Разделы презентаций


Дәріс 1

Мәдениет морфологиясы Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Дәріс 1.
1 Мәдениет морфологиясы
1.1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы:

мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
1.2. Теориялық ыңғайларды

шолу: Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
1.3. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері(англ. cultural pattern).

Дәріс 1. 1  Мәдениет морфологиясы1.1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.

Слайд 2Мәдениет морфологиясы
Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті,

мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты,

ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.
1. Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы (топтық тыныштық, көңіл күй) күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б. жатады. Тәндік, денелілік. Кез-келген қоғамда адамның тәндігі құндылықтар өрісінің маңызын кұрайды. Тәндік сипаттама тек қана антропологиялық зерттеулердің және өлшеулердің (дененің келбеті, бойы, физикалық белгілері және т.б.) игілігі ғана емес. Әрине бұл қасиеттер арқылы адамның нәсілдік және этникалық детерминанттарын анықтауға болады. Алайда, қоғамдық мәдени факторлар көбінесе адамдардың тәнін және тәндік мәдениетін, одан әрі адамдардың сипаттамасына байланысты мінез-құлқын, қатынастарын қалыптастырады. «Мәдени тән» өмір сүруді қамтамасыз етудің механизміне түзету жасай отырып, антропологиялық және әлеуметтік тәндерден жоғары тұрады. Ағартушылық дәуірінде ол жоғары және барлығы мойындаған жетістікті мерекеледі. Буржуазиялық дәуірде дене артықшылығының, ақыл-ойдың және рухани әсемдіктің үйлесімдігі сияқты қасиеттер жедел белең ала бастады. Өнерде еркектер мен әйелдердің ең алдымен кемеліне келген кезі жоғары бағаланды. XX ғасырда Еуропа мәдениетінде адам тәнінің ақталуы, адамның соматикалық бастауын (сома, грек тілінде — организм денесі, тірі заттың, бейне бір жыныстық клеткаларында, орналасқан, өлмейтін, өзгермейтін тұқым қуалаушылық қасиеті) жетілдіретін әр түрлі мектептер дүниеге келді.
Мәдениет морфологиясы   Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға

Слайд 3 2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық,

мамандық, от басы, сабырлылық, кәсіпқойлық, тәртіп, тәуекелге бел байлаушылық, әлеуметтік

теңдік, жыныс теңдігі, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық, ұлттық теңдік.
Байлық. Материалдық байлықты мойындамау бағыты кез-келген қоғамда кездесе бермейді, тек қана арнайы ниеттестіктен өткен және қанағат етерлік өмір кешуге қалыпты бағыт алған қоғамда кездеседі.
Бұл жағдайда, артық байлықтың жоқтығы, одан бас тартумен толықтырылған. Мұндай байлықтан бас тартатын әдет-ғұрыпты потлач деп атайды. Мысалы, кейбір тайпаларда көп жылдар бойы жинаған артық заттарды өртеп жіберу салты бар.
3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік.
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш, намыс, шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға әлеуметтік ілтипаттылық.
5. Діни құндылықгар: құдай, сенім, кұтқарылу, рахат, рәсім, мешіт.
6. Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық, патриотизм, қол жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді қатынасу, жоғары локальдық (мемлекеттің интернациональдылық) бағытталу.
7. Эстетикалық құндылықтар: әсемдік (немесе эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.
2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық, мамандық, от басы, сабырлылық, кәсіпқойлық, тәртіп, тәуекелге

Слайд 4 Білім — қоғамның рухани өмірінін негізгі элементтерінін

бірі. Білімнің көптеген түрлері қызметі жағынан өмірдегі іс-әрекеттердің белгілі типтерімен,

деңгейімен арақатыста болады. Білімнің ол түрлері мыналар: практикалық білім, рухани білім, эмпириялық білім, теориялық білім, экзотериялық білім.
Практикалық (тәжірибелік) білім адамның қарекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлік дағдысымен біте қайнасқан. Ол тәжірибеге белгілі бір түрде қызмет етеді (жер өңдеу, жас балаға қарау, малға қарау, үй салу, балаларды тәрбиелеу ауруларды емдеу, механизмдермен, ақпараттармен жұмыс істеу және т.б), былайша айтқанда, рефлексия деңгейіне жеткен, бірақ нақты қарекеттермен тығыз байланыста өмір сүреді. Кейінірек тәжірибелік қарекеттер өзінің күрделі түріне көшкенде білім ноухауға айналады, өйткені ол қарекеттің барлық салаларында жоғарғы технологияны іске қосуды қамтамасыз етуді қажет етеді.
Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық) реттейді. Оның ұлан-ғайыр әр түрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркемөнер туындылары, бейнелер, аруақты мәтіндер және т.б.
Эмпирикалық білім, табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестерді бақылау барысында арнайы ғылымдарда жазылған сезімдік және эксперименттік тәжірибе негізінде қалыптасқан білім.
Теориялық білім субъектінің ұғымдар, белгілер, формулалар арқылы объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады, тек қана тәжірибеде емес білімнің өзін де ұғынып, мағына береді. Теориялық білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны, философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.
Экзотериялық білім — мистика туралы білімді кенейтетін ерекше нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей барлығына арналған.
Білім — қоғамның рухани өмірінін негізгі элементтерінін бірі. Білімнің көптеген түрлері қызметі жағынан өмірдегі

Слайд 5Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының

көптүрлілігі.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді:

материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: – ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; – әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.
Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.

Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.   Мәдениет әлемі екі қосалқы

Слайд 6Мәдениет ұғымын теориялық жағынан зерттеген ғалымдар көп. Солардың бірі, Э.Б.

Тайлор: мәдениет пен өркениет бір, олар синанимдер деген.
О.Шенглер, Л.

Уайт, : өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кірілік шағы, руханилықтың антиподы деген.
А. Тойнби, С. Хантингтон: өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі.
К. Леви-Стросс: мәдениет –болашаққа бой сермейтін прогрес, қоғамның парасаттылық деңгейі.
Л. Гумилев, П. Сорокин: мәдениет – тағылық пен варварлықтан жоғарғы деңгей.
Мәдениет ұғымын теориялық жағынан зерттеген ғалымдар көп. Солардың бірі, Э.Б. Тайлор: мәдениет пен өркениет бір, олар синанимдер

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика