Слайд 1Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Кафедра: Гигиена-2
“Арал”
көлінің қазіргі заманғы проблемалары.Су нысандарын қорғау саласындағы Қазақстанның қазіргі кездегі
заңды және нормативтік –құқықтық құжаттары.
Орындаған: Серікқызы А
Тобы: 405-ҚДС.
Қабылдаған: Курбанова У.А.
Слайд 2Жоспар:
I. Кіріспе.
Экологиялық аймақ- Арал теңізі.
II. Негізгі бөлім.
1). Арал апатына себеп болған факторлар мен теңіз дейгейінің төмендеуі.
2). Арал теңізінің экологиясы мен проблемалары.
3) Су нысандарының заңды және нормативтік –құқықтық құжаттары.
III. Қорытынды.
Қазіргі таңдағы Арал мәселесі.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3 Экологиялық аймақ- Арал теңізі.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе — Арал теңізі. Арал теңізінің
кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда. Арал өңіріндегі экологиялық ахуал ХХ ғасырдың 60 жылдарының басынан теңіз суының азаюы әсерінен бастау алғаны осы өңірдің тіршілігіне терең мән беретін адамдарға да белгілі.
Слайд 4Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде
соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе –
тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалуға аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Слайд 5Арал апатына себеп болған факторлар
жергілікті жердің тарихи табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл
шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет
ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Слайд 6
Арал теңізі деңгейінің төмендеуі
(1960-2010 жж.)
Бұл
проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы
Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды.
Слайд 7 Осы жылдар аралығында атқарылған
жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып,
жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл.
Слайд 8 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең
жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су
жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның географиялық орнын анықтаған.
Слайд 9Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық
(ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбьшмалылық
болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. Арал теңізінде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген.
Слайд 11Арал көлінің географиялық орналасуы және тартылуы
Слайд 13 Арал апатының жылдық айырмашылығы.
Слайд 15 Теңіздің морфометриялық картасын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады.
Слайд 16Арал теңізінің экологиясы
Арал тенізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су
айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты.
Слайд 17
Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған
орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын
негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен.
Слайд 18
Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған
теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.
т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Слайд 19Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз
қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Слайд 20Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн
сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр.
Слайд 21Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Олар: Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің
суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу
Слайд 22Арал теңізінің проблемалары
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны
белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі
деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Слайд 23Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір
өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден
қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.
Слайд 24Арал апаты мәселесін талқылауда.
Слайд 25Егере жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының
ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр
(800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
.
Слайд 26Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда,
ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға
болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды. Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады. Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет.
Слайд 27Канал кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды.
Оның 4/3 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны насос станциясы сияқты
косымша қондырғыларға жұмсалады.
Судың булану нәтижесінде Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы кейін ол өзінің пайдалы маңызын жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін енді Аралдан Каспийге қарай ағатын екінші канал салу керек. Сонда Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал—Каспий каналын салу көп қаржыны талап етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос станиясының қажеті жоқ, канал қазылып суға жол берілсе болды, ылдиға қарай судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал—Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе қысқа болмақ.
Слайд 28Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан тік тұрып, Аралымыздың
арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады. Каспийге
құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды. 300 млн доллар! Кәзіргі жағдайда бұл тиімді баға ма, әлде көп пе? Адамзаттың уайым-қайғысыз, шаттанып өмір сүруі үшін үлкен екі аймақта тұратын миллиондаған халықты апаттан құтқаруға жұмсалатын 300 млн доллар ешкандай қымбатшылық емес! Бәрі де салыстырмалы түрде айқын болады. Мысалы, "Стеллс" атты американдық бомбалаушы ұшағының құны 840 млн доллар. Ла-Манш арқылы өтетін туннельдің кұрлысы 80 млрд доллардан асып түсті. Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау салуға 300 млн доллар соншалықты қол жетпейтін сома емес. Каспий жағасында орналасқан қазақ жеріне судың көтерілуіне байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар) зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе төмендегі мәселелерді ескерсек, канал құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.
.
Слайд 29Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп
бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз
тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ. Арал теңізінің 2010 жылы құриды деген ғылыми болжам бар: шындық па, дақпырт па? Қазіргі Арал теңізінің экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Негізінен, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жыддарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ең енді бөлігі 292 шақырым. Орташа тереңдігі 16,1 метр. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 шақырым ұзағанда барып, оның терендігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 пайыз. Теңіздің су балансының кірісіңде өзен суларының үлесі 52 текше шақырым 5,3 текше шақырым. Ал, маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 сантиметр деп есептелінген, ал оның көп жылдығы 3 метрден. Демек, 1960 жылы Арал теңізінің абсолютті биіктігі 53,4 метр болса, ал 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеген. І985 жылы Сырдария мен Әмудария өзендері Арал теңізіне құюын мүлдем тоқтатты. 1967-1985 жылдары Арал теңізі 800 текше шақырым суды кем алды.
Слайд 30Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз
түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі
бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.
Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.
Слайд 31Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты.
Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып
бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді.
Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді. Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн. Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.
Слайд 32Сондай-ақ, Каспий теңізінің тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең
терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа
дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді. Аралдың кайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.
.
Слайд 33Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін
мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету.
Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мумкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ. Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді
Слайд 34Су нысандарының нормативтік-құқықтық құжаттары.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда сумен
қамтамасыздандыру гигиенасының
нормативті құжаты болып ҚР ДС министрінің 28. 07. 2010 ж
№ 554 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық –ауыз сумен жабдықтауға, мәдени –тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі саналады.
Осы «Санитарлық ереже» ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптарды және оның сапасын бақылау тәртібін белгілейді.
Слайд 35 Судың сапасына бақылау жүргізу
Ауыз судың сапасына өндірістік бақылау жүргізілуі
керек.
Ауыз судың сапасына өндірістік бақылауды сумен қамтамасыздандырушы жүйені пайдаланатын мекеме
арнаулы жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізеді.
Сумен қамтамасыздандырушы жүйені пайдаланатын мекеме жұмыс бағдарламасына сәйкес, судың сапасын су көзінен суды алатын орында, су тарту торабына жіберер алдында, сонымен қатар ішкі және сыртқы су құбыры торабының су алу нүктелерінде тұрақты бақылап тұрады. Су көзінен суды алатын орында зертханалық зерттеуге алынатын судың сынамаларының саны және кезеңділігі талаптарға байланысты белгіленеді.
Слайд 36 Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету,
ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Ыстық және суық сумен қамтамасыз
ету жүйелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті санитариялық қағидаларға сәйкес судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етуі тиіс. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар және аспаптар жарамды күйде болуы тиіс.
Кәрізделмеген аудандарда ауладағы дәретханалар ғимараттан 25 метрден (бұдан әрі – м) алыс қашықтықта су өтпейтін шұңқырымен қоса орналастырылады. Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, дер кезінде тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады.
Слайд 37Қорытынды
Арал теңізінің тартылуына адам
әрекеті себепші болғандықтан оның қайтадан қалпына келтіретін де адам
баласы болуға тиіс. Арал теңізінің мәселесі тек қана қазақ халқының емес, бүкіл дүние жүзінің мәселесіне айналып отыр. Себебі, Аралдың тартылған табанынан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Қазіргі уақытта ұшқан тұз Солтүстік мұзды мұхитқа да жетіп отыр, осыдан мұздықтардың еруін жылдамдатып жатқаны бүкіл әлемді алаңдатып отыр.
Қазіргі уақытта Аралдың мәселесін шешу үшін тек қана Қазақстан ғана емес, көзшілес Өзбекстан, Түркіменстан және Ресей мемлекеттері де ат салысуға тиіс. Сонда ғана бұл теңіздің мәселесін тез және оңайырақ шешуге болады.
Слайд 38Қолданған әдебиеттер:
"Зерде" республикалық ғылыми-көпшілік журнал.
№9. 2002 ж.
"Атамекен"
газеті 1 қаңтар 2007 ж.
Ү.И.Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Н.Ж.Жақашов, Ж.Д.Бекмағамбетова, М.Е. Жоламанов,
К.К. Тоғызбаева “Гигиена” Алматы 2010ж
Бектұрғанов Р.С, Сералиева М.Ш “Жалпы гигиена” Шымкент 2010ж
ҚР Кодексі “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” № 193 – IV, 18.09.2009 ж
www.google.ru
Ү.И. Кенесариев, Ж.Ж. Бекмағамбетова, М.Е. Жоламанов, Г.Т. Рузуддинова “ Радиациялық гигиена” Алматы 2008ж