Слайд 1БІРЫҢҒАЙ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы
2020-2021 оқу
жылы
Слайд 2Өткізу күні: 20 тамыз 2020 жыл
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
коронавирустық инфекцияның
таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа
2020-2021 оқу
жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
Слайд 3 Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары (әр
мектеп ата-аналарға осы мектепте оқитын форматы туралы хабарлайды)
Оқытудың штаттық режимінде
санитарлық талаптарды сақтау
Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)
Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
Баланың оқу режимі және демалысы
Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен танысу
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
Слайд 4
2020-2021 оқу жылындағы оқу форматтары
Қашықтан оқыту
Оқу үрдісі қашықтан мектепалды,
1-11 (12) сыныптарда ұйымдастырылады
1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының (балалардың заңды
өкілдерінің) өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар «кезекші сыныптар» ұйымдастырылады. Оқушыларды «кезекші сыныпқа» қабылдау ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініштері бойынша жүргізіледі.
Кімге __________________
Аты-жөні _______________
Кімнен _________________
Мекен-жайы ____________
Телефон _______________
ӨТІНІШ
Сізден менің ұлыма (қызыма) қашықтан оқудан бас тарта отырып, күндізгі оқытуды ұйымдастыруды сұраймын.
Менің ұлымның (қызымның) толық аты-жөні, _____________________. Баламды «кезекші__сыныпқа» қабылауды өтінемін.
Менің баламда созылмалы аурулар жоқ.
Мен карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде баламның мектепке бару шарттарымен танысқанымды және келісетінімді хабарлаймын.
Өз баламның санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімді орындауға келісемін. COVID-19 ауруы қаупімен байланысты жауапкершілікті түсінемін.
Слайд 5«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
«Кезекші сыныпта» оқуға созылмалы аурулары
жоқ балалар жіберіледі;
Балаларды оқытуға арналған өтініштер 2020 жылғы 15-24 тамыз
аралығында қолжетімді байланыс құралдары арқылы ата-аналардан электронды түрде қабылданады;
«Кезекші сыныпқа» қабылдау 2020 жылғы 25 тамызда жалпы білім беретін мектеп басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
25-27 тамыз аралығында «кезекші сыныптар» құрылады, әр топқа мұғалім бекітіледі;
Оқу тоқсаны ішінде балаларды «кезекші сыныпқа» қабылдау топта бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады;
Ата-аналар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етеді (маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер);
Ата-аналар мен педагогтер балаларға әлеуметтік дистанция қажеттілігін түсіндіреді;
Слайд 6«Кезекші сыныптардың» жұмыс істеуіне ұсынымдар
«Кезекші сыныптардың» толымдылығы - 15 баладан
артық емес;
Сабақтың ұзақтығы - 40 минут; 1-сыныпта – сатылы режим;
Таза
ауада, мектептің спорт алаңдарында дене шынықтыру сабақтарын өткізу;
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
Білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады.
Слайд 7«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
Әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдарды ұлғайту
және ауыстыру, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп кеңістігін (барлық
кабинеттерді) барынша пайдалану;
Білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің мектеп ішіндегі тікелей байланыстарын қысқарту;
Білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күн сайын өлшеу, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
Дене қызыуы нормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады;.
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да ылғалды тазарту жүргізіледі;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
Зарарсыздандыруға арналған құралдардың жеткілікті болуы қажет. Аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезелерді зарарсыздандыруды тұрақты жүргізу.
Слайд 81-2 сыныптардағы сабақ кестесінің үлгісі
Назар аударыңыз! Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде
әр сынып өз сабақ кестесін үлгі бойынша орналастырады.
Үлгі
Слайд 91-4 сыныптардағы апталық жүктеме
Назар аударыңыз! Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде
әр сынып өзінің апталық жүктемесін үлгі бойынша орналастырады.
Үлгі
Слайд 10Қашықтан оқыту
Интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара қашықтан әрекеттесуі.
Интернет-платформалардың
мүмкіндіктерін қолдана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей
байланысы (стриминг)
Сабақ Интернет-платформада жүзеге асырылады;
тікелей эфир үшін мұғалім Санитарлық талаптарға сәйкес 10-нан 30 минутқа дейін сабақ бере алады;
Білім алушы әрекет алгоритмі негізінде стриминг режимінде сабаққа алдын-ала дайындалады;
техникалық проблемалар туындаған және тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады, ақушы да ауысады;
мұғалім кері байланысты оқушыға электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – қол жетімді байланыс түрлері арқылы ұсынады;
сабақтың жазбасы сақталады және оқушыларға кез-келген уақытта қолжетімді болады;
Оқушыларға кері байланыс береді.
Сабақ қашықтан Интернет-платформада мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады;
Сабақты дайындау кезінде мұғалім оқушыларға өздігінен оқуға арналған оқу материалдарын береді;
Интернет-платформада орналастырылған қолжетімді сандық білім беру ресурстарын жеткізеді;
кез-келген уақытта Интернет-платформада орналастырылған немесе цифрлық ресурстарға, видео сабақтарға немесе электронды оқулықтарды көруге мүмкіндік береді;
Тиісті оқу тапсырмаларының көлемін сақтап, оқу тапсырмаларын әзірлейді;
білім алушыларға оқу тапсырмаларын жібереді;
орындалған жұмыстарды қабылдайды, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – қолжетімді байланыс түрлері арқылы белгіленген тәртіппен оқушыларға кері байланыс (түсініктемелер, ұсынымдар) береді.
Слайд 11
Қашықтан оқыту
Оқу үрдісін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп Интернет-платформаға қосылуы керек
(әр мектеп өз интернет-платформасымен таныстырады);
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін біздің мектеп
______________ интернет-платформаны таңдады;
Платформаға шығу үшін _________ сілтемесі бойынша өту керек;
Тіркеуден өтіңіз;
Өзіңіз туралы ақпаратты жаңартыңыз;
Назар аударыңыз! Сынып жетекші мектеп таңдаған интернет-платформаның функционалдық мүмкіншіліктерін түсіндіруі қажет (оқу тапсырмаларын қалай алу керек, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін, ата-аналарға арналған функционал, оқушыларға арналған функционал және т. б. ТЖБ және БЖБ орындау).
Слайд 12
Оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Сынып жетекшімен байланыста болу;
Синхронды және
асинхронды форматтағы сабақтарды ескере отырып, сабақ кестесін сақтау және оқу
күнін жоспарлау;
Оқу материалдарын оқу, игеру және белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмаларын орындау;
Жауаптарды Интернет-платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркеу немесе электрондық пошта арқылы жіберу;
Тапсырмаларды орындау мұғалімнің түсініктемелерін оқып, ұсыныстарын орындау;
Мұғалімдермен қолжетімді режимде жұмыс істеу, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды жіберу;
Компьютерлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтау.
Слайд 13
2020-2021 оқу жылындағы оқу форматтары
Мектепалды, 1-11 сыныптарда күндізгі оқыту форматы
Күндізгі
форматтағы оқыту санитарлық талаптардың қатаң шараларын сақтай отырып, елді мекендердегі
шағын контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептерде рұқсат етіледі;
Мектептердің күндізгі оқытуы жергілікті атқарушы органдар шешімімен, өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер келісімімен рәсімделеді.
Слайд 14Күндізгі оқыту форматы талаптары
Барлық сыныптарда, оның ішінде мектепалды сыныптарда, санитарлық
қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтау;
Сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып
сабақ кестесін құру;
Сыныптағы оқушылар саны 15 адамға дейін;
Әлеуметтік қашықтықты сақтау;
Оқушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу;
Дене температурасынормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады.
Кабинеттік жүйенің болмауы, оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
Әр сынып белгілі бір кабинетте оқиды.
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Маска кию режимін қамтамасыз ету;
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда ауысымдар арасында тазарту жүргізу;
Таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
Сапалы сумен қамтамасыз ету, өңдеуге арналған зарарсыздандыру құралдарымен аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету;
Медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі.
Слайд 15
Қашықтан оқытудың қосымша ресурсы - ТВ-сабақтар
Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында
қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден
жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқуға мүмкіндік беріледі.
Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.
Телевизиялық сабақтардың ұзақтығы 10-нан 15 минутке дейін. Телевизиялық сабақтар жаңа тақырыптың негізгі тұстарын түсіндіруге арналған. Сабақтардағы тақырыпты әр мұғалім бекіту жұмыстарымен толықтырады.
Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады.
Слайд 16Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу
іс-шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілді;
1 сынып оқушылары бағаланбайды
2-11 сыныптарда
пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі;
5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда БЖБ, 28 қазаннан бастап 2-11 сыныптарда ТЖБ өткізу ұсынылады. Әр мектеп өз оқу кестесіне байланысты, оңтайлы уақытта өткізеді;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда, электрондық журналдар болмаған жағдайда - қағаз журналдарда жүзеге асырылады.
Слайд 17Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі көлемі
Назар аударыңыз! Қашықтан оқыту
кезінде «үй тапсырмасын» дәстүрлі түсіну өзгереді, өйткені оқу жоспарына сәйкес
пәндер бойынша тек оқу тапсырмалары бар, оларды оқушылар өздігінше орындайды. Әр сынып жетекшісі өз сыныбына арналған кестені пайдаланылады.
Слайд 18Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 19Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 20Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 21Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 22Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 23Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 24Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 25Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
Слайд 26Балаға қашықтан оқу үшін қандай құрылғылар қажет?
Дербес компьютер, ноутбук, планшет
немесе смартфон
Интернетке қосылу (мүмкіндігінше кең жолақты) сымды немесе сымсыз (3G
немесе 4G / LTE)
Динамиктер мен микрофон-кірістірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth
Веб-камера немесе HD-веб - камера-кіріктірілген немесе USB/ HD-камера немесе бейне түсіру картасы бар HD-бейнекамера/ интернет желісіне қосылған iOS немесе Android-де мобильді құрылғы (смартфон немесе планшет)
Слайд 27
2020-2021 оқу жылының оқу шарттары
Назар аударыңыз! 2021 жылдың 1 қаңтарына
дейін мектептерде оқушылардың көптеп қатысуымен мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Назар
аударыңыз! Мектеп қашықтан оқытудан әдеттегі режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша (шектеу іс-шаралары аяқталғанға дейін) қашықтан оқытуда қалуы мүмкін. Ол үшін ата-аналар өтініш беруі керек.
Назар аударыңыз! Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтатылады.
Слайд 28 Қашықтан оқу кезіндегі баланың жұмыс орны
мүмкіндігінше жұмыс үстелі табиғи
жарыққа жақын болуы керек;
мүмкіндігінше баланың жұмыс орны жас балалардың қол
жетімділігінен алыс болуы керек;
жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдануға болады, жарық жоғарыдан пернетақтаға түскені дұрыс;
баланың жұмыс істейтін үстелінде жазатын қолы жағынан (әдетте оң жақта) қағазға жазып жұмыс істеу үшін орын қалдырған дұрыс;
баланың жұмысы кезінде бөлмедегі теледидар өшіріліп, мүмкіндігінше тыныштық пен жұмыс ортасы қамтамасыз етілгені дұрыс.
Слайд 29 Қашықтан оқыту кезіндегі баланың оқу режимі және демалысы
Басты
міндет: балалардың оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін оқу үрдісін ыңғайлы
ету
Ұйқыдан тұру
Гигиеналық процедуралар
Таңғы ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Кесте бойынша сабақтар
Түскі ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Шығармашылық қызмет түрлерімен айналысу, танымдық кітаптар оқу, үйде көмек көрсету
Оқу тапсырмаларын орындау
Кешкі ас
Гигиеналық процедуралар
Ұйқы
Ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау үшін жаттығулар жасатуға, демалу үшін үзілістерге және оқу уақытын ұтымды пайдалануға назар аударуы керек
Слайд 30Мектеп формасына талаптар
Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады;
2020-2021 оқу жылына
қатысты міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді;
Санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп,
шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алады.
Ата-аналар балаға сабаққа ыңғайлы киім таңдап, киім тәртіпке келтіретінін және оқуға бейімделуге көмектесетінін түсіндіруі қажет
Слайд 31Баланы өздігінен жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болады?
