Слайд 1Девиация және әлеуметтік бақылау
Слайд 21.Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру.
2.Әлеуметтік бақылау әдістері: оқшалау, алшақтату
және ақтау.
3.Бақылаудың ресми және бейресми түрлері. Тұлғаны ресми қадағалау орындары.
Слайд 3Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ
ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік
топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Слайд 5Девиантты мінез-құлық
Жағымды
Жағымсыз
Ұлттық батырлар
Дарынды адамдар
Атақты суретшілер
Атақты ғалымдар және т.б.
Алкоголизм
Нашақорлық
Суицид
Терроризм
Вандализм
Қылмыс жасау
Слайд 6Девианттық мінез-құлыққа тән сипат-мәдени релятивизм:
Екі түрлі қоғамды немесе кезеңді салыстыру.
Бір
қоғамның ішіндегі 2 немесе бірнеше әлеуметтік топтарды салыстыру.
Әр түрлі тарихи
кезеңдегі мәдениеттерді салыстыру.
Слайд 7Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль
Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия»
термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді
Слайд 91. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін
мінез-құлық. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия,
алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б. жатады.
Слайд 102. Делинквентті мінез-құлық- латын сөзі «қателік жасаушы» - заңға қайшы
әрекет жасау.Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оған мыналар кіреді: жеке тұлғаға
көрсетілетін дөрекілік, төбелес, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту,наша сату және тарату.
Слайд 113. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Оған қылмыс және
оның түрлері жатады. Ол сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына
байланысты жазаланады.
Слайд 12Ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
Өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалана алмау
Слайд 161. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық
және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Олар:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті
болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуының факторлары
Слайд 172. Психологиялық факторлар Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің
басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда
т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
Слайд 183. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,
баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ,
үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Слайд 194. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып
бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
Слайд 20
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен
болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі
қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Слайд 21Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан.
Алкоголизмнің
тигізетін зияны
,,,,,,,,,,,,,,
3335
2522
Слайд 24Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір
миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың
отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер — Ресе мен Қытай — мен Қазақстанды атауға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақсатан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Ол кезде орта есеппен 100 000 адамға шаққандағы суицид жасаушылардың саны 30 адамды құраған. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді.Елдегі мұндай ахуал жаңадан пайда болған үрдіс емес. Суицид жасаушылар сонау Кеңес заманынан бері бар. Ол кездің өзінде жыл сайын 4-5 адам өз-өздеріне қиянат жасап, масқара өліммен өмірлеріне нүкте қойып отырған. КСРО және әлем бойынша суицид жасаушылардың саны жағынан Қазақстан сол кездері-ақ алдыңғы қатарлы орындардан көрінген. Бір өкініштісі, суицид жасаушылардың басым бөлігі – еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Мұндай қара өлімге тап болған адамдардың небары 2-5% ғана Жүйке-неврологиялық диспансерде тіркеуде болған.
Жыл сайын әлемде бір миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Оның 280 мыңы қытайлықтар, 30 мыңы американдықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 фрацуздар, 51 мыңы — орыстардың үлесінде. Шведтің суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәліметі бойынша, 100 мың адамға шаққанда жастардың суициді жөнінен Қазақстан Шри-Ланкадан кейін екінші орында тұр. Халық санын көбейте алмай отырған Қазақстанға бұл да өзекті мәселе болып отыр. Еліміздегі биылғы өткен ұлттық санақ нәтижелері бойынша, отандастарымыздың саны 16 миллион 402 мың. Мемлекетімізде он жылда не бары миллион жарымға жуық адамға артқан екенбіз
Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де көп кездеседі.
