Разделы презентаций


ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ СИНТАКСИСКЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАРЫ 27.02.2013

Содержание

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог. 1920 – 22 жылдары ауылда мұғалім, 1922 – 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы, 1924

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ СИНТАКСИСКЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ СИНТАКСИСКЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

Слайд 2Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938)

– тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог.
1920 – 22 жылдары

ауылда мұғалім,
1922 – 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы,
1924 – 29 жылдары Ақтөбе губерния оқу-ағарту бөлімі басшысы және Ақтөбедегі педагог техникумда мұғалім,
1925 жылы жаңа әліпбиге көшуге арналған Мәскеуде өткізілген кеңеске қатысып, онда сөз сөйледі.
1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс ғалымдарымен байланыс жасады.
1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітіреді.
1929 жылы осы институттың академигі Самойлович басқаратын “түркітану семинарийіне” оқуға түсті.
1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болды, белгілі тілші ғалымдардан дәріс алды.
1932 – 37 жылдары ҚазПИ-де  профессор, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ:

Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауданы – 25.2. 1938) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог. 1920 –

Слайд 3ЕҢБЕКТЕРІ:
МАҚАЛАЛАРЫ:
“Жаңа грамматиканың жақсылықтары”,
“Шылаулар”,
“Қос

сөздер”,
“Біріккен сөздер”,
“Әдіс, бағдарлама, т.б.
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ:
“Қазақ

тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том),
“Фонетика” (орыс тілінде),
“Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”,
“Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”,
“Буын жігін қалай табуға болады”,
“Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”,
“Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”,
“Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”,
“Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” кітабы (1936),

Шығармалары:
Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1936;
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966 (қазақ, орыс тілдерінде).

ЕҢБЕКТЕРІ: МАҚАЛАЛАРЫ:  “Жаңа грамматиканың жақсылықтары”, “Шылаулар”, “Қос сөздер”, “Біріккен сөздер”, “Әдіс, бағдарлама, т.б.ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ: “Қазақ тілінің ғылыми

Слайд 4І бөлім. Сөздің жалпы құрылысы (жалпы морфология).

СӨЙЛЕМ

Сөзбен білдірілген ой

аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да

мүмкін. Балалар бүгін... . Балалар бүгін ойнады. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін қар жапқан. Осындай аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөзді сөйлем дейміз.

Сөйлемнің қандай түрлері болады, қандай бөлшектері болады, ол бөлшектерден сөйлем қалай құралады? – Міне, грамматиканың осыларды қарайтын бір бөлімі бар. Грамматиканың бұл бөлімін сөйлем жүйесі немесе синтаксис дейміз. Синтаксис грек сөзі. Қазақша қоспа деген. Сөздерді бір-біріне қосып барып сөйлем жасалатын болғандықтан, қоспа деп аталған.

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер

І бөлім. Сөздің жалпы құрылысы (жалпы морфология).СӨЙЛЕМ Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала

Слайд 5СӨЙЛЕМНІҢ САЗЫ
Сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сөзбен айтылғанына

қарай, сөйлем үш түрлі болады:
ІІ бөлім. Сөйлем жүйесінен бастауыш

білім.

1. Хабар сазды сөйлем. Болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады. Жаз шықты. Күн жылы. Жуырда құс келіп болады. ХСС біткеннен кейін ұлы тыныс белгісі (.) – ноқат қойылады.

3. Леп сазды сөйлем. Бір нәрсеге таңдана, опына, біреуге өтіне, бұйыра, ашулана, қуана сөйлеген, немесе хабар өте көтеріңкі я өте басылыңқы көңілмен берілген болса, сөйлем леп сазды болады. Тілек, ұран сөйлемдер де леп сазды сөйлемдерге қосылады. Мысалы: Апырай, мынау бір қызық екен! Қап, кеше келмеген екенмін! ЛСС-нің соңынан леп белгісі (!) қойылады.

2. Сұрау сазды сөйлем. Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды болады: Каспийдің сұлулығы сұрғылт құм ба? Кавказдың сұлулығы зәулім шың ба? (Ілияс). ССС-нің аяғына сұрау белгісі (?) қойылады.

СӨЙЛЕМНІҢ САЗЫ Сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сөзбен айтылғанына қарай, сөйлем үш түрлі болады: ІІ бөлім. Сөйлем

Слайд 6СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

Баяндауыш. Сөйлем деген – түгенделген ойды ауызекі, я

қағаз жүзінде баяндап беретін бір сөз, я бір топ сөз.

Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің, не бірдеменің не қылғанын, я не болғанын баяндап тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз. Құс ұшады. Бала ойнайды. Баяндауышты тауып алу оңай, ол – қашан да сөйлемнің ең соңында тұрады.

