Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсат: оқушыларға біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра,
біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен
сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат:шығармашылық жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге,табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат: Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру. Жаттығуларды өз беттерінше орындау арқылы ой өрістерін,таным қабілеттерін арттыру.
Слайд 3Өткен сабақтарды қайталау "Сәлеметсіз бе?"ойыны
1.Түбір дегеніміз не?
7.Күрделі сөздер дегеніміз не?
3.Қосымша
қанша түрге бөлінеді? Оларды ата.
4.Жұрнақ нешеге бөлінеді?
2. Қосымша дегеніміз не?
5.Сөздер
құрамы жағынан қалай бөлінеді?
6. Дара сөздер дегеніміз не?
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз.
Қосымша – сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
Қосымша 2 түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау
Жұрнақ екіге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз деп аталады.
Слайд 10
Аң,құс,жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, саңырауқұлақ, итмұрын,
аққу, т.б.
Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Әулиеата, Көкбозат, Қызылорда, т.б.
Кісі
атттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхаметжан, Аманжол, Есенәлі, т.б.
Дене мүшелері: асқазан, тоқішек, ұлтабар, сегізкөз, мойыномыртқа, т.б.
Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан, т.б.
Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т.б.
Ән, күй, өлең атаулары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қараторғай, Кісенашқан, Сегізаяқ, т.б.
Күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, еңбеккүні, отағасы, ақсақал, т.б.
Мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, күздігүні, әнеугүні, т.б.
Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, т.б.
Слайд 12Тапсырма: 79-жаттығу
Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске
ұшыраған кіріккен сөздерді
бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көрсетіп көшіріп
жазыңдар. Біріккен сөздердің мағыналарын
айтыңдар.
Үлгі: Қаптесер – қап және тесер сөздерінен біріккен, тышқанның бір түрі.
Қаптесер, Темірқазық, Сейсенбай, күркетауық, әлдебір, Қолғанат, Көкбозат, Сатыбалды, Жанбота, Құлагер,
Жансүгір, соқыршек, Омарханұлы, Сәтбайқызы, Сейітқұл, Айтқожа.