Слайд 25Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға
шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл
көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан әлем бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 53-і өзіне қол салу оқиғасы көрсеткішімен алдыңғы орындардың бірінде. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша «тұрақты лидерлер» саналатын – Венгрия (88) мен Литвадан (96-99) сәл төмен тұр. Ал кейбір деректер бойынша, Қазақстан Ресей мен Латвиямен бір қатарда көрінеді.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Слайд 27Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген
дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар,
рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес діни ұйымдар саны өсуде. Бас-аяғы жиырма жылға жетпейтін уақыт ішінде «Сайентология шіркеуі» (статистикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 1; 2008 ж. - 5; 2009 ж. - 4), «Кришнаны тану қоғамы» (статистикалық есеп бойынша: 2008 ж. - 12; 2009 ж. - 10;), Фархад атаның жолын қуған «үмбеттер», «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»), «Иегова куәгерлері» (статистикалық есеп бойынша: 1990 ж. - 27; 2003 ж. - 100; 2008 ж. - 76; 2009 ж. - 78), тағы да басқа толып жатқан дәстүрлі емес діни ұйымдар (cтатистикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 51; 2009 ж. - 44;) «Елуіншілер», (статистикалық есеп бойынша: 1990 ж. - 42; 2003 ж. - 32; 2008 ж. - 48; 2009 ж. - 51) еліміздің түкпір-түкпірін жаулап үлгерді. Көптеген отбасының шырқы бұзылып, түтіні түзу ұшқан талай шаңырақ ортасына түсті. Өкініштісі, діни сауаты әлі кемеліне келмеген азаматтар олардан қалай сақтану керектігін, қандай жолмен тойтарыс беруге болатындығын жете біле бермейтін сыңайлы. Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді, діннің атын жамылған теріс пиғылды ағымдар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін екендігіне енді ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады.
Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады. Оның сыры неде?
Бейімделгіш ұйымның ең түсініксіз жері мынада: жеке тұлға, бір топқа айналғаннан кейін ортақ жүйеге, бір мақсатқа бойұсынады. Осылайша, әрқайсысы дербес ойлау, әрекет ету қабілеттерінен айырылады. Жаңа күйге енеді. Бұрын өзіндік идеясы мен сезу қабілеті бар тұлғалар топ санатына енгеннен кейін біртұтас ұйымның мүшесіне айналады. Зерттеушілер осы ұйымның іс-әрекеті мен психологиялық жағдайына да сипаттама береді. Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді.
Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті. Демек, өзіңді-өзің қорғау үшін солардың дегеніне көнуге тура келмек. Яғни қасқырлардың ортасында өмір сүру үшін қасқырша алысып-жұлысуға мәжбүр боласыз деген сөз.
Ескішіл көзқараспен өмір сүретін, аңыз-әңгімелерде айтылған жайттарды шындыққа балайтын дәстүрлі емес діни ағым мүшелері кез келген жаңашылдықты жақтырмайды, тіпті оны жек көруі де мүмкін. Себебі осы топ ықпалына түскен жандар үшін ұйымдардың рәсімдері мен салт-дәстүрлері бірінші орында тұрады. Осы орайда елімізде өріс алып бара жатқан сананы арбаушы дәстүрлі емес діни ағымдардың, біраз елді әуре-сарсаңға салған «Ата жолы», «Елуіншілердің» әлегі туралы айтпай кете алмаймыз. Еліру, психопатологиялық дерттің салдарынан долдану, өздеріне ғана мәлім жұмбақ «ләззатқа» бөлену, қалшылдап-дірілдеу, жүрекпен сөйлеу - «Ата жолы», мен «Елуіншілердің» әрекетіне тән құбылыстардың бірі. Осы жүрекпен сөйлеу, қалшылдап-дірілдеудің сырын «Ата жолы» және «Елуіншілердің» өздері былай деп түсіндіреді: «Бұл - қасиетті рухтың адам тәніне енуі кезінде болатын құбылыс». Осы сәтте олар өз-өздерін және қоршаған адамдарды мүлде естен шығарады. Кейбіреулерінің көздеріне түрлі елестер елестейді. Олар дәстүрден тыс діни ағым мүшелері миына сіңірген бейнелерді көреді. Атап айтқанда, «Ата жолындағылар», әулие-бабалармен, аталар рухымен байланысқа түсеміз десе, ал «Елуіншілер» Христосты, Мария ананы, жұмақты, тозақты, тағы басқаларын көретіндерін айтады. Бұл феноменге қатысты халық арасында көптеген оқиғалар тіркелген. Мәселен, бірде шіркеу қызметкері «ләззатқа» бөлену кезінде бір сағат бойы басын еденге соққылаумен болған. Бір айта кетерлігі, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған, тіпті басының қаншалықты ауырғанын да сезбеген.
Жаны бейімделгіш жандардың сыртқы күштердің шабуылына ұшырап, оған қарсылық көрсете алмаған жандарға қатысты осы тектес мысалдарды көптеп келтіруге болады.Теріс мақсатты көздейтін діни ағымдардан құрылған топтар жалпыға ортақ құндылықтарды, тіпті мемлекеттің Ата заңын мойындамауы мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен орын алған бірқатар оқиғалар осының бір дәлелі. Мәселен, Қазақстанда кең қанат жайған «Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Сондай-ақ олар мемлекеттік әнұранымызды, мемлекеттік туымызды мойындамайды. Сол сияқты, дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып, тек дәстүрлі емес діни ұйымдарға ғана табынушылар көптеп кездеседі.
Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу оңайлықпен шешімін табатын мәселе емес. Адам осындай жағдайда бұрын тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар жандар өмірмен мезгілсіз қоштасып жатады. Елімізде тұрақтылыкты, дінаралык татулықты нығайту мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту мақсатында бірінші болып Қазақстанда 2007 жылы Ю.Денисенко Қостанай қаласында «Дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету» үкіметтік емес ұйымын ашып, бөгде ағымның ықпалына түскен жандарға тура жолға бағыттау ісінде көптеген іс-шаралар атқарып келеді.
Бүгінгі таңда, республикамыздың әр аймағында ашылған дәстүрден тыс діни ағымдардан зардап шеккен жандарды қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар саны 17-ге жетті. Осындай оңалту орталықтардың бірі «Ареал діни істер ақпараттық қорының» президенті А.Рустембекова, Көкшетау қаласындағы «Дәстүрлі емес діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету» орталығының президенті Г.Оразбаева, облыстағы жергілікті тұрғындармен, жастармен кездесулер өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді анықтау, олардың ақиқат жолдан адасуына ықпал еткен себеп-салдарын зерттеу, азаматтардың теріс діни бағытқа өту процесін тоқтату барысында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде. Зардап шеккен жандарға арнайы тәжірибелі психолог мамандар кеңес беруде. Олар қазіргі күрделі ахуалды жұртшылыққа көмек көрсету үшін барлық мешіттерде сабырлылық, рухани азық, күмәнге жауап бөлмелерін ашып, заңгерлік көмектер көрсетуді қолға алған. Осының бәрі - теріс мақсатты діни ағымдар ықпалына еріп, ой-санасы тәуелсіз күйге түсудің салдарынан болып жатқан оқиғалар. Сол себептен, азаматтардың діни сауаты кемел болса ғана оларға лайықты тойтарыс беруге болады.
Слайд 28Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың тарихы. Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде
діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан
байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.
Бұл кеңестік коммунисттік иеология толтыра алмаған рухани вакуум мен Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қызметінің әлсіздігінен еді. Жаңа діни ағымдардың адепттері әр адамға өз ілімдерін жалықпай насихаттау мен жаппай дінге тарту науқанын бастап кетті.
Ғылыми әдебеттерде, мемлекеттік органдардың қызметтерінде, көпшілік санада діндерді дәстүрлі және дәстүрден тыс деп бөлу қалыптасты.
Дәстүрлі діндерге Қазақстанда суниттік исламның ханафи мазхабы мен православие діндері жатты. Өзге этникалық топтар үшін католицизм, протестантизмнің кейбір бағыттары (например лютеранство) және иудаизм дәстүрлі дін болып саналады. Осылайша негіздеу олардың ұзақ тарихи уақыттарда таралуы, нақты дінді белгілі бір этноспен бірге қарастыру, сәйкесінше ұлттық тарих пен мәдениетпен (ислам – казақтар, өзбектер, татарлар және т.б.; православие – орыстар, украиндықтар, белорустар; католицизм – поляктар, немістер, латыштар; лютерандық – немістер; иудаизм – евреилер және т.б.) бірлікте қарастыру. Дәстүрлі дінді ұстанушылық отбасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дін ұлттық болмыс пен мәдениетті сақтаушы ретінде қаралады.