Ескерту: І. Баяндауыш – сөйлемнің соңында келмейтін екі жері бар: бірі – ұран сөздерде, бірі – төл сөзге жалғаса, деу сөзі баяндауыш болған жерде. 1. Ұрандарда жасасын, жоғалсын сияқты сөздер баяндауыш болғанда, күшейту үшін бұлар сөйлемнің басына қойылады. Мысалы: Бітсін байлар!
2. Баяндауыш де сөзі болғанда (де етістігі) басқа мүшелердің алдына да шығарылады: - Құжырайған шал ғой – не хабар біледі дейсің, - дейді бір келіншек (Бейімбет).

ІІ. Өлең сөздерде өлеңнің ұйқасы үшін сөз орны алмасып тұра береді. Соның ішінде, баяндауыш та орнынан ығысып кете береді: Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).

Еріксіз алған баурап шалдың күйі,
Жырлаған дертті жүрек, улы миы
(Ілияс).

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ Баяндауыш. Сөйлем деген – түгенделген ойды ауызекі, я қағаз жүзінде баяндап беретін бір сөз, я

Слайд 7Бастауыш

Сөйлем қашан да біреудің, я бірдеменің жайынан сөйленген болады.

Сөйлемнің кімнің, я ненің жайынан сөйленгендігін көрсететін мүшесін бас мүше,

немесе, қысқартып бастауыш дейміз. Баяндауыштың алдына кім? не? деген сұраулар қойып бастауышты тауып алуға болады.

Ескерту: Бастауыштың сұрауы кейде қайсысы? қандайы? қаншасы? дегендер болып келеді. Мектебіміздегі екі жүз оқушының биыл жиырма бесі бітіріп шықты. Сияның қарасы жақсы.

Бастауыш Сөйлем қашан да біреудің, я бірдеменің жайынан сөйленген болады. Сөйлемнің кімнің, я ненің жайынан сөйленгендігін көрсететін

Слайд 8Айқындауыш

Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады. Олар

я бастауышты, я баяндауышты анығырақ, айқынырақ аңғарту үшін тұрады. Мысалы:



Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су соқты.

Алдыңғы сөйлемдегі жылы-жылы, соңындағы жылғалардан сияқты бастауышты, я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз.

Бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер дейміз.

Айқындауыштың өзінің айқындауышы, ол айқындауыштың тағы айқындауышы ... бола беруі мүмкін. Сатырлаған сойыл үйдің үстіне жауды.
Бір сөздің өзінің бірнеше айқындауышы болуы мүмкін:
Тас ұршықтың тесігі
Мамадан бидай сорады (Ілияс).
Айқындауыш Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады. Олар я бастауышты, я баяндауышты анығырақ, айқынырақ аңғарту

Слайд 9Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем

Негізгі мүшелері ғана (бастауышы мен баяндауышы

ғана) бар да, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Айқындауыш мүшелері бар болса, сөйлем жайылма болады. Сен жаздың. Мен жақсы оқыдым.

Негізгі мүшелері түгел (бастауышы да, баяндауышы да бар) сөйлемді толық сөйлем дейміз. Оқу жаңа басталды. Қартайдық. Қайғы ойладық. Ұлғайды арман (Абай). Осы өлеңнің соңғы сөйлемі толық сөйлем. Негізгі мүшелерінің (бастауышы мен баяндауышының) не біреуі, не екеуі де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем болады. Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман дегендегі алдыңғы екі сөйлем олқы сөйлемдер. Себебі, олардың негізгі мүшелерінің біреуі (бастауыштары) жоқ.

Толық сөйлем мен олқы сөйлем

Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемНегізгі мүшелері ғана (бастауышы мен баяндауышы ғана) бар да, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлемді

Слайд 10Сөйлемнің айқындауыш мүшелері екі түрлі болады

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері екі түрлі болады

Слайд 11Бұл
1
мал (-ды)
2
күткен
3
Бейілдің
7
көрмесі
8
берген
6
малға
4
ықылас (-ты)


5
Баяндауыш сөйлемнің ең аяғында, бастауыш өз баяндауышынан бұрын келеді. Анықтауыш

өзінің анықтаған сөзінен, тоылқтауыш өзінің толықтаған сөзінен бұрын келеді.

Бұл – мал күткен, малға ықылас берген бейілдің көрмесі.

Сөйлем мүшелерінің орын-орны

Бұл 1мал (-ды) 2күткен 3Бейілдің 7көрмесі 8берген 6малға 4ықылас (-ты) 5Баяндауыш сөйлемнің ең аяғында, бастауыш өз баяндауышынан

Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер:

Жұбанов Қ. “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер”. – Алматы,

1966 жыл.

Пайдаланылған әдебиеттер: Жұбанов Қ. “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер”. – Алматы, 1966 жыл.

Слайд 17Назарларыңызға рахмет!!!
Дайындаған: Канапиянова Айгерім
Қаруов Азамат
Алматы, 2013 жыл

Назарларыңызға рахмет!!!Дайындаған: Канапиянова Айгерім Қаруов АзаматАлматы, 2013 жыл

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика