Слайд 1Дәріс №1
Тақырыбы: Пәннiң мiндетi мен мақсаты. Термодинамика. Термохимия.
“Жалпы медицина”, “Стоматология”
мамандығы бойынша
1-курс студенттеріне арналған
«Химия» пәні
Слайд 2Мақсаты: Химия және медицина,
термодинамиканың 1-ші және 2-ші заңдары туралы
түсiнiк беру. Термодинамиканың заңдары қазiргi биоэнергетиканың теориялық негiзi, тiршiлiк процестерi
кезiндегi энергияның бiрi-бiрiне айналуын түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Слайд 3Дәрiс жоспары.
Кіріспе
Термодинамиканың негізгі түсiнiктерi.
Гесс заңы, оның салдары.
Қайтымды және қайтымсыз процестер.
Қорытынды.
Кері
байланыс.
Слайд 4«…химияны толық танып білмей, медик болу мүмкін емес…».
М.В.Ломоносов
Слайд 5Дәрiс тезистерi.
Термодинамика – энергия түрлерінің өзара айналымы, жүйенің сыртқы
ортамен энергия алмасу заңдылықтары туралы ілім. “терма” - жылу, “динамика”
-қозғалыс. Химиялық термодинамика – термохимия – химиялық реакция кезіндегі жылу құбылыстарын зерттейді. Биоэнергетика – тірі ағзадағы энергия қатыныстарын оқытады.
Слайд 6Термодинамикалық жүйе, ол көптеген ұсақ бөлшектерден құралған дене не денелер
тобы, қоршаған ортамен ойша немесе көзге көрінетін шекарамен бөлінген кеністік
бөлігі. Мысалы: колбадағы су, бөлме, адам т.б.; атом жүйе емес. Жүйе бөлінеді: ашық, жабық, оқшауланған, гомогенді және гетерогенді жүйе.
Слайд 8Жүйенің күйін термодинамикалық параметрлер сипаттайды: Р- қысым (Па, кПа, атм,
мм сынап бағанасы бойынша); V- көлем (литр); Т – температура
(К); С- концен-трация (моль/л); m – масса (кг).
Жүйе күйіне оның функциялары тәуелді: U – ішкі энергия (кДж), энтальпия Н (кДж), G- Гиббс энергиясы (кДж), S – энтропия (кДж/оК*моль), А- жұмыс (кДж)
Слайд 9Ішкі энергия жүйедегі барлық бөлшектердің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы.
Ішкі энергия өлшенбейді.
Энтальпия ішкі энергиядан және жүйенің көлем өзгертуге жұмсалған
энергиясынан құралады. Ішкі энергия өлшенбейтін болғандықтан, энтальпияда өлшенбейді, тек ∆Н-ты өлшеуге болады: ∆Н = ∆U + А
Слайд 10Тұрақты қысымда және тұрақты температурада пайдалы жұмысқа айналатын энтальпия бөлігін
изобаралық – изотермиялық потенциал немесе Гиббс энергиясы деп атайды (G).
Тұрақты
көлемде және температурада пайдалы жұмысқа айналатын этальпияның бөлігін изохоралық-изотермиялық потенциал немесе Гельмгольц энергиясы деп атайды (Ғ).
Слайд 11Пайдалы жұмысқа айналмай қоршаған ортаға жылу түрінде таралатын энтальпияның бөлігін
«байланған энергия" (Т*S) деп атайды.
Энтропия – жүйедегі бөлшектердің ретсіз орналасуын
сипаттайтын шама.
Жүйеге жұмсалған энергия ішкі энергияның артуына және сыртқы күштерге қарсы жұмысқа айналады:
Q = ∆U + А немесе Q = ∆U + р∆V
Теңдеулер термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегі.
Слайд 12Термохимияда бірінші заңның анықтамасы Гесс заңы бойынша беріледі. Реакцияның жылу
эффектісі тек бастапқы заттар мен өнімдердің табиғатына және күйлеріне тәуелді,
ал реакция өтетін жолға тәуелсіз.
Заттардың агрегаттық күйі және реакцияның жылу эффектісі (сінірілген немесе бөлініп шыққан) көрсетілген химиялық теңдеу – термохимиялық теңдеу деп аталады.
Слайд 13Гесс заңының І- салдары: реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің қалыпты
түзілу энтальпиясының қосындылары мен бастапқы заттардын қалыпты түзілу энтальпиясының қосындыларының
айырылымына тең:
∆Но х.р =Σ ∆Н0өнім - Σ∆Н0баст
Слайд 142- салдары: реакцияның жылу эффектісі реакцияның бастапқы заттарының стандартты жану
энтальпиясы мен өнімдерінің стандарт жану энтарпиясының айырымына тең:
∆Но х.р.
жану =Σ ∆Но баст- Σ∆Ноөнім
Слайд 15Стандартты түзілу энтальпиясы (жылулығы) - стандартты жағдайда (Т=298К, р=1атм., көлем
1 литр, концентрация 1 моль/литр) стандарт жағдайда 1 моль күрделі
зат жай заттардан түзілгенде бөлініп шыққан немесе сіңірілген энергия мөлшері, өлшем бірлігі кДж/моль. Жай заттардың түзілу жылулары нольге тең.
Слайд 16Стандартты жану жылуы – 1 моль зат стандартты жағдайда оттегімен
толық әрекеттесіп, ең жоғарғы валентті оксидін түзіп жанғандағы химиялық реакцияның
жылу эффектісін айтады.
Өзгерістер кезінде жүйе және оны қоршаған орта алғашқы қалпына келетін болса өзгерісті қайтымды термодинамикалық процесс дейді.
Слайд 17Қайтымды процесстерде жүйе тепе-теңдік күйге ұмтылады, ол өзінің құрамын және
қасиеттерін ұзақ мерзім өзгертпеуге тырысады.
Табиғатта өз бетімен көбінесе қайтымсыз термодинамикалық
процестер жүреді. Қайтымсыз процестерде жойылмайтын өзгерістер пайда болады. Мысалы: тұнба, газ бөлінуі, ағзаның қартаюы т. б.
Слайд 18Қайтымсыз прцесстер термодинамиканың екінші заңына бағынады. Термодинамиканың екінші заңы бойынша
айналмалы процесте жылуды толығымен жұмысқа айналдыруға болмайды. ІІ –ші заңның
математикалық теңдеуі: ŋ = А/Q1
ŋ – пайдалы әсер коэффициенті;
Q1- жылу бергіш денеден алынған жылу мөлшері; А - жұмыс
Слайд 19Аудиториямен кері байланыс:
Химиялық термодинамика ненi зерттейдi?
Химиялық термодинамиканың күй функциялары.
Термодинамикалық жүйелер,
оның түрлері.
Гиббс және Гельмгольц энергиясы, байланған энергия деген не?