Дәстүрлі емес діндерге салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ ағымдарды жатқызылады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамда басым діндерге қарсы қояды. Көп тараған пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қайшы блып келеді. Олардың көптеп таралу құралы белсенді миссионерлік қызмет болап табылады.
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуын ғалымдар шартты түрде екі кезеңге бөледі.
Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдары. Осы кездері Қазақстан территориясына дін ұстанушылар қоныстадырылды, олардың ішінде «Иегова Куәгерлері», «Жетінші күн адвентисттері», елуіншілердің түрлі бағыттары және өзге конфессиялар өкілдері болды. Осы кезден Кеңес үкіметінің ыдырауына дейін атеисттік идеология жетекшілерінің түрлі қуғындарына қарамастан, олар өз дін сенімдерін жоғалтпады.
Екінші кезең 1980 жыдардың соңынан қазіргі кезге дейін жалғасуда. Кеңестік идеологияның орнына түрлі ағымдар келіп, олардың кейбіреулерін ұстану (мәселен, оккультизм) сәнге де айналған кездер болды. Осы тұста діни ағымдардың ең көп шоғырланған жерлері Алматы, Астана, Қарағанды секілді үлкен қалалар болды.
«Кришна санасы қоғамы», «Виссарион шіркеуі», «Трансценденталді медитация», «Бірігу шіркеуі» секілді ұйымдар өздері туралы белсенді түрде жариялай бастады. Баспа беттеріндегі жарияланымдар арқасында сатаналықтар мен неотілдік ағымдар кеңінен танымал бола бастады.
1990 ж. басында Батыста кең таралған бірақ қазақ жерінде бұрын болмаған протестанттық шіркеулердің саны күрт көбейді. Олардың белсенді миссионерлік қызметтері өз дін и сенімдерінің (ең алдымен харизматтық, пресвитериандық, методисттік, евангельдік) арттарынан ерушілер санын көбейтті. Олардың арасында танымалдары: «Грейс» («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Жаңа өмір», «Агапе», «Живая лоза» және басқалары болды.
Слайд 29Жасөспірімдер девианттық мінез-құлқы
Слайд 30Кейінгі кездері жасөспірімдер арасында қылмыс жасау оқиғалары көбейіп отыр. Мысалы,
бір ғана Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша биылғы жылдың 11
айында 3256 қылмыс тіркелді, соның 124-і жасөспірімдер қолымен жасалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір көп. (2011 жылдың 11 айында 2371 қылмыс тіркелген, оның 55-ін жасөспірімдер жасаған).
Слайд 34Әлеуметтік бақылау дегеніміз – жеке адам мен қоғамның, азамат пен
мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін құрал.
Слайд 35Әлеуметтендіру – әлеуметтік нормалар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесі болып
табылады. Ол қоғам мен айналадағы адамдардың бақылауында жүреді. Олар балаларды
тек оқытып қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен мінез-құлықтардың үлгілерін дұрыс меңгеруін қадағалап отырады және олар әлеуметтік бақылаудың агенттері болып табылады. Егер, бақылау бір адамның тарапынан жүргізілсе онда ол жекелік сипат алады. Ал егер, бақылауды тұтас ұжым жүргізсе(отбасы, достар, мекеме немесе институттар), онда ол қоғамдық сипат алады және әлеуметтік бақылау деп аталады. Ол адамдардың мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып іске асырылады.
Слайд 36Әлеуметтік бақылау қоғамдағы тәртіптің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Адамдар, егер
әлеуметтік бақылау болмаса ойларына келгенін, өздеріне ұнаған қылықтарын жасар еді.
Ондай жағдайда қақтығыстар, ұрыс-керіс, тәртіпсіздік болар еді. Әлеуметтік бақылау – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Оның болмауы тәртіпсіздікке, бейберекетсіздікке, дағдарысқа әкеліп соқтырар еді.
Сондықтан да, әлеусеттік бақылау мынадай қызмет атқарады:
Тәртіп сақтау
Тұрақтылықты қамтамасыз ету
Слайд 38Әлеуметтік нормалар дегеніміз – адамдардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын ережелер жиынтығы.
Ол адамдардың қоғамда қалай ұстау керектігін үйретеді.
Слайд 39Санкциялар – адамдардың әлеуметтік нормаларды сақтап отыруға итермелейтін мадақтаулар мен
жазалау тәсілдері. Санкциялар әлеуметтік ережелерді(нормалар) сақтаушылар болып табылады. Санкциялар адамдарды
әлеуметтік ережелерді бұзбай сақтауларын қадағалайды. Әлеуметтік ережелер екі жақты қорғалған. Бір жағынан құндылықтар арқылы, екінші жағынан санкциялар арқылы.
Әлеуметтік санкциялар әлеуметтік ережелерді орындаған адамдарды мадақтау, ал әлеуметтік ережелерді бұзған адамдарды жазалаудың жүйесі болып табылады.
Слайд 40Конформизм – индивидті бәріне ортық ережелермен сырттай келісуі. Ол іштей
келіспеуі де мүмкін, бірақ оны ешкімге айтпайды. Конформизм – әлеуметтік
бақылаудың мақсаты. Бірақ ол әлеуметтендірудің мақсаты бола алмайды, себебі әлеуметтендіру жолын ортақ ережемен іштей келісу арқылы жүру керек.
Слайд 41Санкциялардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады: позитивті және негативті, ресми
және бейресми
Слайд 42Р+
Негативті
Позитивті
Ресми
Бейресми
Р-
Б+
Б-
Санкциялардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады: позитивті және негативті, ресми
және бейресми
Слайд 43Ресми позитивтік санкцияларға (ФТ) әлеуметтік ережелерді бұлжатпай орындағандарға ресми ұйымдардың,
мекемелердің жария түрде берген құптау, мадақтаулары(үкімет, мекеме, жұмыс орны, шығармашылық
одақ); мемлекеттік марапаттаулар, төс белгілері, мемлекеттік премиялар мен стипендиялар, ғылыми атақ, дәрежелер, ескерткіш тұрғызу, мақтау қағаздарын табыстау, қызметтік дәрежесін жоғарылату және т.б.
Слайд 44Ресми негативті санкцияларға(Н-) тән әлеуметтік ережелерді, тәртіпті бұзғандарды заң жүзінде
жазалау кіреді. Оған бұйрақтар, әкімшілік нұсқаулар, айыппұл төлету, жұмыстан босату,
сөгіс беру, қызметін төмендету, қамауға алу, дүние-мүлікті конфискелеу және т.б. жатады.
Слайд 45Бейресми позитивтік санкцияларға(Н+) ресми орындары бермегенхалықтың , ұжымның құптау, мадақтаулары(достық
мадақтау, комплименттер, қолшапалақтау, атақ-даңқ, мақтау сөздер, құрмет көрсету, лидерлік қасиеттерін
мойындау, жылы ізет-ілтипат білдіру).
Бейресми негативті ресми емес органдардың немесе адамдардың жүргізген жазалау түрлері: Ескерту жасау, ауызша сөгу, кекетіп күлі, ащы қалжың, амандаспау, қол аласып амандасудан бас тарту, сыйламау, ұжымнан шеттету, сөйлеспей қою және т.б
Слайд 46Т.Парсонс әлеуметтік бақылау проблемаларына және әлеуметтік жүйенің орнықтылығы мен интегралданушылығын
қамтамасыз ету құралдары ретіндегі нормаларға ерекше назар аударған.
Слайд 481. Оқшаулау нормаларды бұзушыға (девиантқа) қатысты қолданылады және оны оңалтуды
көздемейді. Мұндай әдіспен түзелмейді делінген қылмыскерлерге қолданылады.
Слайд 492. Шеттету құқық бұзушының байланыстарын шектеумен байланысты, бірақ оны қоғамнан
толық оқшаулауды көздемейді. Бұл оған өзінің қоғам нормалары мен заңдарын
ұстануға дайындығы мен қабілетін байқаған кезде қоғамға қайтып оралуына мүмкіндік береді.
Слайд 503. Құқық бұзушыны оңалту, қалыпты өмір мен өзінің әлеуметтік рөлін
атқаруға қайта оралуына дайындау. Көптеген түзету орындарында, психиатрлық емханаларда оңалту
бағдарламалары кеңінен қолданылады, ал әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қамсыздандыру органдарында, түрлі қоғамдық ұйымдарда ынтымақтаса отырып, құқық бұзушыларды оңалтумен айналысуда.
Слайд 513.Бақылаудың ресми және бейресми түрлері.
Әлеуметтік бақылаудың 2 түрін бөліп көрсетуге
болады:
Ресми (формальный)
Бейресми (Неформальный)
Слайд 52Бейресми бақылау айналадағы адамдар, туысқандар, достар, таныстар сонымен қатар, ережелер,
салт-дәстүрлер немесе бұқаралық ақпарат құралдары. Көрінетін қоғамдық пікірлердің құпталуы мен
сынауы негізінде құрылған. Дәстүрлі қауымдық қоғам мүшелері өз мүшелерінің барлық жақтарын қадағалап отырған дау-дамайларды шешу әдістерін, жаңа туған баланың атын қою, баланы бағып күту және т.б.
Ол кезде арнайы ресми жазылған ережелер болмаған. Әлеуметтік бақылаушы рөлін қауымның үлкен (ақсақал) топтарының қоғамдық пікірі атқарады. Олар құптап немесе сынап ережелердің бұзылмауын қадағалап отырады. Сонымен қатар дін де бақылау қызметін атқарды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сақтау (мысалы: қыз ұзату, үйлену баланың туылуына байланысты шілдехана, және т.б.). Қоғам мүшелерінің әлеуметтік ережелерді құрметтеп, олардың мәнін терең түсінуге тәрбиеледі.
Слайд 53Әлеуметтік бақылаудың қызметін, сонымен қатар отбасы, туысқандар, достар, таныстар да
атқарды. Оларды ресми бақылау агенттері деп атайды. Оның ішінде отбасы
маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылау мен әлеуметтендіру процесі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, әлеуметтік бақылау агенттері де отбасы, туысқандар, мұғалімдер, баланың достары және т.б. болып табылады.
Слайд 54Ресми бақылау – билік және әкімшілік, мекеме сияқты ресми органдар
тарапынан жүргізілетін бақылаудың түрі. Ресми бақылау тарихта бейресми бақылаудан кейін,
мемлекет пен оның басқару органдарының құрылуымен байланысты пайда болған. Әрине, ерте кезде де тәртіп бұзғандарға тайпадан, рудан қуып, аластату, өлім жазасы, қызметінен босату сияқты санкциялар қолданылған. Ал жақсы әрекеттері үшін мадақтап отырған. Бірақ, қазіргі кездегі қоғамда ресми бақылаудың маңызы арта түсті. Себебі, күрделі қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты сақтап отыру қиын болып табылады.
Слайд 55Ресми бақылау қызметін арнайы ресми бақылау агенттері жүзеге асырады. Олар
осы салада арнайы білім алған, сол бақылау қызметін атқарғаны үшін
жалақы алатын. Оларға тәртіп сақшылары(полиция), дәрігер-психиатр, әлеуметтік қызметкерлер жатады.
Слайд 56Егер дәстүрлі қоғамда әлеуметтік бақылау жазылмаған ережелерге негізделсе, ол қазіргі
заманғы қоғамда ол арнайы заңдық нормалар: заңдар, қаулы, нұсқау негізінде
құрылады.
Слайд 57Ресми бақылауды – үкімет, сот, армия, өндіріс орны, мекемелер, білім
беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар жүзеге асырады.