Слайд 1 Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған соттар
Слайд 2 Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған соттар
1 Мамандандырылған соттардың жүйесі. Мамандандырылған
соттар және олардың ерекшеліктері.
2 Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және
соларға теңестiрілген соттар қарайтын істерді.
3 Әкімшілік істерді қарайтын соттар.
4 Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот. Қазақстанда жасөспірімдер істерін қарайтын соттардың құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдайы.
5 Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар.
Слайд 3Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының
Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды.
Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
Слайд 4
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және
оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар
қалалардың қалалық соттары);
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Слайд 5
Мамандандыру – уақыт елегінен, тәжірибеден өткен, адам баласының
қызметінің кез-келген бағытында жетістікке жетуінің тетігі болып табылады.
Слайд 6Мамандандырылған соттар құру – істерді әділ шешуге аудандық соттардың жұмысын
жеңілдетуге және азаматтардың сот қызметіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Слайд 7Экономикалық соттарды құру қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22
қарашадағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі екінші мәжілісінің
кеңестері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі шаралар туралы»
№ 95 Өкімінде көрсетілген еді.
Слайд 8
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 535 Жарлығымен
байқап көру ретінде Алматы және Қарағанды қалаларында ауданаралық мамандандырылған эконмикалық
соттар құрылған болатын.
Слайд 9Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық процестік кодексі 29-бабына
сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда
айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.
Слайд 10 Мамандандырылған ауданаралық эканомикалық сот және оның мәртебесі
Мамандандырылған эканомикалық соттар кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен
мүдделерін және басқа да ұйымдардың , кісіпорындардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құрылатын мамандандырылған соттың бір буыны болып табылады.
Эканомикалық соттар жұмыс істеген жылдарында өзінің жарамдылығын дәлелдеді. Судьялардың мамандандырудың арқасында істі қараудың сапасы едәуір жоғарылады.
Слайд 11
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының мамандандырылған экономикалық соты
төрағасы
АЙБЕК ДӘУРЕНБЕКҰЛЫ
Слайд 12Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 9 ақпандағы № 803 «Мамандандырылған
ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттарды құру туралы» Жарлығы
Слайд 13Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс
Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында
қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкiлеттi мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрыды.
Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар құрылды.
Слайд 14 Әкімшілік соттар барлық әкімшілік істерді қарауға арналған төменгі сатыдағы
соттардан орта және жоғары сатыдағы соттарға дейінгі жүйені құрайтын мамандандырылған
соттардың бір тармағы.
Слайд 15
Қазақстанда әкімшілік соттардың құрылып, одан әрі жұмыс істеу қажеттілігінің
мынадай факторларын атап көрсетуге болады:
біріншіден республикада мемлекттік реттеу, оның
азаматтық қоғамдық құрылымдарға қатысу үлесі және азаматтардың күнделікті өміріндегі іс-әрекеттеріне араласуы әлі де болса жоғары;
екіншіден, басқару ісіндегі әсіресе, атқарушы биліктің заңсыз актілерінің күшін жою құқығын соттарға берудің қажеттігі;
үшіншіден, қазақстандық судьялардың жұмыс көлемінің шамадан тыс көптігі;
төртіншіден, азаматтардың құқықтарын бұзатын атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың билеп-төстеуі мен әділетсіз төрешілдігінің көптеп кездесу фактілері;
бесіншіден, соңғы жылдардағы азаматтардың өз құқықтарын қорғау жолында соттарға жүгіну көрсеткішінің өсу фактісі.
Слайд 16
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты
төрағасы
ИБРАШЕВ МЕЙРАМБЕК ШАМАУОВИЧ
Слайд 17Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар
құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы
қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс. ("Қазақстан - 2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚР Президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы)
Слайд 18Елбасы 3 шілде 2005 жылы өткен судьялардың ІV республикалық съездінде,
елімізде кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын мамандандырылған соттар құруды тапсырды.
2007 жылы
23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылыған ауданаралық соттарды құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Слайд 19Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-құқықтық саясаттың негізінде Президенттің 2008 жылдың 19
тамызындағы Жарлығымен 2009-2011 жылдары Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесінің даму Концепциясы
қолданысқа енді. Және Қазақстанда ювеналды әділет жүйесін дамытуда, сол арқылы кәмелет жасына толмағандардың істерін сотта қарауда жан-жақты қамқорлық жасау қажеттігі айқын белгіленді.
Слайд 20Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылу мақсаты – қоғамда
жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал ету.
Қазақстан Республикасында кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына және сот төрелігін ізгілендірудегі алғышарт болып табылады.
Слайд 21Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары соттар кәмелетке толмағандардың
құқықтары мен мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді кешенді түрде шешуге, халықаралық
құқықтың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерін толыққанды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Слайд 22Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар
баланың тұрғылықты жерін
айқындау;
ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын
баланы айырып алу туралы;
бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы;
ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы;
бала асырап алу және оның күшін жою туралы;
кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша;
кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша;
кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы;
Слайд 23Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар
он төрттен он
сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік
ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша;
кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;
әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы;
алименттердің мөлшерін азайту туралы;
кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы;
кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Слайд 24
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының төрағасы
ӘБУ АЙБЕК КЕҢЕСҰЛЫ
Слайд 25Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 «Қазақстан
Республикасының кейбір мамандандырылған соттарын құру және тарату туралы»
Жарлығы
Слайд 26Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан,
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсы
Слайд 27
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот жүйесінің тиімділігін арттыру
мақсатында құрылған.
Заң талаптарына сай, сот аса ауыр санаттағы қылмыстық
істерді қарайды.
Слайд 28
Қызылорда облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
төрағасы
СҮЛЕЙМЕН САҒАТБЕК БОЛАТБЕКҰЛЫ
Слайд 29 Әскери соттар ҚР әскери бөлімшелерінде , шекарасындағы әскери
қызметкерлердің қызметтік міндеттерін дұрыс атқармауына байланысты және өзге де қылмыстарды
қарайтын мамандандырылған сот буының тармағы . Әскери соттардың міндеттері елеулі шамада жалпы соттардың міндеттері елеулі шамада жалпы соттардың міндеттері ұқсас . Әскери және жалпы соттарды өз қызметінде заңдылық қағыдатының талаптарын міндетті түрде басшылыққа алуын белгілеу оларды жақындастырады.
Слайд 31Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жатқан азаматтардың лауазымды адамдар мен
әскери басқару органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауы туралы азаматтық істерді қарайды.
Слайд 32Әскери соттар жүйесін үш буын құрайды.
Бірінші буын - бұлбірлестіктің
(армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты төрағасы мен тұрақты судьялары құрамында
құрылады.
Екінші буын - сот төрағасынан, сот алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұратын және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейтін ҚР-сы әскерлерінің әскери соты.
Әскери соттар жүйесіндегі жоғарғы буын генерал (адмирал) әскери атағы бар, не құрама командирі және одан жоғары лауазымды атқаратын және оларға тең әскери қызметшілердің қылмыстары туралы істерді бірінші сатыдағы сот ретінде қараған.
Слайд 33Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы АБДУЛЛАЕВ СӘКЕН ЖҮСІПАХМЕТҰЛЫ
Слайд 34Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы
17 тамыздағы № 158
«Алматы
қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы»
Жарлығы
Слайд 35Алматы қаласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының өңiрлiк қаржы
орталығына қатысушылардың азаматтық-құқықтық дауларын қарауға уәкiлеттi, облыстық сотқа теңестiрiлген мамандандырылған
қаржылық сот құрылды