Разделы презентаций


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абылай хан атындағы

6.1. Өркениет бас мәселелері және ғылыми-техникалық прогресс.Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абылай хан атындағы Қазақ

Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті Халықаралық қатынас факультеті. Халықаралық құқық мамандығы. Экология

және тұрақты даму

6- Тақырып: Ғаламдық бас экологиялық мәселелер.
6.1. Өркениет бас мәселелері және ғылыми-техникалық прогресс.
6.2.Ғаламдық бас экологиялық мәселелер.
6.3.Ауыл шаруашылығын және өнеркәсiпті интенсификациялауға қатысты экологиялық мәселелер.
6.4. Қоршаған ортаның физикалық, химия және биологиялық ластануы және олардың эколого - тектiк зардаптар.

СОӨЖ

Орындаған: Кәдіржан Балауса
( ХҚФ,112-группа)
 Тексерген: профессор Айдосов А.А.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті

Слайд 26.1. Өркениет бас мәселелері және ғылыми-техникалық прогресс.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың

бірегей,
бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы
мануфактуралық өндірістен,

ғылыми-теориялық және техникалық
қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған
дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби
құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып
келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да
ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық
қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал
ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын
меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді
теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы
кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен холастикалық
дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс
жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін
меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы
жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің
бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен
мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті
кейбір мех.процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті
дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы,
қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды.
6.1. Өркениет бас мәселелері және ғылыми-техникалық прогресс.Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18

Слайд 36.2. Ғаламдық бас экологиялық мәселелер.
Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] -

адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды

мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:
1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
Соғыс және бейбітшілік мәселелері;
Этнологиялық мәселелер;
Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі;
Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;
2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Демографиялық мәселе;
Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;
Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;
Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;
3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Экологиялық;
Шикізаттық;
Энергетикалық;
Ауа райы және т.б. мәселелер.
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастар- ды реформалау. Алғашқысы экология- лық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарт- тар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қа- уымдастықты әділ демократиялық не- гізде реформалауды кәздейді
6.2. Ғаламдық бас экологиялық мәселелер.Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы

Слайд 46.3.Ауыл шаруашылығын және өнеркәсiпті интенсификациялауға қатысты экологиялық мәселелер.
Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы.


Экономиканың алға басуы соған байланысты. Өнеркөсіптің дамуы
жаңа қалалар мен

жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл
шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму
деңгейіне де үлкен өсер етеді. Жалпы алғанда, өндіруші және
өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан
түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі
мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты,
энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің
10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса,
қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы
өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме
жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру,
химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа
салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар
жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы
және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады.
Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел
экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп
отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын
көрінеді (37-сызбанұсқаға қараңдар).Өнеркәсіптің жаңа салаларын
орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім
және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай,
Ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің
байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың
қалыптасуына ықпал етті. 
6.3.Ауыл шаруашылығын және өнеркәсiпті интенсификациялауға қатысты экологиялық мәселелер. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға басуы соған байланысты. Өнеркөсіптің

Слайд 56.3.Ауыл шаруашылығын және өнеркәсiпті интенсификациялауға қатысты экологиялық мәселелер.
Ауыл-шаруашылық өндірістері мен

жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу және

еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.  Ауыл-шаруашылық өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу және еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. Өз дәрежесіндегі экономикалық ынталандыру ауыл-шаруашылық инновациялық технологияларды енгізуге жағдай жасайды. 
6.3.Ауыл шаруашылығын және өнеркәсiпті интенсификациялауға қатысты экологиялық мәселелер. Ауыл-шаруашылық өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян

Слайд 66.4. Қоршаған ортаның физикалық, химия және биологиялық ластануы және олардың

эколого - тектiк зардаптар.







Физикалық ластану — қоршаған ортаның температуралық энергетикалық, толқындық,
 радиациялық және басқа

да физикалық қасиеттерінің нормадан ауытқуларынан болатын ластану.







Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып
отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей
болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан
артық шамада түсуі.


6.4. Қоршаған ортаның физикалық, химия және биологиялық ластануы және олардың эколого - тектiк зардаптар. Физикалық ластану — қоршаған ортаның температуралық

Слайд 7
Биологиялық ластануы. Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге 
зиянды әсер

ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан
келтіруі. Табиғат

құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты
жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған
ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары
әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи
және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан
(жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның
шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік,
тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс
шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған
ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б.
қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Биологиялық ластануы. Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға

Слайд 8
Пайдаланылған әдебиеттер :



1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді

пайдалану. Оқу құралы.
Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы.

Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы,
«Қайнар», 1990.
6.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
7.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата,
«Ана тілі», 1991.
8.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003


Пайдаланылған әдебиеттер : 1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.2.Сағымбаев Ғ.Қ.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика