Слайд 1Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
«Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірбие бойынша
есеп беру
Орындаған: ВМ-404 топ студенті Есімханқызы Дана
Кафедрадағы практика жетекшісі: Заманбеков Н.А.
2017-2018 оқу жылы
Слайд 2Кіріспе
Өндірістік іс-тәжірибе оқу жолында студентті баптау және шыңдау, ветеринариялық дәрігерді
дайындау үстіндегі ең негізгі саты, ең негізгі қадам.
Іс- тәжірибе студентке кең түрде ветеринариялық дәрігердің міндет мақсатымен танысуға, теориялық білімін тәжірбиемен ұштастыруға, олардың кемшіліктерін анықтауға мол мүмкіндік береді. Алғашқы өндірістік іс-тәжірбиемді 14.03. - 19.04.2017 жж аралығында Мен Ветеринария факультетінің Ветеринариялық Медицина мамандығы бойынша 4-курс студенті Есімханқызы Дана өндірістік практиканы Алматы облысы өңірлік Жамбыл ауданы ветеринариялық зертханасында өткіздім. Жамбыл аудандық ветеринариялық зертхана ең алғаш 1927 жылы іске қосылған . 1967 жылы жаңа зертхана салынып сонда көшірілген. 46 жылдан кейін ,яғни, 2013 жылы мемілекеттің қолдауымен жаңа зертхана салынған.
Зертхана меңгерушісі Молдакулова Куралай Абжанатовна . 2013 жылдан бері зертхананың меңгерушісі болып қызмет етеді. Зертханада 6 мал дәрігері, 11 зертханашы, 3 санитар және 1 жануарларды күтіп баптаушы өызымет етеді .
Слайд 5 Эритроцитті дайындау.
1. Қан алынатын бутылканың ішіне қанды
ұйытпау үшін моншақ, яғни бусиктар саламыз. Оның үстіне
бусик батып тұратындай етіп, физиологиялық ерітінді құямыз.
2. Малға барғанда физиологиялық ерітіндіні бусиктарды түсіріп алмай абайлап төгіп, малдан қан аламыз. Бутылканың аузын алақан не резеңкелі қолғаппен жауып, зертзанаға жеткенше бірдей темппен араластырып отырамыз,
3. Зертханаға әкелген соң, центрифуганы жұмысқа дайындап,, оның пробиркасының ортасына дейін физиологиялық ерітінді құйып, үстіне қан толтырамыз. Барлық центрифуга пробиркалары сұйықтыққа толы болып тұруға тиісті. Егер де пробирка бос қалған жағдайда оны физиологиялық ерітіндімен толтырамыз.
4. Центрифуганы 1500 айн\жылд. 20 минут айналымға қосамыз.
5. Центрифуга толығымен тоқтағаннан кейін түзілген сарысуды грушалы пипеткамен сорып аламыз. Үстіне физиологиялық ерітінді құйып қайта айналымға 20 минутқа қоямыз. Осылай қан тазарғанша, яғни сары су аппақ түске енгенше центрифугада жуып-шаямыз.
6. Пробирка түбіне шөккен эритроцитті таза пробиркаға құйып аламыз,
7. Қан алдағы уақытқа дейін бұзылмас үшін бетіне стрептомицин тамызып, тоңазытқышқа салып қоямыз.
Слайд 7. Роз-бенгал реакциясы жасалу техникасы.
Арнайы пластинканы нөмірлеп аламыз,
одан кейің пластинкаға 0,03(30 мкл) қан сарысуына 0,03 мкл
Роз бенгал антигенін тамызып араластырғышпен сағат тілінде араластырып, качалка шейкерға 3 минутқа қоямыз. Уақыт біткен соң қарап оқимыз . Міндетті түрде соңынан қорытынды сынама қоямыз.
Роз Бенгал антигені
₌ енжар қ.с. # белсенді қ.с.
Слайд 9 Комплементті байланыстыру реакциясы. КБР
Сары судың әр бір үлгісінің көлемін
1:10 есе арттырып инактивирлейді, 0,5 мл екі сынауықтарға құяды. Штативке
сары сулармен сынауықтардың екі қатарын қояды және бақылау сары сулардың (оң және норма сары сулары) екі қатарын қояды. Бірінші қатардағы сары сулардың бәріне 0,5 мл антиген қосады. Екінші қатардағы сары суларға (антигенсіз) 0,5 мл физиологиялық ерітінді қосады. Кейіннен сынауықтардың екі қатарына да 0,5 мл комплемент қосып, сілкіп, су моншасына 20-40 минутке 37-38 градуске қояды. Осы бактериолитикалық жүйе. Су моншасында ұстап болғаннан кейін, сынауықтардың барлығына гемолитикалық жүйенің компонеттерін салады (0,5 мл гемолизин және қойдың эритроциттері). Сілкіп қайтадан 15-20 минутке су моншасына қояды.
Бақылау кезеңдері
Су моншадан алынған кезде.
Су моншадан алып бөлменің температурасында 12 сағат тұнбалары қалыптасу мақсатымен ұстап бақылау.
Слайд 11«Ынтымақ» ЖШС-мен таныстық және атқарылған қызметтер
Шаруашылықта бірдейлендіру жұмысына ат
салыстым. Туылғандарына 2 апта болған бұзаулардың құлағына сырға салып, нөмірлеп,
журналға тіркеп шықтық. Жалпы 150 бұзауға осы жұмысты атқардық.
Слайд 18ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өндірістік тәжірбиемді атқару барысында университет қабырғасында алған теориялық
білімімді практика жүзінде іске асырдым. Бұл тәжірбие кезінде хирургиялық, терапевтік
акушерлік ем көрсетіп, егу жұмыстарын меңгердім. Сонымен қатар КБР, РБП, АР реакцияларын жетік меңгердім. Өндірістік тәжірбием өте жақсы деңгейде өтті.
Слайд 19Пайдаланған әдебиеттер
1. Внутренние незаразные болезни животных / под общ.
ред. Г.Г. Щербовича, А.В. Коробова. – СПб.: изд. «Лань», 2002.-736.;
2. Справочник ветеринарного терапевта. 3-е изд., стер./под ред. А.В. Коробова, Г.Г.Щербакова. – СПб.: изд. «Лань», 2003.-384.;
3. Общая ветеринарная хирургия / А.Д. Белов, М.В. Плахотин, Б.А. Башкиров.; под ред. А.Д. Белова, В.А. Кульяковского – М. Агропримиздат, 1990-592с.;
4. Ветеринарная хирургия, офтальмонология и отропия. Изд. 2-е, испр. и доп. – Л., «Колос», 1975.;
7. Миролюбов М.П – Ветеринарное акушерство, гинекология и биохимия размножения: М.: Колос – 1993
8. Э. А.Чандлер, К.Дж.Гаскелл, Р.М.Гаскелл «Болезней кошек» , Изд «Аквариум» 2002 г.