негізінде ғана жалпы үғымдар, пікірлер, ой қорытындылар түзіледі.
Нәрселердің мәнді қасиеттерін ойша бөліп алып, мәнсіз белгілері мен жақтарына көңіл
аудармауды абстракциялау (латынша аbsrасtіо – көңіл аудармау деген сөз) деп айтады.
Ойлаудың формаларына – ұғым, пікір және ой қорытынды жатады.
4. СЕЗІМДІК ПЕН РАЦИОНАЛДЫҚ ТАНЫМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Ой қорытындысының негізгі екі формасы бар. Оның бірі – индукция, екіншісі –
дедукция деп аталады. Бұлар да танымның сезімдік және рационалдық (логикалық)
формаларының диалектикалық жолын көрсетеді.
Философияда ақиқат деп шындыққа сәйкес келетін білімді айтады.
Философтардың көпшілігі ақиқатқа жетуді – танымның мақсаты деп санайды.
Ақиқат абсолюттік (толық) және салыстырмалы (толық емес) деп екіге бөлінеді.
Осы тұрғыдан алғанда абсолюттік ақиқат дегеніміз материалдык дүниенің заттары мен
құбылыстарының мәнін толық және жан-жакты бейнелендіретін объективтік ақиқат (білім).
Салыстырмалы ақиқат дегеніміз шындықты дұрыс бейнелендірген, бірақ әлі толық емес
білімдер мен теориялар. Олар ғылым мен қоғамдық практиканың даму барысында үздіксіз
анықтала, нақтылана түседі. Оларды абсолюттік ақиқатқа жету жолының кезеңдері дейді.
Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттар диалектикасы
РЕЛЯТИВИЗМ мен ДОГМАТИЗМ деген екі көзқарастары арқылы көрінеді,
РЕЛЯТИВИЗМ (латынша rеlаtіvus – салыстырмалы деген сөз) ғылыми білімдердің
объективтілігін мойындамай, оның салыстырмалылығын асыра бағалайды,
ойлаудың танымдық қабілетін жойып, дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығарады.
ДОГМАТИЗМ (грекше dogma – пікір, ілім деген сөз) мәңгі-бақи өзгермейтін қатып
қалған дайын ақиқаттардан тұрады, оларды тек жаттап алып, өмірдің барлық
жағдайларына қолдануға болады деп есептейді.
Ақиқаттың критерийі (гректің kriterion – бағалау өлшемі деген сөзі) (өлшеуіші) деп,
ақиқатты білімді қателесуден айыруға мүмкіндік беретін объективтік негізді табу.
ПРАКТИКАНЫ ақиқаттың критерийі деп жариялаған философиялық бағыт –
прагматизм (грекше pragma – іс, іс-әрекет деген сөз) деп аталды.
Ол практиканы пайда табуға бағытталған іс-әрекет мағынасында түсінді: не нәрсе
практикалық пайда келтірсе, сол бірден-бір ақиқат деді прагматизм өкілі
американ философы У. Джемс.
Танымның түрлері көп. Рационалды таным ғылыми және ғылыми емес деп екіге бөлінеді.
Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркемөнер
бейнелері, діни танымдар т.с.с. жатады. Ғылым, білім орнына діни сенімді уағыздайтын
философиялық бағыт фидеизм (латынша fides – cенім деген сөз) деп аталады.
Ғылыми таным, атының өзі-ақ айтып тұрғанындай, таным үдерісінің ең дамыған түрі.
Ғылыми жаңалық ашудың әдісін, тәсілін табуды зерттейтін ғылым саласы –
эвристика (грекше heurisko – ашамын, табамын деген сөз) деп аталады.
Ғылыми таным негізгі екі деңгейден (сатыдан) тұрады: эмпириялық және теориялық.
Дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері үш негізгі топқа бөлінеді:
барлық ғылымдарда қолданылатын ең жалпы әдіс-тәсілдер; 2
) туыстас бір топ ғылымдарда қолданылатын жалпы ғылымдық әдіс-тәсілдер;
жеке ғылымда қолданылатын жекеше әдістер.
Эмпириялық танымның міндеті – факті жинау ісімен айналысу және
жиналған фактілерді түсіндіру. Эмпириялық танымның басты әдіс-тәсілдеріне
бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау жатады.
ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМ – заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге
бағытталған таным. Ол аса жоғары абстракциялық дәрежеде: ұғым, категория, заң,
гипотеза т.с.с. формаларында жүзеге асады.
Теориялық таным салыстыру, анализ бен синтез, абстракциялау, жалпылау және
шектеу, логикалық пен тарихилық, аналогия әдістерінің көмегімен жүзеге асады.
Ғылыми теория алдымен гипотеза (ғылыми жорамал) түрінде өмір сүреді.
Гипотеза (грекше hypothesis – жорамал деген сөз) дегеніміз зерттелуші құбылыстардың
себепті байланыстарын ашып, ішкі мәнін түсіндіру үшін қолданылатын логикалық
пайымдауларға негізделген жорамал.
Гипотеза білімнің даму формасы ретінде екі негізгі сатыдан тұрады.
Бірінші сатысы – ғылымның қайсы бір фактілерінің және қағидаларының негізіне сәйкес
ғылыми жорамал жасау. Екінші сатысы – гипотезаны тексеру.
6. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ. ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Белгілі бір құбылысты түсіндіретін ақиқат түсініктердің, идеялар жүйесін теория
деп айтады. Теория – әбден негізделген, логикалық жағынан
қайшылықсыз, жалпылаудың жоғары деңгейіне жеткен ғылыми білімдердің жүйесі.
Ғылыми теорияның өзегін, негізін заң, заңдылық құрады. Теорияның құрамы мынадай
кезеңдерден тұруы тиіс: бастапқы эмпириялық негізден (теориялық түсінік берілуге
тиісті тәжірибелік мәліметтерден); түрліше жорамал, постулат, аксиомалардан;
теорияның логикасынан; теориялық білімнің басты мазмұнын құрайтын қорытпа
пікірлердің жиынтығынан және, ақыр соңында, ғылым заңдары мен болжамдардан.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть