Разделы презентаций


Қазақстан қор биржасы презентация, доклад

Құру тарихы1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақстан қор биржасы
Орындаған: ФКС-23 тобының студенті Ахметжанова А.А

Қазақстан  қор  биржасы Орындаған: ФКС-23 тобының студенті Ахметжанова А.А

Слайд 3Құру тарихы
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы

уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.
1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, алайда осы лицензияның қолданысы тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттық ұйымдастыру құқығымен ғана шектелген. Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.

Құру тарихы1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың

Слайд 4

Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы

туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне

байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. 1997 жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал биржаның өзі 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрынғы атауымен қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.
2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс берудің бұрынғы "бір акционер – бір дауыс" принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.

Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының

Слайд 5KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері

Слайд 8KASE бүгін
Мәртебесі
Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым

болып табылады. Биржаның органдары:
жоғарғы орган – Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы;
басқару

органы – Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес);
атқарушы орган – Басқарма.
Биржаның жетекшілігі
Қабашев Мақсат Рахымжанұлы – Президент
Сәбитов Идель Марсильұлы – Бірінші Вице-президент
Цалюк Андрей Юрьевич – Вице-президент
Хорошевская Наталья Юрьевна – Вице-президент
KASE бүгінМәртебесіБиржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары:жоғарғы орган – Биржа

Слайд 9Лицензиялары
Биржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай лицензиялары бар:
Ұлттық және

шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге (2012 жылдың 29 маусымындағы № 5.3.3);
Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді (соның ішінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржылық құралдарымен сауда-саттықтарды ұйымдастыру және бағалы қағаздар наығында жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті) жүзеге асыруға (2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1).

ЛицензияларыБиржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай

Слайд 10Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексі;
2) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы;
3) Қазақстан Республикасының

"Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы;
4) Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қорлар туралы" заңы;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері;

Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;2) Қазақстан Республикасының

Слайд 116) "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының

құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда-саттық жүйесінде жасалатын

мәмілелерді қадағалау бойынша сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.

7) "Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы.

8) "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.

6)

Слайд 12KASE акционерлері
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері

бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы

зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. "Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы" № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50,1 % үлесіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ иеленген.
KASE Жарғысымен "алтын акция" қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.

KASE акционерлері2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді

Слайд 13Мүшелері
Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері

бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор немесе мерзімдік нарық

мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі.
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша KASE мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.
МүшелеріБиржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор

Слайд 14KASE нарықтары
KASE қызмет көрсететін нарықтар:
шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп

операциялары);
мемлекеттік бағалы қағаздар;
үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен пайлар);
корпоративтік борыштық бағалы

қағаздар;
репо операциялары;
деривативтер.
KASE нарықтарыKASE қызмет көрсететін нарықтар:шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары);мемлекеттік бағалы қағаздар;үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен

Слайд 15Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика