теңізінің шығыс бөлігінде мұнай қоры бар екені анық болды. 1893
жылы Доссор, Қаратон, Мақат және Қарашүңгіл жерлерінде барлау бұрғылау жұмыстары басталды. 1899 жылы Жылыой ауданының аумағындағы Қарашүңгіл жерінде алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Осы күннен бастап қазақ мұнайының тарихы басталды.1911 жылы Доссор жерінде ірі мұнай қоры табылып, әлемнің назарында қазақстан мұнайы болды.
1912 жылдың 10-сәуірінде шет елдік инвесторлардың көмегімен «Ембі» мұнай өнеркәсібі және сауда акционерлік қоғамы құрылады. Осы аралықта Лондон биржасы қазақстандық кәсіпшілікте мұнай қазуды ынталандыруға тартылған акцияларды шығара бастайды.