Баланың оқуға
деген ынтасын арттыру:
білімді болуға ұмтылдыру;
қарым-қатынас шеңберін кеңейту;
өз таланттарын ашуға, белсенді
және көшбасшы болуға баулу;
оқу қажеттілігін (оқушы мәртебесі) жоғарлату.
Не қажет?
Ересектердің жеке тәжірибесі
Баға емес, нақты білімнің талабы
Алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету
Слайд 32АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз.Олардан өзіңізді бұрын
қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;
Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;
Ақпаратпен
танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;
Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;
Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;
Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;
Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;
Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;
Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.
Слайд 33Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау
Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз;
Сабақтан тыс
уақытта Интернетте пен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут);
Балаңыздың Интернетке
кіруіне тарихына қызығушылық танытыңыз;
Балаңызбен компьютерде немесе мобильді құрылғыда не көретіні және немен айналысатыны туралы сөйлесіңіз;
Балаларға компьютерде тиімді уақыт өткізуді және нақты дағдыларды игеруді ұсыныңыз;
Үлгі болыңыз. Балалар көбінесе ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды.
Слайд 34Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
Баланың жеке басын құрметтеңіз. Өз
әрекеттеріңізде озбырлыққа жол бермеңіз;
Тиісті өзін-өзі бағалауды қалыптастырыңыз;
Баланы отбасының нақты істерімен
таныстырыңыз;
Баланың ерік-жігерін дамытыңыз. Мақсатқа жету үшін күш салу керектігін үйретіңіз;
Баланы жоспарлауға, іс-қимыл жоспарын құруға үйретіңіз;
Басқа балалармен, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретіңіз;
Баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырыңыз: мейірімділік, әдептілік, жанашырлық, өзара көмек, жауапкершілік;
Отбасылық өмірдің әдеттегі ырғағын мүмкіндігінше сақтаңыз немесе жаңа отбасылық дәстүрлерді (ойындар) жасаңыз;
Балалардың құрдастарымен қарым-қатынасын ынталандырыңыз (шектеулі уақытпен),
(мысалы, баланың жасына байланысты әлеуметтік желілер);
Слайд 35 Балаларға COVID-19 берілу жолдары туралы және оларды жұқтыруға жол
бермеу жөніндегі шаралар туралы айтыңыз
Инфекциядан аулақ болуды, яғни:
суық
және ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыс жасамауды;
жаппай іс-шараларға қатыспауды;
қолыңызды сабынмен мүмкіндігінше жиі жууды;
мүмкіндігінше, көзге, аузына және мұрнына қол тигізбеуді;
мүмкіндігінше, қоғамдық орындардағы тұтқаларға, сүйеніштерге, басқа да заттар мен беттерге қол тигізбеуді;
салауатты өмір салтын ұстануды, ұйықтауға және ұйықтауға уақыт бөлуді, теңгерімді тамақтану және үнемі жаттығулар жасауды;
бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалау керектігін түсіндіріңіз.
Слайд 36
Білім беру ұйымдарының жауапкершілігі:
ата-аналарды немесе заңды
өкілдерді оқытудың, оның ішінде қашықтан оқытудың шарттары мен ерекшеліктері туралы
хабардар ету
компьютерді және Интернетті қауіпсіз пайдалануға байланысты ұсынымдармен танысу
білім алушыларды құрылғылармен ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету (Интернет-платформа);
оқулықтармен қамтамасыз ету;
білім беру бағдарламаларын орындау және педагогтердің оқу сабақтарының кестесін сақтау;
қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту үрдісіне оқушыларға ата-аналарының (заңды өкілдерінің) сүйемелдеуін ұйымдастыру.
Оқу үрдісін ұйымдастырудағы жауапкершілік
Слайд 37
Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігі:
баланы қашықтан оқыту үшін
қолайлы жағдайлар жасау;
компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдардың орындалуын
бақылауды қамтамасыз ету;
баланың оқу кестесі мен тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
Мектептен байланыста болу;
егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың жауапкершілігі:
сабақтарға күнделікті қатысу;
тапсырмаларды күн сайын өздігінен орындау, оның ішінде білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы және қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болу;
оқу материалын толық игеру, сапалы білім алуға ұмтылу;
компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды орындау.