Слайд 3Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқы-сыз
сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы
және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барса-ңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қыл-майды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.
Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
Слайд 7Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға
қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып
ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды
Слайд 8 Алғашқы жауын жауғанша
Данамен Бота тату дос болатын. Олар
мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр
жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.
Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.
-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
Слайд 9 Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар.
Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып
тұрмын деді. Сенің әрекетің.
Слайд 10 Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша
берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді
деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Слайд 11Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны
талқылап жатыр.
Ол сенен көмек күтіп отыр.
Сен не айтар
едің?
Слайд 12Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға
шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Слайд 13Мақалдарды толықтыр!
«Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады,
дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы
жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... »
«Досы ... , өзі де жақсы»
2. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды»
«Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....»
4. « Досың мың ....,
... біреу болса да көп»
5. « ... адам тамыры жоқ ... тең»
6. « ... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Слайд 141. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады»
2. «Дұшпан күлдіріп айтады,
дос жылатып айтады
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»
4. «Киімнің
жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы»
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас»
Слайд 151. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
2. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
3.
«Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
4. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның
біреу болса да-көп».
5. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
6. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Слайд 16Ойды жалғастыр!
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық
бар жерде...
Слайд 17* Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
* Досыңды алдамай,
оған адал бол.
* Досыңды қорлама.
* Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
* Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
* Досыңның кемшілігін кешіре біл.