осы санитарлық ереже талаптарына сәйкес өңделуі тиіс.
Өсімдік майлары мен
шроттың сапасы мен қауіпсіздігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2403 болып тіркелген "Тағам азық-түліктерінің қауіпсіздігіне және тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар" санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 447 бұйрығы талаптарына жауап беруі тиіс.
Тиелетін май және жемдік шроттың әрбір партиясы олардың сапасын, қауіпсіздігін және өнімнің шикізат түрін куәландыратын құжатпен бірге жүруі тиіс.
Майлар алыну әдісіне қарай (престеу, сығу), тұқымдардың өндірілу сұрпына қарай және мақсатына (тағамдық, техникалық) байланысты бөлек сақталады.
Өсімдік майларын цистерналарға және бөтелкелерге құйғанға дейін жабық резервуарларда сақталуы тиіс.
Ыдысқа құйылған өсімдік майлары жабық үй-жайларда 18 0 С жоғары емес температурада сақталуы тиіс.
Тұқым майынан, улы химикаттармен уланған тұқымдардан алынған өсімдік майлары техникалық мақсат үшін қолданылады.
Шроттар механикаландырылған қоймаларда үйіліп және элеваторлардың сыйымдылықтарында немесе еденнен 10 см кем емес биіктіктегі арнайы ағаш төсеніштерде қаттап жиналған қаптарда сақталуы тиіс.
4. Өсімдік майларына қойылатын талаптар