Слайд 1Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
Слайд 2 Қарастыратын сұрақтар:
Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдістері
2. Қаржылық
құқықтық нормалар
3. Қаржылық құқықтық қатынастар
4. Бюджеттік құқық негіздері
5. Салық
құқығының негіздері
6. Салықтардың және өзге де алымдардың түрлері
Слайд 3 Қаржы құқығы деп, мемлекеттің ақша корларын қалыптастыру,
бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы.
Слайд 4Мемлекеттік қаржылық қызметінің негізгі қағидалары:
- қоғамдық қажеттіліктері жэне
мүдделерінің басымдылығы;
қоғамға есептілік жэне қоғамның бақылауы;
ашықтық
және жариялылық;
- заңдылық;
мақсатқа жетуде ғылыми тэсілдерді қолдану;
қаржы ресурстарын пайдаланудағы үнемділік,үтымдылық жэне тиімділік;
нормативтілік жэне жоспарлылық;
- стратегиялық мақсаттарды есепке алу;
- қаржылық өкілеттіктерді бөлу.
Слайд 5Қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында мемлекет мынадай үш негізгі міндеттерді
шешеді:
1) елдегі ақша инфрақүрылымын қалыптастыру жэне дүрыс эрекет етуін қамтамасыз
ету;
2) өз қызметтерінің жүзеге асуын жэне өзін-өзі қамтамасыз ету үшін ақша қүралдарын
табу,
3)қоғамдағы элеуметтік-экономикалық процестерге ақшаның көмегімен эсер ету.
Слайд 6Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері:
а. ақша қорларының мақсатын анықтау;
б. мемлекеттік
ақша қорларынан алынған қаражаттарды пайдалану тэртібін белгілеу;
в. бөлінетін ақша қаражаттарының
қаржылық нормативтері мен шектерін белгілеу;
г. мемлекеттік кэсіпорындардың кірістерін бөлу нормативтері мен тэртібін белгілеу;
д. ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыру;
е. ақша қорларының пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Слайд 7Ақша қорларын бөлудің негізгі әдістері:
Қаржыландыру, яғни белгілі бір қордан ақша
қаражаттарын мерзімсіз, ақысыз негізде, біржолата беру.
Дотация - өз қаражаттары жеткіліксіз
болған жағдайда көмек ретінде орнын толтыру мақсатында бөлінеді.
Субвенция - белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен төмен тұрған бюджетке ақша қүралдарының бөлінуі.
Субсидия - белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік ақша қорынан заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарының бөлінуі.
Кредиттеу (несиелеу), яғни белгілі бір қордан ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен, ақылы түрде пайдалануға беру.
Слайд 8Ақша жүйесінің түсінігі және элементтері
Ақша бірлігі - үлттық валютаның атауын
білдіретін, мемлекетпен белгіленген ақша белгісі.
Ақша жүйесі - тарихи қалыптасқан жэне
үлттық заңдылықпен бекітілген елдегі
ақшаның қызметінің үйымдастырушылық нысандары.
Ақша белгілерінің түрлері - ақша массасы жэне ақша белгілерінің номиналының үйымдастырушылық қүрылымы.
Ақша белгілерінің түрлері: а) қағаз ақшалар - эр елде эртүрлі атаулары бар
купюралар; б) қүны эртүрлі жэне қоспасы эртүрлі металл ақшалар.
Ақша жүйесінің түрлері: а) ақша рөлін тауар орындайтын ақшаларға негізделген жүйе (алтын, күміс жэне т.б.); б) қүн белгісі ретіндегі ақшаларға негізделген жүйе (қағаз жэне тиын ақшалардың айналымы).
Ақша жүйесінің элементтері: 1) ресми ақша бірлігі; 2) ақша белгілерінің түрлері; 3)ақша эмиссиясының тэртібі; 4) валюталық айналым режимі; 5) ақша айналымын үйымдастыру.
Слайд 9Мемлекет ақша жүйесінің дүрыс қызмет етуін қамтамасыз ету мен тиімділігін
арттыру
мақсатында мынадай қаржылық құралдарды пайдаланады: деноминация,
девольвация жэне револьвация.
Слайд 10Деномимация -дегеніміз айналымдағы ескі ақшаларды белгілі-бір сақтай отырып, жаңадан шығарылған
ақшаларға айырбастау.
Нулификация - ақшаларының құнының бірден жойылуы, жарамсыз деп танылуы.
Девальвация
айналымдағы ақшаның бағалылығын, яғни валюталық курсты төмендету болып табылады.
Ревальвация - валютаның курсын басқа мемлекеттің валюта курсына байланысты етіп жоғарылату, көтеру.
Дефляция - айналымдағы басы артық ақшаларды алып тастау.
Слайд 11Ақшалай қаржыны бөлу және пайдаланудың әдістері
Қаржыландыру
Несие беру
Слайд 12Қаржыландыру
Ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат
, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражат бөлу.
