табанның" шарты бойынша, әр ойыншыға бір-бірден
асық, бір-бір сақа беріледі.
Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың
ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын иіреді.
Сақасы алшы түскен бала бірінші болып, одан кейінгілері рет-ретімен
(тәйке, бүк, шік түскен) «ұшуға» кіріседі.
Ұшу дегеніміз - көмбеден алшақтау жерге барып сақа иіру. Сақасы
алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама
алып, өз шеберлігін көрсете бастайды. Осылай болмаған жағдайда,
асық ату бәрі ұшып болған соң, бастапқы кезек бойынша жалғасады.
Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде
қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және
оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа
ұшырған ойыншы қашан келесі асыққа тигізе алмай қал
ғанша атуды жалғастыра береді. Болмаса, атқан асығы үш табаннан
аспай қалғанда ғана ойын тоқтатып, өзін
ен кейінгі ойыншыларға кезек беруге мәжбүр болады.
Асық ату