Слайд 1Бизнес жоспар
Көкөніс өсіретін жылыжай
Слайд 2Ип“Жанибек”
Бас директор: Тургынбаев Жанибек
Бас директордың орынбасары: Уайсов Нурсылтан
Эл.почта: Turginbaev-asa
Қазақстан Республикасы
Жамбыл
облысы Тараз қаласы
Телефон: 87073831996
Слайд 3Резюме
Бұл бизнес жоспарым Тараз қаласында көкөніс (қызанақ,
қияр) өсіру жылыжайларын құруды
қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату
үшін жоғары сапалы,
экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Семей қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық
өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде
пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде
жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және беру, олардың
әлеуметтік мәселелерін шешу.
Слайд 4Жоба экономикалық көзқарас жағынан
мыналарға ықпал ететін болады:
өңірде тауар айналымының
ұлғаюына;
көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
перспективада нарықтың осы сегментінде
импортты ығыстыруға;
Тараз нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
жаңа жұмыс орындарын құруға;
салық салынатын база құруға.
Слайд 5Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Өнім түрлерінің тізбесі:
- Томат (қызанақ);
- Қияр.
Томаттың сипаттамасы: Томат
(қызанақ) – бұл негізінен бір жылдық
сабақыты өсімідік.
Қызанақтың жемісінде мыналар болады,%:
құрғақ заттар- 4,5-8,1, ерігіш
қант - 50, органикалық қышқыл - 3,5-8,5, целлюлозалар - 0,87-1,7, пектиналық
заттар- 0,13-0,23.
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0,6,
мыс - 0,097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0,189.
Дәрумендер, мг/1 кг: В,- 0,3-1,6; В2 - 0,5-6,0; РР - 4,3-5, С – 200-450, каротин
және басқалары.
Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын,
консервілеу, тұздау үшін пайдаланады.. Томаттың жемісі тамақ дацындауға
қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың
негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы
өнімін алуға болады.
Слайд 6Қияр — асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік.
Қияр өсімдігі жылуды.
Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың
қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем
болмауы тиіс, әсіресе алғашқы
отырғызған күкндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған
кездерде.
Қиярдың химиялықт құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су
94,3-98,2, құрғақ заттар 1,8-5,7, соның ішінде қант1,07-2,54, белокты
заттар 0,56-1,1, жасушалар0,33-0,78, майлар 0,08-0,27, күлі 0,25-0,58. Қиярда
дәрімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрімені- 10-20, В
дәрімені- 0,04-0,1, В2 дәрімені - 0,04, провитамина А (каротин) - 0,02-0,06.
Қиярды тамақта шала піскен күйінде – жасыл түрінде де пайдаланады.
Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді.
Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың
бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім
болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында
көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар.
Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды
азайтуға әсер етеді.
Слайд 7Қаржылық жоспар
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар
мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге
2 016
Негізгі капиталға инвестициялар 288 573
Айналым капиталы 70 000
Барлығы 358 573
Слайд 8Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз
қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен
де жүзеге асыру жоспарлануда.
Слайд 9Өндірістер
бағдарламасы
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу
келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ
жарнамалық акциялар өткізу
арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі
нарығы
Тараз қаласы болып табылады.
Семей қаласының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320
тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі
толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді.
Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық
тудырмайды.
Слайд 10Маркетингтік жоспар
Маркетингті мақсаты көніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін
жағдайлар жасау болып
табылады. Компанияның нарыққа кіруіне
бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың
өндірістік
қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі
(бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола
алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті
газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін
болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары
үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен
өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
Слайд 11Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі
Жабдықтың жалпы құны 192 400 мың
тг. құрайды
Слайд 12Жобаны іске асыру шығындары
Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.
2019 жылға
арналған инвестициялық шығындар
Слайд 13Қоршаған ортаға әсер
Жоба қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені қолданылатын
технология
барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұл қызмет қоршаған орта
үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының
қағидалары мен заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз.
Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі
Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында табиғатты
қорғау технологияларын қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді
барынша азайту жұмыстары бар.
Жылыжайдың технологиялық процесі тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша
азайту мақсатында, сондай-ақ экономикалық сипаттағы жағдайларды ескере келе
дренажды суларды қайталап пайдаланған орынды сияқты. Бұл үшін жобаға
дренажды жинау және қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.
Слайд 14Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Осы өңірде осы жобаны іске асыру үшін жеткілікті
еңбек ресурстары бар, соған
байланысты Компанияның қызметі жергілікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз
етілетін
болады.
Технологиялық процестің ерекшелігі мен бірегейлігі білікті мамандардың
болуын болжайды, бұл өз кезегінде компания құрамының білім деңгейінің
артуына ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру көкөністі өсіру мен сақтаудың заманауи
технологияларын, сондай-ақ тауарларды базарларға өткізу мен жылжытуды
практикалық басқаруды игеруге мүмкіндік береді.
Осы жоба ел экономикасын дамыту талаптарына толық сәйкес келеді, өйткені
оны іске асыру әлемдік стандарттарға, көкөніс өнімі импортын ығыстыруға
ықпал ететін жылыжай қызметі шаруашылықтары қызметін дамытуға сәйкес
келетін болады. Ұсынылып отырған жоба бүгінгі күнге өзекті болып табылады.
Осы жоба:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің
қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты
бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);
- салық салынатын база құруға ықпал ететін болады .