Слайд 13Несие
Мемлекеттік
Банктік
Коммерциялық
Слайд 14 Бюджеттік құқық мемлекеттік
бюджетті (Республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ,
бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін нормалардан тұратын қаржылық құқықтың институты.
Слайд 15 Бюджетті бөлу әдістері:
- мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындарды
бюджеттік қаржыландыру;
- мемлекеттік мекемелерді сметалық-бюджеттік қаржыландыру;
- бюджетаралық қаржыландыру;
- қайтарымды (кейде ақылы) негізде бюджетаралық қаржыландыру;
- қайтарымды және ақылы негізде бюджеттік ссуда беру;
- әлеуметтік-экономикалық аяны, ғылым мен мәдениетті, елімізді қорғау істерін қаржыландыру;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға кететін шығындарды қаржыландыру;
- мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздары өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Слайд 16Бюджет үрдісі
1. жоспарлау
2. қарау
3. бекіту
4. атқару
5. нақтылау
6. түзету
Слайд 18Бюджеттің түрлері
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік бюджет
Бекітілген бюджет
Түзетілген бюджет
Нақтыланған бюджет
Слайд 19Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республкасының Парламентінде Үкіметі немесе жергілікті
атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе
нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қатамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарамен жүргізіледі.
Слайд 20Аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
Облыстық бюджет, Алматы және
Астана қ.қ. бюджеті
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Мемлекеттік төтенше
бюджет
Бюджет деңгейлері
Слайд 21 Салықтық құқық дегеніміз - мемлекеттің салық
саясатының негізін айқындай отырып оның салықтық құрылымы мен салық жүйесін
бекітетін және салықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Слайд 22Салықтар экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы
күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық- құқықтық құбылысы болып
табылады.
Салықтардың мән-жайларына байланысты: тікелей және жанама салықтар; тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар; мемлекеттік деңгейдегі және жергілікті аумақтардағы салықтар; жалпы және мақсатты салықтар; ұдайы алынатын және біржолғы салықтар сияқты түрлері болады.
Слайд 24Жанама салық
Қосылған құн салығы
Акциз
Слайд 25Акциз - тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың
бір түрі.
Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне
акциз салынады. Акцизделетін тауарларға спирттің барлық түрі, сусын, шырын, арақ-шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі өнімдері, бекіре мен қызыл балық, олардың уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, хрусталь бұйымдары, бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны тағы басқалар жатады.
Слайд 26Салықтар экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы
күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық- құқықтық құбылысы болып
табылады.
Салықтардың мән-жайларына байланысты: тікелей және жанама салықтар; тұрақты бекітілген және реттеуші салықтар; мемлекеттік деңгейдегі және жергілікті аумақтардағы салықтар; жалпы және мақсатты салықтар; ұдайы алынатын және біржолғы салықтар сияқты түрлері болады.
Слайд 28Жанама салық
Қосылған құн салығы
Акциз
Слайд 29Акциз - тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың
бір түрі.
Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне
акциз салынады. Акцизделетін тауарларға спирттің барлық түрі, сусын, шырын, арақ-шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі өнімдері, бекіре мен қызыл балық, олардың уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, хрусталь бұйымдары, бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны тағы басқалар жатады.
Слайд 30Қазақстан аумағында алынатын салықтардың келесідей түрлері бар, олар:
1) корпорациялық табыс
салығы;
2) жекелей табыс салығы;
3) қосылған құн салынатын салық;
4) акциздер;
5) жер
қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
6) әлеуметтік салық;
7) жер салығы;
8) көлік құралдары салығы;
9) мүлік салығы.
Слайд 31 Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші
белгілі бір тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген
құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты - бағдарлы, біршама-эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.
Слайд 32Қазақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері бар:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркегені үшін;
2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
3) жылжымайтын мүлікке деген
құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін;
5) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
6) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
7) азаматтық әуе кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
8) дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін;
9) автокөлік құралдарының ҚР арқылы жүріп өткені үшін;
10) елтаңбалық алым;
11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
12) телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынады.
Слайд 33 Баж - арнайы мамандырылған уәкілетті органдар тарапынан
өздеріне өтінуші - келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңды маңызы бар
белгілі іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама - эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер.
Слайд 34Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінетіндіктен, бірақ жалпы сипаттамасы
көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиеттер ретінде мына
келесідей белгілерін көрсетеміз:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік баждармен қатар маусымдық, демпинге қарсы, өтемдік, арнаулы баждар алынады.
Слайд 35Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінетіндіктен, бірақ жалпы сипаттамасы
көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиеттер ретінде мына
келесідей белгілерін көрсетеміз:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік баждармен қатар маусымдық, демпинге қарсы, өтемдік, арнаулы баждар алынады.
Слайд 36 Төлемақы - мелекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне
өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта
пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды және жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Слайд 37Қазақстан Республикасындағы төлемақылар:
1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;
2) жер бетіндегі көздердің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;
4) жануарлар дүниесін
ластағаны үшін;
5) орманды пайдаланғаны үшін;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;
7) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
8) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
9) сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.