Разделы презентаций


Қазақ халқы киіз үйді қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді,

Киіз үй үшін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Қазақтың байлығы мен сән - салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, колхоздастыру

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді,

өйткені ол – халқымыздың мыңдаған жылғы баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы

әрі тарихи ескерткіші. Мұнда ата - бабаларымыздың түсінік - түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз. Киіз үй – Орталық және Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп - қонуға лайықты. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған (біздің заманымыздан бұрынғы үш мың жыл). Көшпенділердің киіз үйі – бұл адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық, жылжымалы құрылыс. Басқа елдердегідей емес, біздің киіз үйіміз ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған.
Қазақ халқы киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптейді, өйткені ол – халқымыздың мыңдаған жылғы баспанасы,

Слайд 2Киіз үй үшін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол

арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Қазақтың байлығы мен

сән - салтанатының куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштық, колхоздастыру сияқты жауыздық әрекет салдарынан құрып кетті. Оның орнына кеңестік тәсілмен қалай болса солай жасалған, бір - екі жылдан артық тігуге келмейтін сапасыз бірдеңелер көптеп шығарылды да, ол киіз үй атты қасиетті, құтты орынның құнын түсірді. Киіз үйдің артықшылығын біз 1988 жылы желтоқсан айында Армениядағы жер сілкінісінде тағы да байқадық. Сол қайғылы күндері үйсіз қалған адамдарға Қазақстаннан мыңдаған киіз үйлер жеткізілді. Ол үйлер баспанасыз қалған талай кісілерді қыстың аязынан сақтап қалды. Бұл – киіз үйдің біздің заманымызда да пайдалы екендігінің дәлелі.
Киіз үй үшін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.

Слайд 3Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз

үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ

«үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл — құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі

Слайд 4Қара шаңырақ, отбасы — адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам

шыр етіп дүниеге келісімен, осы отбасының есігін айқара ашып енеді

және осында ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына ықпалы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, аса қатты қадірлеген.
Қара шаңырақ, отбасы — адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам шыр етіп дүниеге келісімен, осы отбасының есігін

Слайд 5Ел басына күн туып, қара қазан сары баланың қамы үшін

керегесін кессе де, шаңырағын шаппаған. Әдетте үйдің дәл ортасында күннің жердегі

бейнесі іспетті ошақ орналастырылады. Ошақ — әлемнің орталық кіндігі есепті. Ошақтың дәл үстінде күн символы шаңырақ, оның үстінде аспандағы күн тұрады. Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: «….қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса, кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін»).
Ел басына күн туып, қара қазан сары баланың қамы үшін керегесін кессе де, шаңырағын шаппаған. Әдетте үйдің

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика